“InternetCA-2018 Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы” ІХ ортаазиялық интернет форумы өтеді

Алматыда 2018 жылдың 17-18 мамыры күндері “InternetCA-2018 Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы” ІХ ортаазиялық форумы өтеді.

Форум Астанадағы ЕҚЫҰ Офисі мен Конрад Аденауэр атындағы қордың қолдауымен өтеді.

Форумның тақырыбы: “БАҚ, мемлекет, қоғам: цифрлық қауіпсіздік пен медиа сауаттылық”

Форумда талқыланатын негізгі тақырыптар:

  • Ақпараттық кеңістіктің дамуындағы мемлекет пен қоғамның, БАҚ-тың рөлі
  • Шындықты қалыптастырудағы интернеттің әсері
  • Цифрлық қауіпсіздік, дербес деректерді сақтау
  • Орталық Азиядағы сөз бостандығы, БАҚ мүмкіндіктері
  • Аудиторияның медиа сауаттылығы фейк жаңалықтарға, насихатқа қарсы ең тиімді құрал ретінде.
  • Ксенофобия, өшпенділік тілі
  • Медиакеңістікті реттеудегі мемлекеттің рөлі

Осымен тоғызыншы рет өткізілетін форумға Германия, Чехия, Ресей, Украина, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстаннан келген мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың,  ҮЕҰ-дың, дипломаттар, журналистер, сарапшылар, академиялық және бизнес орта өкілдері аймақ ақпараттық кеңістігіндегі БАҚ-тың, қоғамның және мемлекттің рөлдерін талқылай отырып, тың бастамалар мен идеяларды, нақты мысалдар мен құралдарды талқылайтын болады.

Өтетін күні: 17-18 мамыр 2018 жыл
Тіркеу уақыты: 9:30
Шараның басталуы: 10:00
Өтетін орны: Ramada Almaty отелі  (Байтұрсынов көшесі, 27), Алматы, Қазақстан

Егер сіз форумға қонақ ретінде қатысқыңыз келсе,2018 жылдың 15 мамырға дейін тіркелуіңізді сұраймыз: https://goo.gl/forms/zlEMhtazAR0Fswpm1

Қатысушылардың саны шектеулі.

Ұйымдастырушылар сіздің тіркелгеніңіз туралы ақпаратты 2018 жылдың 15 мамырына дейін электронды почтаңызға жібереді.

Толығырақ ақпарат алу үшін:
Алёна Кошкина, Думан Смаков
+7 727 292 2046, +7 747 987 9879, +7 702 629 2866
medianet.smm@gmail.com, medianet.kz

Думан Смақов
Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы