Фактчек | Назарбаев: Мен ел азаматы ретінде сіздермен біргемін…

19 наурыз күні сағат 19.00-де Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттілігін тапсыратынын мәлімдеді. Конституцияға сәйкес, жаңа президент болып сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев тағайындалды. Нұрсұлтан Әбішұлының президенттік соңғы сөзін қоштасу ретінде қабылдамақ едік, бірақ Елбасы бізді жұмыссыз қалдырмады.

«Өздеріңіз білесіздер, заңдарымызға сәйкес мен Тұңғыш Президент – Елбасы (Ұлт көшбасшысы) мәртебесіне ие болдым. Елеулі өкілеттілігі бар Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде қызмет ете беремін. «Нұр Отан» партиясының Төрағасы, Конституциялық Кеңестің мүшесімін. Яғни ел азаматы ретінде өздеріңізбен бірге боламын» (Орыс тілінде: Я остаюсь с вами как гражданин страны).

Мұндағы кілт сөз: «мен сіздермен ел азаматы ретінде бірге боламын» деуі экс-президенттің атқаратын қызметтерін анықтап алуға сұранып тұр. Нұрсұлтан Әбішұлы бізбен қарапайым ел азаматы ретінде қалмайтыны түсінікті. Бұдан бөлек ол Қазақстан Республикасының Тұңғыш президентінің саяси және құқықтық жайын, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы және мүшесі және ең бастысы құрамына парламент мәжілісінің 78% депутаттары кіретін «Нұр Отан» партиясының төрағасы қызметтерін қатар алып жүреді. Ал енді, осы позициялардың негізгі қызметтерін еске түсірейік.

Тұңғыш Президент, Ұлт көшбасшысы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы” Конституциялық заңы

1-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының мәртебесі және өкілеттілігі

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына Қазақстан Республикасының Президенті болып сайлану құқығына шектеу қойылмайды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының заңды қызметіне кедергі жасауға, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентін – Елбасын көпшілік алдында қорлауға немесе оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қол сұғуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының бейнесін бүлдіруге жол берілмейді және ондай әрекеттер заңмен қудаланады.

Саясаткер Марат Шибұтов мақаласында Тұңғыш Президенттің құзыреттіліктерінің ішінде ең маңыздысы – «Елдің ішкі және сыртқы саясатына қатысты қолға алынған бастамалар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымен ақылдасып шешіледі» деген болатын.

Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы

Конституциялық органға бекітілген кейбір қызметтердің арасына кадр мәселесі мен құқық қорғау органдарын жүйелеу мәселелерін талқылау бар.

  • мемлекеттік органдар мен ұйымдардың елдің ұлттық қауіпсіздігі мен халықаралық ұстанымдарын, мемлекеттің қорғаныс қабілетін, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы іс-шараларды іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіру;
  • ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерін іске асыру мақсатында құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
  • ел дамуының аса маңызды бағыттары бойынша мемлекеттің стратегиялық құжаттарының орындалу жай-күйін мониторингтеу және бағалау;
  • орталық және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың бірінші басшы лауазымдарына тағайындауға ұсынылатын кандидатураларды талқылау.

Конституциялық кеңестің мүшесі

Конституциялық кеңес ҚР Президентінің, Сенат және Мәжіліс Төрағасының, Премьер-Министрдің, Парламент депутаттарының кемінде бестен бір бөлігінің сұраулары бойынша келесі шешімдерді қабылдайды:

  • Конституциялық кеңес республикалық референдум өткізу, республика Президентін, Парламент депутатын сайлау сынды даулы мәселелерді шешеді:
  • Президент қол қойғанға дейін Парламент қабылдаған заңдардың Республика Конституциясына
  • Парламент және оның палаталары қойған үкімдердің Республика Конституциясымен сәйкестігін
  • Ратификацияға дейін Республиканың халықаралық келісімшарттарының олардың Конституциясымен сәйкестігін тексереді.
  • Конституция нормаларына ресми түсініктеме береді.

«Нұр Отан» партиясының Төрағасы

«Нұр Отан» партиясының мүшелері Парламент мәжілісінің және барлық дәрежедегі жергілікті атқарушы органдар мен мәслихаттың көп бөлігін қамтиды.

Осылайша, азамат Назарбаев, барлық өкілеттіліктерін өткізгенімен елдегі ең беделді адам болып қала бермек.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қорының басқарма Кеңесінің Төрағасы

  1. Жалпы ережелер

1.«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры” акционерлік қоғамын басқару жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы басқаратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

4. Кеңес қызметін ұйымдастыру

8. Кеңестің төрағасы:

1) Кеңестің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) Кеңес отырысының өтетін орны мен уақытын анықтайды;
3) Кеңес отырыстарында төрағалық етеді;
4) Кеңес мүшелеріне орындауға міндетті нұсқаулар береді.

Журналист Factcheck.kz

Factcheck.kz