Министрометр: Елжан Біртанов уәдесінде тұрды ма?

Елжан Біртановтың Денсаулық сақтау министрі қызметіне келгеніне бір жылдан енді ғана асты. Осы уақыт ішінде Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде жылдар бойы қатып қалған сең қозғалды: “СК-Фармация” төңірегіндегі жемқорлық дауы, МӘМС қолға алынды, нарықтағы дәрі-дәрімек бағасымен және тағы да басқа мәселелерді шешуге тырысты. Аз уақыт болса да ведмоства басшысы уәдені қарша боратқан екен. Ендеше, министрдің уәделерін бірге тексерейік!

Қолданылған материалдарға сәлтеме:

  1. Президентке «СК-Фармация» басшылығын қуып шығамын деді. Бұл жөнінде мына және мына сілтемеден қараңыз.
  2. Дәрі-дәрімек бағасын реттеймін деді. Толығырақ мына сілтемеден қараңыз.
  3. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтау жүйесін енгіземін деді. Толығырақ…
  4. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2017 жылдың күзінде медицина саласындағы, сонымен қатар, стомотология бағытындағы да бағаларды реттейтін заң жобасын жасап шығарамыз деп уәде берді.
  5. Қазақстандықтардың (оның ішінде балалардың да) шетелде емделу үшін берген өтініштерін қарау уақытын қысқартуға уәде берді.
  6. Медициналық қызметке ақы төлеу комитетін жойып, оның құзіреттілігін федералдық көші-қон қызметіне тапсырамын деп уәде етті.
  7. Министрліктің сайтына дәрі-дәрмектің құрамы мен дәріханадағы бағасы туралы ақпарат салынады деп уәде берді. Толығырақ мына жерден қараңыз.
  8. «100 мәселе – 100 шешім – 100 күн» жобасын іске асыруға уәде берді.
  9. «Азаматтарға арналған үкімет» электрондық жүйесі арқылы әр адам өзіне қажет өтінішті жазып, қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа қатысты шешімін көрестіп кете алатын ерекше тәртіп енгіземін деп уәде берді. Нәтижесін мына жерден қарасаңыз болады.
  10. Диагностика мен онкологиялық ауруларды емдеуге жасанды интеллекті пайдаланатын IBM компаниясымен бірлескен жоба іске асады деп уәде берді. Жауабы мына жерден қараңыз.

 

Айгерим Мекишева
Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)