ОАР үкіметі жалған қауіп жайлы ескертеді

Үкімет Оңтүстік Африкалықтарды ксенофобия мен шетелдіктерге шабуылдау жайлы БАҚ таратып жатқан ақпаратқа сенбеуге шақырады. ОАР Ақпарат және коммуникациялар  жүйесінің (GCIS) директорының міндетін атқарушы Фумла Уильямс әлеуметтік желідегі ксенофобияға қатысты видео, фото немесе жаңалықтар мемлекеттің имиджіне нұқсан келтіруге бағытталғанын айтты. Бұл жайлы Regnum агенттігі «Maroela Media» ақпараттық порталына сілтеме жасап хабарлады.

Уильямс мәлімдемесін Дурбан теңіз порты мен Лимпопода шетелдіктерге жасалған шабуылдардан соң жасады.

Сәуірдің 1-і ОАР президенті Сирил Рамафоса шетелдік азаматтарға жасалған зорлыққа қарсы шықты. Сондай-ақ құқық қорғау органдарын ксенофобты қылмыс жасайтындарға қарсы науқан жүргізуге шақырды.

Өткен аптада оңтүстік Африка БАҚ өкілдері “жергілікті тұрғындар шетелдіктердің үйлеріне шабуыл жасап,  оларды полиция бөлімшелерінде немесе мешітте бас сауғалауға мәжбүрледі” деген ақпарат таратты.

Осыған орай әлеуметтік желіде жалған ақпарат көбейіп кетті.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz