Президенттікке үміткер: Дания Еспаева

Көптеген азаматтар ҚР президенттігіне үміткерлер туралы аз ақпарат
біледі немесе мүлдем білмейді. Осыны ескере отырып біз үміткерлерге
профайлинг жасауды жөн көрдік. «Ақ жол» партиясының үміткерінен
бастаймыз.

Қысқа да нұсқа…

Дания Еспаева (1961 жылы дүниеге келген), «Ақ жол» партиясының атынан президенттікке үміткер. Ақтобе облысында туған, 34 жыл банк саласында қызмет еткен, 2 рет облыстық мәслихат депутаты болып сайланған, қазір мәжіліс депутаты. Екі ұлы, екі немересі бар.

Мәжілістегі мансабы

Заңнамалық қызметтерінен: «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заң жобасының жұмыс тобын басқарған; үкімет сағатында құтқарушылардың жалақысын көтеру және оларға жағдай жасау туралы сөз сөйлеген. 2016 жылдан Дания Еспаева мәжіліс депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі: үш жыл ішінде өзі және басқа да депутаттармен бірігіп 34 депутаттық сауал жасаған. Саясаткер Марат Шибұтов Дания Еспаеваның мына сауалдарын ерекше атап өтті:

– 2016 жылдың 11 мамырында Панам жанжалы кезінде онда қазақстандықтардың бар екені анықталғанда
– 2016 жылдың 7 қыркүйегінде «педиатрия» мамандығын қайта енгізу туралы
– 2017 жылдың 25 қазанында медициналық мекемелерді жекешелендіру туралы сауал
– 2019 жылдың 29 наурызында картамен төленетін тауарларға комиссия мөлшерін азайту туралы

Бұрынғы қызметі жайлы…

Банк саласының қызметкері: 1982 жылдан 2016 жылға дейінгі еңбек өтілі – 34 жыл. 1988 жылдан 2014 жылға дейін Простройбанк, Тұран және БТА банктерінде жұмыс істеді. 2014 жылдың қараша айынан «Казкоммерцбанк» АҚ Ақтөбе филиалының директоры. Дания Еспаева «БТА банк» және «Казкоммерцбанк»-те қызмет еткен жылдары болған оқиғалар:

1998-2005 жж. – «БТА Банк» АҚ-ның корпоративті бизнес бойынша директордың орынбасары

    • 1998 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жарлығымен «Банк Тұран Әлем» ААҚ халықаралық стандарттарына жеткен банктердңң алғашқы тобына қосылды;
    • 2004 жылдың 19 желтоқсанында «Банк Тұран Әлем» басқарма басшысы Ержан Тәтішев аңға шығу кезінде қайтыс болды;
    • 2005 ж. – Мұхтар Әблязов «Банк Тұран Әлем» ААҚ директорлар кеңесінің төрағасы болды.

2006 жылдан 2014 жылдың қарашасына дейін – «БТА Банк» АҚ Ақтөбе филиалының директоры:

    • 2008 ж. – банк ребрендингі;
    • 2009 жылдың ақпан айынан саяси оқиғаларға байланысты банк мемлекет меншігіне айналды;
    • 2009 ж. – банктің техникалық дефолты, өз берешектеріне қатысты барлық төлемдерді тоқтату туралы мәлімдеме;
    • 2009 ж. – «Самұрұқ-Қазына» мемлекеттік қоры БТА-ның 75,1% акцияларын сатып алады, нәтижесінде банк қосымша капитал ретінде 251 миллиард теңгеге ие болды;
    • 2010 және 2012 жж. – реструктаризация;
    • 2013 жылы – «Самұ
    • рұқ-Қазына», Казкоммерцбанк және Кеңес Рақышев өзара түсіністік туралы меморандумға қол қояды: Казкоммерцбанк БТА-ның 46,5% акциясын, ал Кеңес Рақышев соған ұқсас бөлігін сатып алады. «Самұрұқ-Қазына» қалған 4,26% акцияны басқару сенімін Казкоммерцбанкке береді.

2014 жылдың қарашасынан – «Казкоммерцбанк» АҚ Ақтөбе филиалының директоры:

    • 2016 ж. – Банк ребрендинг жасап, логотипін өзгертті;
    • 2016 ж. – Fithc Ratings мәліметінше депозиттердің кетісінің әсерінен банк өтемпаздығы төмендеп кетті;
    • 2017 ж. 5 шілде – 96,81 % акцияны Халық банк сатып алғаны туралы мәлімдеме. Халық банк Кеңес Рақышевтан «Казкоммерцбанктің» 86,09% акциясын, ал «Самұрұқ-Қазына» қорынан 10,72 %-ын сатып алады;
    • 2017 ж. – банк Халық банкке сатылды.

Үміткердің ұраны

«Біздің көшбасшымыз Азат Перуашев мені үміткер ретінде ұсынған кезде, кейбір ер азаматтар қазақтарда әйел адам ешқашан алда болмаған және ол өз орнын білуі керек деген болатын. Бұл сөз менің намысыма тиді. Жемқорлыққа қатысы жоқ әйел неге президент бола алмайды? Жемқорлыққа қатысты кімдерді көбірек қамап тастайды? Еркектерді! Тәртіп қайда? Әйелдер болған жерде!»

Дания Еспаева кәсіпкер әйелдердің құқықтарын қорғап, мемлекеттік қызметкерлер арасындағы жемқорлықты жоямын деп уәде етуде. Еспаеваның екі баласы және екі немересі бар. Басқа ақпарат тестте.

Сайлауалды бағдарламасы

Үміткердің бағдарламасы 916 сөз, 6 315 белгіден тұрады. Салыстыру үшін, ең ауқымды бвғдарлама – Қасым Жомарт Тоқаевтыкі, онда 3 480 сөз, 26 355 белгі бар. Үміткердің бағдарламасы үш блоктан тұрады:

  • Тұрақты дамудың негізі – бәсекелестік және жаппай кәсіпкерлік
  • Ұлттық тәуелсіздік
  • Жемқорлықпен оффшорлыққа күресу

Бағдарламадағы кейбір талаптар атқарушы билік пен әкімшілікке арналған. «Тұрақты дамудың негізі – бәсекелестік және жаппай кәсіпкерлік» блогында:

  • Егер министр немесе Ұлттық банк басшысы девальвация болмайды деп мәлімдегенімен, ондай жағдай орын алса – шенеунік қызметтен кетуі тиіс.
  • Ұлттық банк және екінші дәрежелі банктер несиелер бойынша мөлшерлемелерді төмендетуі тиіс;
  • Шағын және орта бизнесті құлдырауына және халықтың кедейленуіне әкелетін тұрақты девальвация тәжірибесін тоқтату;

«Ұлттық қауіпсіздік» блогы:

  • «Ақ жол» партиясы Республикамыздағы географилық нысандардың, көшелер мен елді-мекендердің атауларындағы тарихи әділдікті қалпына келтіру, де-советизация және де-коммунизация бойынша жұмысын жалғастырады.

«Жемқорлықпен оффшорлыққа күресу» блогы

  • Әшкереленген жемқорлар үшін жүріп-тұруын, шетелге шығу және меншігін басқару құқығының заңнамалық шектелуін;
  • Барлық ашық сот отырыстарының интернет арқылы трансляциялануын;
  • Сыбайлас жемқорлықпен күресудің басты бағыты, сондай-ақ оффшорлық аймақтар мен шетелдік банктерден миллиардтық қаражаттарды Қазақстанға қайтару болмақ, бұл қаражат қара ниетті жемқорлар мен алаяқтардың халықтан ұрлаған ақшасы.

Профайл

Еспаева Дания Мадиевна, 58 жаста, туған күні – 05.03.1961
Алғаш тіркелген жері: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы
Сайлау учаскесі: Ақтөбе қаласы
Сайлау учаскесінің нөмірі: №65
Сайлау учаскесінің мекен-жайы: Гришина көшесі, 5
Сайлау учаскесінің ғимараты: Ақтөбе байланыс және электротехника колледжі

Құқықбұзушылық
– Айыппұл: Жоқ
Салық:
– Берешек: Жоқ
Борышкерлер тізімі:
– Берешек: Жоқ
Жеке кәсіпкер
– ЖК: Жоқ (Жабылған уақыты 03.05.2016 ж.)

Бірінші басшы
– Дәрежесі: Жоқ

Мемлекеттік сатып алу
– Мемлекеттік сатып алуға қатысуы: Жоқ
– Жосықсыз сатып алуға қатысушы: Жоқ
Самұрұқ-Қазына
– Дұрыс өнім беруші: Мәлімет жоқ
– Холдинг тауар өндірушісі: Мәлімет жоқ

Іздестіру
– Экономикалық қылмысқа қатысы: Жоқ
– Терроризмді қаржыландыруға қатысы: Жоқ
– Алимент бойынша: Жоқ
– Қылмыс бойынша: Жоқ
– Хабар-ошарсыз жоғалып кеткен тұлға: Жоқ
– Атқарушы құжаттар бойынша: Жоқ

Сот актлері
– Әкімшілік істер: Жоқ
– Қылмыстық істер: Жоқ
– Азаматтық істер: Жоқ

Әлеуметтік желілер
– Facebook-тегі фан парақша

Туыстары
Күйеуі (болуы мүмкін) – Баймағанбетов Бағлан Әуелбекұлы, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақтөбе облыстық филиаланың экс-директоры. Одноклассники желісіндегі Бағлан Әуелбековтың парақшасында 08.08.2016 күні салынған суреттерде Дания Еспаеваға ұқсайтын әйел бейнеленген.

Жеке тұлғаның заңды тұлғаларға қатысуы

Жеке тұлға ретінде Дания Еспаева «Ғибрат-Т» Қоғамдық қорына қатысады, заңды мекен-жайы Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, ағайынды Жұбановтар көшесі, 263, 4-пәтер. Қор 2011 жылдың қараша айында тіркелген, салығы жоқ. «Ғибрат-Т» қорының басшысы Кенжебаев Кенжеғали Кенжебайұлы 7 ұйымның бірінші басшысы. Қор мемлекеттік сатып алуларға қатыспайды.

Ал енді кандидатты қаншалықты танитыныңызды бірге тексерейік

* Барлық мәліметтер ашық дереккөздерден алынды.

Чингиз Уалихан
Журналист Factcheck.kz