МАНИПУЛЯЦИЯ | Келімбетов: Әзербайжан халықаралық банкіндегі инвестицияның үштен бірі БЖЗҚ қайтты

Зейнетақы қорындағы қаржыны Әзербайжан банкіне салуға орай шешім қабылдағандардың бір-біріне кінә артуы туралы алдында жазған болатынбыз. Бүгінгі жазбада нақты көрсеткіштерге тоқталмақпыз.

«2014 жылдың қазан айында 40 миллиардтан сәл астам қаржы инвестицияланды, шамамен 45 миллиард теңге. 79 миллиард емес. Естеріңізде болса, ол кезде курс 180 болатын. Сондықтан 250 миллион доллар сатып алынды.

Яғни, терминмен сөйлейтін болсақ, өткен жылдар бойынша, біріншіден, 2014 жылғы қазан айындағы девальвациядан қорғалды, одан кейін болатын болашақ девальвациялардан да қорғалды. Әрі олар төлене бастады.

Өкінішке қарай, қазір бұл мәліметтер айтылмайды, әйтпесе, осы күнге дейін купон бойынша 50 миллион доллар қайтып та үлгерді.

Бүгінгі курс бойынша бұл 17 миллиард теңге. Яғни, 45 салдық, 17-сі қайтты. Бұл үштен бірі».

– Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы қалай қайтатыны жөніндегі сұраққа Келімбетов осылай деп жауап берді. Сұхбаттың толық нұсқасы: https://www.youtube.com/watch?v=dpdxo-OSEe0&feature=youtu.be

Үкім: Манипуляция

Келімбетов «қайтқан» қаржы туралы айтқанда дұрыс жіктеп отырған жоқ, әңгіме инвестицияланған капиталдың қайтуы жөнінде емес, төленетін үстеме ақы жөнінде. Әрі оның сомасы 17 емес, 15 миллиард теңге.

Бұл мәлімдеме ҚР Ұлттық банікінің бұрынғы төрағасының биылғы жылдың маусым айындағы сұхбатында айтылған болатын, одан кейін Factcheck.kz редакциясы Ұлттық банк пен БЖЗҚ сауал жолдаған.

Жауабы бір айдан кейін келді. Әрі Ұлттық банктің Қаржы қызметін тұтынушылардың құқығын қорғау және сыртқы коммуникация басқармасы Әзербайжан халықаралық банкіне салынған зейнетақы активінің соңғы жылдардағы көрсеткіші туралы сауалымызға жауап бермей, бір ай бұрынғы релизді жолдаған екен.

МАНИПУЛЯЦИЯ | Келімбетов: Әзербайжан халықаралық банкіндегі инвестицияның үштен бірі БЖЗҚ қайтты

БЖЗҚ, керісінше, инвестиция сомасы және олар бойынша үстеме көлемі туралы мәліметтер жолдапты.

Жоғарыда келтірілген Келімбетовтің сөзінде тексеретін мәлімет көп-ақ, біз оны бірнеше бөлікке бөліп қарастыруды жөн көрдік.

«…40 миллиардтан сәл астам қаржы инвестицияланды, шамамен 45 миллиард теңге. 79 миллиард емес. Естеріңізде болса, ол кезде курс 180 болатын. Сондықтан 250 миллион доллар сатып алынды…»

2014 жылдың қазан айында Әзербайжан банкіне салынған қаржы көлемі 45 394 456 500 теңге болған, теңгенің долларға қатысты бағамы расында да 180-181 шамасында болған, яғни доллармен 249 950 000 доллар.

«…2014 жылғы қазан айындағы девальвациядан қорғалды, одан кейін болатын болашақ девальвациялардан да қорғалды»….

Бұл арада Қайрат Нематұлы қатесін түзеге кетуді жөн көрген секілді. Өйткені, қазақстандықтардың баршасы дерлік 2014 жылдың ақпан айындағы девальвацияның Ұлттық банк төрағасы үшін нендей тосынсый болғанын жақсы біледі.

Кейінірек, 2015 жылдың шілде айында Ұлттық банк айырбас курсын бір долларға шаққанда 198 теңгеге өсірді. Алайда, сол жылдың 20 тамызында теңге 255,26 деңгейіне бірақ түсті.

БЖЗҚ ұсынған кестеге назар аударсақ, инвестиция бағасының айтарлықтай өсімі 2014 жылдың қазан айынан 2015 жылдың желтоқсан айына дейін байқалған (249,95 миллионнан 254,48 миллионға дейін). Ал 2015 жылы девальвацияның есебінен өскен теңге айырмасы (46,404 миллиардтан 86,604 миллиардқа дейін) 2016-2017 жылдары айтарлықтай төмендеген (2017 жылдың 1 қаңтарындағы көрсеткіш бойынша 75,013 миллиард теңгеге дейін және 2017 жылғы 1 маусымдағы көрсеткіш бойынша 64 748 миллиард теңгеге дейін).

МАНИПУЛЯЦИЯ | Келімбетов: Әзербайжан халықаралық банкіндегі инвестицияның үштен бірі БЖЗҚ қайтты

«…Әрі олар төлене бастады. Өкінішке қарай, қазір бұл мәліметтер айтылмайды, әйтпесе, осы күнге дейін купон бойынша 50 миллион доллар қайтып та үлгерді. Бүгінгі курс бойынша бұл 17 миллиард теңге. Яғни, 45 салдық, 17-сі қайтты. Бұл үштен бірі…»

МАНИПУЛЯЦИЯ | Келімбетов: Әзербайжан халықаралық банкіндегі инвестицияның үштен бірі БЖЗҚ қайтты

Купон ставкасы 8,25% болғанда өтемақы көлемі бұдан әлдеқайда көп болуы тиіс.

Сауалымызға берілген жауаптан көріп отырғанымыздай, 5 кезеңдегі төленген өтемақының жалпы сомасы 52 миллиард доллар, яғни 15 миллиард теңгеден сәл астам. Бұл, шынында да, салынған 45 миллиард теңгенің үштен бірі.

 

 

 

 

 

Factcheck.kz