«Шекарасыз репортер» ұйымының жаңа рейтингі: Қазақстан 158-орында

«Шекарасыз репортер» ұйымының сөз бостандығы бойынша жыл сайынғы рейтингі жарық көрді. Қазақстан рейтингте 180 елдің арасынан 158-орынға тұрақтаған. Ұйым таратқан хабарламада былай делінген:

«Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды 30 жыл басқарғаннан кейін 2019 жылы биліктен түбегейлі кетсе де, “Ұлт көсбасшысы” болып қала бермек және елдің болашағын бақылау мүмкіндігі бар. <…> 2013 жылы барлық саяси оппозициялық газеттерге тыйым салынды. Ал аман қалғандары жиі сотқа тартылып немесе қазіргі саяси жүйені сынауды мүлдем қойған не азайтқан. Олардың көпшілігі саяси қуғын көру қаупінде. Журналистерді жиі тұтқындайды, ал Интернет мемлекеттің қатаң бақылауында. <…> Цензураның бұл мұрасынан бас тартатын уақыт келді.»

carte_2018_en_5_compressed (2018 жылдың картасы, жаңа нұсқа  RSF сайтында қолжетімді)

Бізді Түркия (157) мен Бурунди (159) қоршап тұр. Ал көрші Өзбекстан болса бес позицияға көтеріліп, 160-орынға табан тіресе, Тәжікстан 12 позицияға (161-орын) төмендеген. Орта Азиядағы демократия мен еркіндік аралына айналған Қырғызстан болса 15 позицияға нығайып, 83-орынды иеленді. Ал алғашқы бестікте мына елдер бар:

  1. Норвегия
  2. Финляндия
  3. Швеция
  4. Голландия
  5. Дания

Посткеңестік елдер арасында Эстонии көш бастап (11-орын) тұр.  Рейтингтің соңғы орындарын Түркменстан (179-орын) мен Солтүстік Корея (180-орын) бөліскен.  Рейтингте АҚШ 3 позицияға (48-орын) төмендесе,  Ұлыбритания 7 қатарға (33-орын) көтерілген. Былтырғы жылмен салыстырғанда журналистер үшін қауіпсіз елдер саны 26%-тен 24%-ке дейін төмендеген.

Журналист, редактор, менеджер, журналистика саласындағы бірнеше кітаптың авторласы. Factcheck Kazakhstan жобасының бас редакторы

Factcheck.kz