БАҚ-та қазақстандық сарбаздардың енді араб тілін үйренуге міндеттелетіне қатысты ақпарат тарады (1, 2, 3, 4). Бұл шара Қазақстан-Қатар әскери ынтымақтастығын арттыру мақсатында қабылданған дейді ақпарат таратушы ақпарат құралдары. Factcheck.kz деректің қаншалықты шындыққа жанасатынын тексерді.
Үкім: Манипуляция
Мәлімдеме барлық қазақстандық сарбаз араб тілін үйрененді деген әсер қалыптастырады. Дегенмен, редакция журналисі қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметімен байланысып, мұндай ақпараттың қате екенін анықтады.
Қазақстан мен Қатар үкіметтері арасындағы әскери ынтымақтастықға қатысты заң жобасында араб тілін үйренуге міндеттейтіні көрсетілмеген. Араб тілін үйренуне қызығушылық немесе қажеттілік туындаған жағдайда сарбаздар тілдік курстарды өте алады.
Қосымша қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев сенат отырысында (13:54 минуттан бастап) заң жобасын талқылау барысында тіл үйрену Қатардағы әскери оқу орындарында білім алуға жіберілетін қазақстандық сарбаздарға ғана қатысты. Сонымен қатар, Қатардан Қазақстанға әскери оқу орындарында білім алуға келетін әскерилер де қазақ немесе орыс тілін үйренуі керек. Оның сөзіне сүйенсек, екі елдің бірлескен әскери жаттығулары және басқа да іс-шаралар негізінен ағылшын тілінде жүргізіледі.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.