Зерттеу: Google іздеу жүйесінде пайдаланушылардың көбі сілтемеден өтпейді

Google іздеу жүйесінде қолданушылардың көбі сілтемені баспайды. 2016 жылдан бері өсіп келе жатқанын «бос» сұраныстардың саны жайлы «Коммерсант»  басылымы Jumpshot маркетингтік аналитикалық фирмасының мәліметтеріне негізделе отырып хабарлады.

Маусымда Jumpshot мамандары американдықтардың 40 миллион іздеу сұраныстарын сараптады. Сарапшылардың айтуынша Google жүйесінде ақпарат іздеген қолданушы басқа сайттарға сілтемені басып кірмейді. Мұндай «бос» сұраныстардың саны 50,3% дейін өскен.

Берілген нәтижелер бойынша сілтемеден өту 45,3% (Google сайттарына немесе қызметтерін 5,9% қосқанда), жарнамалық сілтемелер бойынша — 4,4% — ды құрайды.

Бұл соңғы жылдарда жүйеде іздеу бойынша ең нашар көрсеткіш. Бос қалған сұраулар саны 2016 жылдан бастап өсіп, 43,9% құрады. 2016 жылдың бірінші тоқсанында 54,01% жағдайда интернет қолданушылар сілтемеден өткен. 2017 жылдың екінші тоқсанында сілтеме бойынша іздеу алғаш рет 50% — дан төмен түсті. Сонымен қатар, 2017 жылдың үшінші тоқсанында жарнама арқылы сайтқа өту  3% — дан, ал 2019 жылдың екінші тоқсанында 4%-дан асты.

Google соңғы жылдары негізгі іздеу нәтижелерін берер алдында жеке компаниялардың жарнамалық нәтижелерді ұсынуға назар аударуына байланысты болуы мүмкін.

Алайда, Jumpshot-тың пайымдауынша жүйедегі алғашқы орындарды Google қызметтері  көрсетіледі. Ал, сайттардың көбі тізімдегі бірінші орынға үмітті.