Астана Гиннестің рекордтар кітабына енді ме?

Әлеуметтік желі мен медиада (1, 2, 3, 4, 5) Астана атауының қайта өзгеруіне байланысты Гиннестің рекордтар кітабына “әлемдегі атауы ең көп өзгерген астана” ретінде тіркелгені туралы ақпарат тарады. Халық бұл хабарды әртүрлі қабылдады.

Осыған орай Factcheck.kz сайты деректің қаншалықты рас екенін тексерді.

Астана қаласы атауының өзгеруіне байланысты Гиннестің рекордтар кітабына қайта енді.

Әлеуметтік желідегі ақпарат

Үкім: Манипулция

Астана қаласы расымен де Гиннестің рекордтар кітабына “атауы ең көп өзгерген астана” ретінде енген. Дегенмен бұл біраз уақыт бұрын болған. Сондықтан дәл қазіргі Астана атауының қайта өзгеруі туралы ақпаратқа (Нұр-Сұлтанның Астанаға өзгеруіне) ешқандай қатысы жоқ.

Түсіндіріп көрейік

Көптеген медиа The Economist сайтына сілтеген. Ал The Economist материалында онсыз да Гиннестер кітабында болған Астана қаласының атауы қайта өзгергені туралы жазған. Біз тексерген медиаларда Нұр-Сұлтан атауының Астанаға өзгеруін Гиннестер кітабына енген жаңалық ретінде көрсеткен.

Гиннестің рекордтар кітабында Астана қаласы XX ғасырдағы “атауы ең көп өзгерген астана” ретінде тіркелген. Яғни XXI ғасырдағы мәлімет туралы не Нұр-Сұлтан (2019-2022) атауына байланысты ешқандай ақпарат жоқ. Сонымен қатар, XX ғасырға дейінгі атауы көп өзгерген астаналар туралы да ақпарат табылмады.

Гиннестің рекордтар кітабында Астана атауына дейін Ақмола (1991-1997), оның алдында Целиноград (1961-1991) және Акмолинск (1961-ге дейін) болғаны жазылған.

Астана атауы неше рет өзгерді?

  • Ежелгі Бозоқ қаласының орны — VIII-XVII ғасыр;
  • Акмолинск — 1862-1961 жылдары;
  • Целиноград — 1961-1992 жылдары;
  • Ақмола — 1992-1998 жылдары;
  • Астана — 1998-2019 жылдары;
  • Нұр-Сұлтан — 2019-2022 жылдары;
  • Астана — 2022 жылдан бері.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz