Неге жаһандық медиа-дағдарысты аяқтау керек?

Бүгінгі күнде қай жерде болмасын бұқаралық ақпарат құралдары дағдарыста. Өкінішке қарай, сенімді еркін баспасөз жақсы жұмыс істейтін демократия үшін маңызды болса да, әлемнің демократиялық үкіметтері оны қорғау үшін тым аз тырысуда.

Бүкіл әлемде бұқаралық ақпарат құралдары өздерінің бизнес-модельдерін сандық ғасырға бейімдеуге тырысуда, және атап айтқанда жергілікті газеттер, жарнамадан түсетін табыстың жоғалуына байланысты жаппай құлдырауда. Сенімді жергілікті басылымдарсыз, оқырмандар жалған болжамдар мен сенсациялық сілтемелерге неғұрлым сезімтал болады. Жоғары сапалы журналистика азайғандықтан, бүкіл әлемдегі саяси көшбасшылар “жалған жаңалықтар” сияқты орынсыз таралымдарды жоққа шығара алады, ал фактілердің жалпы жиынтығының болмауы демократия мен заңның үстемдігіне деген сенімге нұқсан келтіреді.

Сонымен қатар, Сириядан Словакияға дейін журналистерді қудалау, кепілде ұстау, заңсыз тұтқындау жалғасуда тіпті өз жұмысын атқарғандары үшін өлтірілуде. Венгрияда, Ресей мен Түркияда жетілдірілген үлгіні басшылыққа ала отырып, қазіргі уақытта БАҚ-ты иеленудің басым моделі  “БАҚ-ты басып алу” болып табылады, яғни саяси көшбасшылар мен олардың бай достары өздерінің авторлық ойлары мен іскерлік мүдделерін ілгерілету үшін бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланады. Үкіметке пен бизнесті есепке тартып отыратын сенімді Медиа-холдингтің  болмауынан  сыбайлас жемқорлық өсіп келеді. (Facebook және Twitter-ді пайдаланатын азаматтық құқық күзетшілері осы әлсіздіктің орнын толтырады деген үміт үзілді-кесілді бұзылды.)

Әлемдік демократиялар тарапынан осы дағдарысқа әлсіз реакция шешімдердің жоқтығынан гөрі саяси ерік-жігердің жоқтығын көрсетеді. Шын мәнінде, өзінің ауқымы мен күрделілігіне қарамастан, бұқаралық ақпарат құралдарындағы дағдарыс еш жерде шешімін таппаған деп айта алмаймыз. Және ол бүкіл әлемде демократияға деген  өсіп келе жатқан қатерлерді күшейтіп отырғандықтан, ол шұғыл назар аударуға және іс-қимылдар қабылдауға лайық маңызды стратегиялық проблема болып табылады.

Бұл проблеманы шешудің қуатты тетіктерінің бірі сыртқы саясат және қауіпсіздік саясаты болып табылады. Демократиялық үкіметтер БАҚ еркіндігіне қол сұғушылықты мойындап, және кінәлілерге дипломатиялық оқшаулау, виза беруден бас тарту және сөз бостандығын қолдайтын халықаралық заңдарға сай  тікелей  санкциялар салу сияқты шараларды пайдалануға тиіс.

Мұндай іс-әрекеттер үшін жауапты әрекет әзірленіп жатқан болуы мүмкін. Өткен жылдың шілде айында Канада мен Біріккен Корольдік бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығы туралы бастамасын жарыққа шығарды, ол бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығына қауіп төнген жағдайларда бірлескен шаралар қабылдау туралы міндеттемеге қол қоюға және бұл істі бүкіл әлемде қорғауға шақырады. Келесі айда Франция  Биаррицтегі G7 кездесуінің күн тәртібіне осы мәселені енгізді. Бұл шынайы прогресті болжайды деп үміттенеміз.

Бұл проблеманы шешудің екінші тетігі даму мақсатындағы ресми көмек (ДРК) болып табылады. 2018 жылы әлемнің ең бай елдері ДРК-ға жұмсаған 150 миллиард долларының 0,5% – ы БАҚ бостандығы мәселесін шешуге жұмсалды. Бұл үлес айтарлықтай ұлғайтылуы мүмкін – айталық, бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау жөніндегі ұйымдар тобы ұсынған сияқты, – басқа салалардағы шығындарды айтарлықтай қысқартусыз 1% – ға дейін.

Іс жүзінде, бұқаралық ақпарат құралдарына көмек көрсету үшін ДРК тарту даму саласындағы басқа да мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етуі мүмкін. Пайдакүнемдік мүдделермен жауланған бұқаралық ақпарат құралдарының индустриясы экономикалық реформаларды тежеп, саяси ымыраларды жоққа шығарып және әлеуметтік тұтастыққа нұқсан келтіреді – осының барлығы тұрақты, инклюзивті даму үшін өте маңызды. Демократиялық басқару жүйесін құру немесе қолдау үшін күресетін елдер үшін сенімді еркін баспасөз ауадай қажет.

Қазіргі таңда Судан Омар әл-Баширдің 30 жылдық диктатурасынан кейін демократияны құруға тырысып, осы проблемаларға тап болып отыр. Мұндай қауіпті саяси қайта құрулар кезінде жаңадан босатылған медиа-ұйымдар терең және қауіпті араздықты нығайта отырып, белгілі бір партияларға немесе фракцияларға жиі қосылады. Этникалық, мәдени және діни кемсітушілік қатыгез азаматтық соғыстарға жетелейтін елдерде тәуекелдерді бағаламауға болмайды.

Алайда, осы күнге дейін халықаралық қоғамдастық Суданға бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту мен реформалар жүргізуде көмек көрсету үшін тым аз жасады. Суданның премьер-министрі Абдалла Хамдок қыркүйек айында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында шағымданғандай, донорлар “өз басымдықтарын қайта қарап” және оның елі сияқты елдердегі бұқаралық ақпарат құралдарының реформаларын қолдауға тиіс. Бұл күш-жігер – тәуелсіз сот жүйесін құрумен, экономикалық құлдырау мен Башир режимінің қылмыстарына қарсы күреспен қатар – өзгерістердің табысты өтуі үшін шешуші мәнге ие, деді ол.

Журналистерді өлтіруге келер болсақ? – Жаңа Судан бұған жол бермейді, – деп мәлімдеді Хамдок.

Донорлардың Жаңа басымдықтарының арасында, Суданда және басқа елдерде басқарудағы әлсіз жерлерді – бұқаралық ақпарат құралдарын осал ететін экономикалық, саяси және институционалдық жерлерді жоюға көмек болуы тиіс. Бұл үкіметтерге бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарды реформалауға немесе нығайтуға, беделді институттарды құруға және бұқаралық ақпарат құралдарын демократиялық басқаруды саяси қолдауды қамтамасыз етуге көмек көрсетуді білдіреді. Бұған Дүниежүзілік банк және Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы сияқты даму институттары көмектесе алады.

Бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту жөніндегі кәсіби ұйымдар белгілі бір рөл атқаруы тиіс – мысалы, жергілікті бөлімшелерге жаңалықтар бөлімдерін басқаруды нығайтуда және жоғары журналистік стандарттарды қамтамасыз етуде көмек көрсету. Бақытымызға орай, ұлттық және халықаралық деңгейде жұмыс істейтін көптеген құзыретті ұйымдар өз үлесін қосуға дайын.

Донор-үкіметтер осы ат салысуларға, оның ішінде көмек алушыларды бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту жөніндегі жұмысқа араласпауға итермелеу үшін өзінің әсерін пайдалана отырып, жол ашуы керек. Қосымша инвестициялардың көмегімен олар Нидерландтағы Еуропалық Журналистика Орталығы немесе Неміс Мәдениетінің Академиясы сияқты бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту жөніндегі ұйымдардың күн тәртібін даму саласындағы неғұрлым кең жұмыстармен толықтыруын қамтамасыз ете алады.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемдік демократия келесі онжылдықтар ішінде жаһандық бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдайтын институционалдық негіз құру үшін бірікті. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қазіргі дағдарысты еңсеру үшін үкіметтер, бұқаралық ақпарат құралдары ұйымдары және азаматтар бірлесіп демократия мен адамзат прогресінің маңызды құрылыс блогын нығайту үшін жұмыс істейтін осындай күш-жігер жұмсау қажет.

Неге жаһандық медиа-дағдарысты аяқтау керек?

Марк М. Нельсон-БАҚ Халықаралық Көмек Орталығының аға директоры.

Авторлық құқық: Project Syndicate, 2019.
www.project-syndicate.org

Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы

Factcheck.kz