Facebook-те жалған ақпарат тарататын әсіре оңшылдардың аккаунты анықталды

Avaaz қоғамдық ұйымы Еуропадағы қолданушыларға арналған, жалған ақпарат пен арандатушылық мәлімдемелер тарататын әсіре оңшылдардың  Facebook парақшалар жүйесін анықтады. Guardian сайтының хабарлауынша бұл топтардың оқырманы көп.   

Жалпы тергеушілер тобы Франция, Германия, Италия, Ұлыбритания, Польша және Испанияда жұмыс істейтін 500-ден астам күдікті парақшаны тапқан. Парақшалардың көбі жалған ақпарат таратқан және Facebook ережелерін бұза отырып фейк парақша ашып, сайттың қолданушыларын жасанды жолмен көбейткен.  

Компания директоры Кристоф Шотт « [Avaaz анықтаған] парақшалардың өзара әрекеттесу деңгейі жоғары. Оқырмандарыңыз өзара әрекеттеспесе олардың көптігінен пайда жоқ. Ал олардың парақшаларындағы оқырман саны 500 миллионнан асады. Бұл ЕО сайлаушылардың санынан көп» деп мәлімдеді. 

Парақшаларда ақтардың үстемдігін дәріптейтін француз жазбалары, Холокостты мойындамайтын Германияда жарияланған жазбалар бар. Италияда әсіре оңшылар алдымен сұлулық, футбол, денсаулық сынды тақырыптарды қозғап, оқырман жинап алған соң оларды саяси құралға айналдырған.

Зерттеушілер бастапқыда ауылшаруашылығы селекционерлер ассоциацияна арнап ашылған тап әсіре оңшылдар ұйымын қолдайтын топқа айналу сатысын бақылады. Facebook парақшада мигранттардың полицейлердің көлігін қиратып жатқан видеосы жарияланған. Алайда бұл видеоның көркем фильмнен үзінді екені анықталды.

Зерттеуді краудфандинг көмегімен жиналған қаржыға Avaaz ұйымы жалдаған тәуелсіз қызметкерлер жасады. Тәуелсіз зерттеуге 47 мың адам қайырымдылық жасаған. 

Facebook зерттеуді сырттай бақылап отырады. Avaaz тобы жиналған деректерді компанияға тексеру және шара қолдану үшін тапсырды. 

Avaaz – климаттың өзгеруі, адам құқықтары, жануарларды қорғау, жемқорлық т.с.с әлеуметтік-саяси мәселелермен айналысатын халықаралық қоғамдық ұйым. 

 

Factcheck.kz