Жақында әлеуметтік желілерде ресейлік Sputnik-V вакцинасын салдырған адамдар Еуропа мемлекеттеріне саяхаттап бара алмайды деген ақпарат шықты. Оның себебі – Sputnik-V вакцинасы Еуроодақтың рұқсат етілген вакциналары қатарына кірмегендігі. Ақпарат қаншалықты рас? Factcheck.kz сайты тексеріп көрді.

Sputnik-V вакцинасы Еуроодақ тарапынан рұқсат алмаған
Үкім: Манипуляция
Еуроодақ тарапынан рұқсат етілген вакциналар тізімінде Sputnik-V расымен де кірмеген. European Medicines Agency әзірге тек 4 вакцинаға рұқсат берген. Ал Sputnik-V қазіргі уақытта тексеріліп жатыр.
Еуроодақ рұқсат берген вакциналар:
- BioNTech-Pfizer (Германия-АҚШ);
- Moderna (АҚШ-Испания);
- AstraZaneca (Швеция-Ұлыбритания)
- Johnson & Johnson (АҚШ-Белгия)
Сонымен қатар, Еурокомиссия мүшелері 2021 жылдың 17 наурызында Одаққа мүше елдер арасындағы жүріс-тұрысқа қатысты заңнамалық ұсыныс қабылдады. Ұсыныста Digital Green Certificate (цифрлы жасыл сертификат) жүйесін енгізді. Жүйе 3 түрлі сертификатты қамтиды – Covid-19 қарсы вакцина салдырғанын растайтын сертификат, тест сертификаттары (NAAT/RT-PCR тесті немесе жедел антиген тесті) және Covid-19-дан жазылып шыққанын дәлелдейтін сертификат.
Комиссия мүшелерінің айтуынша, Digital Green Certificate жүйесі уақытша шара. ДДСҰ Covid-19-ға байланысты халықаралық төтенше жағдайдың аяқталғанын жариялағаннан кейін Digital Green Certificate жүйесі тоқтатылады.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.