Жалған | Исландия діндерді жаппай қырып-жоятын қару деп таныды

Наурыздың 12-сі «Яндекс Дзен» платформасында «Исландия діндерді жаппай қырып жоятын қару деп танитын декларация қабылдады. Follow Laughing in Disbelief!» деген ақпарат жарияланды. Мақалада исландиялық Эндрю Канард есімді заң шығарушының «парламент дін адамдардың ақыл-ойын бұзатынын және қауіпті екенін білгенін қалаймыз» деген сөздері ұсылынған. Сонымен қатар мақала дереккөзге сілтеме береді.

Исландия

Үкім: Фейк (сатиралық)

Бұл блогер Эндрю Холлдың “Laughing in disbelief” блогында жарияланған жазбасы болып шықты.

“Панорама АА” сынды сатиралық басылымдармен ағылшын тілді аудитория жақсы таныс. Мұндай басылымдардың ізашары 1988 жылы жарыққа шыққан америкалық The Onion басылымы. Ал исландияның бастамасы жайлы «жаңалық» рухани ізденісте жүрген адамдарды біріктіретін Patheos.com блог-платформасында пайда болды. Laughing in disbelief блогы дәл осы платформада жарияланады.

Исландия
жалған ақпараттың дереккөзі
Исландия
жалған ақпараттың дереккөзі

 

Мына жерде блогер «Бұл сатира ма?» деген сұраққа жауап берді. Блогер оқырмандарына бұл неліктен сатиралық  пост екенін түсіндірді. Мысалы:

Сіздер оқып отырған оқиға сатира болатын. Бұл жазбада өмірде болған оқиғаларға сілтеме болуы мүмкін, дегенмен Laughing in disbelief жазбасы толығымен фейк…

Жазбада аты аталған адамдар Конфедерация мен ұлтшылдардың құрметіне аталған шығар?

Мақала ақылға қонымды деректермен басталғанымен, соңына қарай сандыраққа айналады.

Дегенмен, біз Алтингтің (Исландия парламентінің)  сайтында осыған ұқсас ақпарат іздедік және ештене таппадық.  Исландиялық заң шығарушыларды көбіне мемлекетаралық келісімдерге, майшабақтың қорын қорғау, балық шаруашылығы және саудаға қатысты сұрақтар мазалайтыны байқалды.

Контекст

Атақты британ ғалымы, этолог, эволюциялық биология ғылымын таратушы, «мем» түсінігінің авторы Ричард Докинз пен Исландия парламентінің діннің мындай анықтамасы кей жерде бір бірімен үндесіп жатады.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz