Голландияда «Исаны өзің шегеле» ойыншығы сатылатыны рас па?

Қыркүйекте әлеуметтік желідегі орыстілді ортада “Исаны айқышқа шегелейтін” ойыншықтың фотосы тарады. Ойыншықтың қорабында крест ағашы, балға, шегелер және Исаның мүсіні бар. Хабарламаларда суреттегі ойыншық Голландиядағы балалар дүкенінде сатылатыны айтылған.

Ойыншық туралы жазбалар 19-20 қыркүйектен бастап әлі күнге дейін тарап жатыр. Мысалы, бұған қатысты постты Telegram парақшасынан (1,2), ВКонтактеден (1,2) және Facebook желісінен (1,2) көруге болады. Оны жариялаған автордың барлығы бұл туынды сенішулердің сезімін қорлайтынын және Еуропадағы моральдің дегдарацияға ұшырағанын мәлімдеген.

Жарияланған суретке Facebook қолданушысы Вивьен Лю: “Еуропалықтар, моральдық құлдырауларыңның түбіне қашан жетесіңдер?” деп жазды. Ал Вконтакте желісіндегі Антон Нечехов лақап аты бар аккаунттың авторы: «Міне, біз кімге қарсымыз!» деген. Сонымен бірге шетелдегі орыс православ шіркеуінің діни қызметкері Александр Липиннің «әлемнің есі ауысты» деп айтқан видеосы да желіде тарады.

Factcheck.kz ақпараттың рас-өтірігін анықтауды жөн көрді.

Үкім: Манипуляция

Көбі ойыншық деп ойлаған бұл зат шын мәнінде голландиялық репортер және жүргізуші Филемон Весселинктің жасаған өнер туындысы. Ол бұл жұмысын 2015 жылы Энсхедеде өткен Биеннале фестивалінде ұсынған. Көрмеден кейін жинақ балалар дүкеніне емес, Art Kitchen галереясына тек бір данасы сатылған.

Фотоны кері іздеу жүйесі көрсеткендей, орыстілді аудиторияның ойыншық крестті “Еуропа ақырының белгісі” ретінде талқылғанына бірнеше жыл болған. 2019 жылы ресейлік журналист Аббас Джума өзінің Twitter-дегі парақшасында “Әуелі балаларға арналған гендер-бейтарап ойыншықтар. Енді “Исаны айқышқа өзің шегеле” ойыншығы” деген сипаттамамен суретті жариялады. Бұл жазба желі қолданушылары арасында тарап, медиа(1,2) мен блог платформаларындағы талқылауларға себеп болды. Дәл сол уақытта жоғарыда айтқан шетелдегі орыс православ шіркеуі қызметкерімен видео да лезде тарады. Бұған қоса әлеуметтік желі қолданушылары осыған ұқсас ойыншықтың жарнамасының ролигін тапқан, алайда ол 2005 жылдан бері интернетте пайда болған әзіл-оспақ болып шықты.

Көпшілік ішінде дүрбелең тудырған өнер туындысының авторы Весселинктің айтуынша, ол өзі христиандық дәстүр бойынша тәрбиеленген, сол себепті айқышқа шегелеу бейнесі оған «бала кезінен таныс». Голландиялық азамат бір кездері кресттегі Исаның денесі христиандар үшін «діни брендке» айналғанын айтады. Алайда өзі мұны ең әуелі “қатегіздік” деп санайды. Сонымен бірге, Весселинк қорқынышты өлім жазасы болмаса, «христиандық соншалық ұлы болмас еді» деп атап өтті. Автордың бұл туындыны жасаудағы басты мақсаты қазіргі заман сенушілеріне сұрақ қою болған: “Христиан дінінің бүгінгідей, яғни қасиетті құрбаны болуы үшін өз қолымен (мейлі ол ойыншық болсын) адамды жазалауға, айқышқа шегелеуге дайын ба?”. Суретші көрменің өткен жері (Голландия, Твенте облысы) оның жұмысы үшін тамаша декорация екенін айтты, өйткені дәл осы жерде «Құштарлық» телеспектаклі түсірілді. Весселинктің пайымдауынша, бұл  христиан дінінің медиада таралуына тағы бір қадам.

Контекст: сенушілердің сезімін қорлаған өнер туындылары

Суретшілер өз шығармаларында діни мотивтерді, сюжет пен атрибуттарды жиі пайдаланады. Кейде олардың бұл әрекеті түсінбеушілікке әкеліп жатады. Мәселен, кезінде үлкен жанжалға айналған танымал суретшілердің бірнеше жұмысын талқылайық. Бұл бөлімде пайдаланылған ақпарат Arzamas веб-сайтынан алынған.

Микеланджело Буонарроти. Қорқынышты сот. Фреска Сикстин капелласы. 1537-1541 жылдар

Голландияда «Исаны өзің шегеле» ойыншығы сатылатыны рас па?
Capella Sistina / Wikimedia Commons

Фреска Рим папасы III Павел-дің бұйрығымен жасалған. Жұмыс нәтижесі Рим папасының көңілінен шыққан, алайда басқалар бұл пікірімен келіспеді. Көп жыл бойы “Қорқынышты сот” туындысы арсыздық пен азғындық бейнеленген картина саналды, ал 1550 жылдың соңында жаңа Рим папасы IV Павел фресканы “жай ғана сындыруды” ұсынды. Алайда суретші Микеланджелоның қуанышына орай, IV Пий таққа келіп, туындыны толық жою идеясын қолдамай, кескінді түзетуге шешім қабылдады. Картинадағы нәзік фрагменттерді өзгертумен Микеланджелоның студенті Даниеле Риччарелли айналысты. Ол өз ісін мінсіз орындап шықты, десе де бәрібір XVIII-XIX ғасырларда туындыны өзгерту, жаңарту жалғаса берді. Тек 1994 жылы реставраторлар туындыны алғашқы нұсқасына алып келіп, шіркеу цензурасының тарихи дәлелі ретінде XVI ғасырдағы ішінара түзетулерді ғана қалдырды.

Караваджо. Мәриямның болжамы. 1604-1606 жылдар

Голландияда «Исаны өзің шегеле» ойыншығы сатылатыны рас па?
Musée du Louvre / Wikimedia Commons

Караваджо өмір бойы “шығармашылығымен сенушілердің сезімін қорлады” деп айыпталып келді. Сондай картинасының бірі — “Мәриямның болжамы“. Караваджоға “Мәриямның болжамы” туындысын салуға Санта-Мария делла Скала шіркеуі тапсырыс берген, бірақ жұмыс нәтижесін көрген дін қызметкерлері ашуланып, оны қабылдамай қойған. Олар суреттегі Мәриямның жасылдау беті, ісінген денесі және көйлегінің астынан көрінген жалаң аяғы тым табиғи әрі адамға тән етіп салынған деп танып, наразы болған. Бірнеше жылдан соң картинаны Мантуа Герцогы Караваджо жұмысының эмоционал қарқынына таң қалған Рубенстің кеңесімен алады.

Василий Перов. Пасхадағы ауыл шеруі. 1861 жыл

Голландияда «Исаны өзің шегеле» ойыншығы сатылатыны рас па?
Мемлекеттік Третьяков галереясы / Wikimedia Commons

Картина алғаш рет 1862 жылы Петербургте өткен көрмеде көрсетілді, алайда көпшілік арасында оған қатысты бірден үлкен дау туды. Көрерменнің кейбірі Перовтың батылдығына сүйсінсе, енді біреулер автордың оларды қорланғанын мәлімдеді. Сыншының көбі суретшіні өмірдің ұсқынсыз жақтарын карикатуралау арқылы өнерді өлтіріп, оны тек «айыптау брошюрасы» деңгейіне жеткізгенін айтып, айыптады. Қасиетті Синод өкілдері де Перовты шіркеуді әдейі қаралағанын баса айтты. Тіпті Синодтың бас прокуроры Көркемсурет академиясына картинаны көрмеден алып тастауды және оны көпшілік алдында көрсетуге тыйым салуды бұйырды, бірақ бұл уақытқа дейін Павел Третьяков картинаға ие болып үлгерді.

Журналист, сценарист. Изучала политическую журналистику.

Factcheck.kz