Qaznet Trust Network сертификатын қалай өшіруге болады?

Шын мәнінде қауіпсіз емес, Qaznet Trust Network ұлттық қауіпсіздік сертификатын енгізу амалынан кейін бізге бұл сертификатты қалай өшіруге болады деген сұрақтар келіп түсті. Көптеген азаматтар оны орнатып, мәліметтерін қолжетімді еткен. Егер сіз немесе сіздің туыстарыңыз сертификатты орнатып үлгерген болса, сіздерге оны өшіру жолдарын қысқаша көрсеткіміз келеді.

QTR сертификатын Android-тан қалай өшіруге болады?

Өзіңіз орнатқан сертификаттарды өшіру өте оңай.

  • Құрылғының баптауларын ашыңыз («Настройки»).
  • Қауіпсіздік және орналасқан жерді таңдаңыз > Шифрлеу және тіркеу мәліметтері («Безопасность и местоположение > Шифрование и ученые данные»).
  • «Тіркеу мәліметтерін сақтау орны» бөліміндегі «Тіркеу мәліметтерін тазарту» > ОК басыңыз. («Хранилище учетных данных» – «Очистить учетные данные» > ОК)

Құрылғының жұмыс істеуі үшін қажетті жүйенің басқа да сертификаттары өшеді деп қорықпаңыз. 

QTR сертификатын iPhone немесе iPad-тан қалай өшіреміз

Алдымен сертификаттың жұмысын тоқтатамыз:

  • Баптаулар > Негізгі > Осы құрылғы туралы > Сертификаттар сенімі > Qaznet Trust Network сертификатындағы белгішені алып тастаңыз (Настройки > Основные > Об этом устройстве > Доверие сертификатов > Qaznet Trust Network)

Ары қарай iOS стандартты амалдарын істейміз:

Бағдарлама және оның конфигурация профилін өшіру

Бағдарламаны және оның конфигурация профилін өшіру үшін мына әрекеттерді істеңіз: 

Бағдарламаны өшіру:

  • Бағдарламаны басып, оның белгішесін тербелгенше ұстап тұрыңыз.
  • Содан кейін оны өшіру үшін сол жақ шетін басыңыз.
  • «Удаление этой программы также приведет к удалению ее данных» деген хабарлама шыққан жағдайда «Өшіру» («Удалить») батырмасын басыңыз. 

Егер бағдарламада конфигурация профилі бар болса, оны өшіріңіз: 

  • «Баптаулар» > «Негізгі» > «Құрылғыны басқару», «Профильді басқару» немесе «Профильдер және құрылғыларды басқару» таңдап, содан кейін бағдарламаның конфигурация профилін басыңыз. (Настройки > Основные > Управление устройством, Управление профилем или Профили и управл.устройством > Профиль конфигурации программы)
  • Содан кейін «Профильді өшіру» (Удалить профиль) деп таңдаңыз
  • Егер қажет болса, құрылғының құпиясөзін енгізіңіз, содан соң «Өшіру» (Удалить) батырмасын басыңыз. 
  • Құрылғыны өшіріп қайта қосыңыз (Перезагрузка) .

OC Windows басқаруындағы браузерден сертификатты қалай өшіреміз

Бұл туралы толығырақ Mhelp.kz екі үлгісін көрсеткен. Қысқаша алгоритм мен видеосын қоса береміз.

  • «Басқару панелін» (Панель управления) ашыңыз
  • Басқару панелінде Желі және Интернет (Сеть и Интернет) бөлімін таңдаңыз
  • Ашылған терезеде «Браузердің баптауларын басқару» (управление настройками браузера) бөлігін шертеміз, «Свойства: Интернет» терезесі шығады. «Мазмұны» (Содержание) бөлігіне өтіп, оның ішінде «Сертификаттар»-ды (Сертификаты) басамыз. Сертификаттар терезесінде қажетсіз сертификатты өшіруге болады.

Сертификатты OSx Мактан қалай өшіреміз

  • «Связка ключей» бағдарламасын ашыңыз
  • «Сертификаттар» бөлігін таңдаңыз
  • Қажетсіз сертификаттарды өшіріңіз

Qaznet Trust Network сертификатын қалай өшіруге болады?

Контекст

17-18 шілде күндері Қазақстандық мобильді оператор абоненттерінің барлығына http: //qca.kz сайтынан қауіпсіздік сертификатын орнату «міндетті» деген хабарлама таратылды. Орнатпаған жағдайда операторлар интернетке кіруде әртүрлі мәселелер туындауы мүмкін екендігін ескерткен. Біз бұл қандай сертификат екенін және ол несімен қауіпті екенін талдаған болатынбыз. Қазіргі уақытта сертификаты бар сайт жабық, ал оның тіркеу мәліметтері өзгерген, дегенмен сертификатты мобильді операторлардың сайтынан көшіруге болады. 

Тағы да естеріңізге саламыз: Біз бұл сертификатты орнатпауға кеңес береміз.

Журналист, редактор. Филолог-славист. Соавтор и составитель ряда работ по журналистике и языку вражды. Работал журналистом и редактором в различных научно-популярных, развлекательных и общественно-политических изданиях Казахстана. Главный редактор проекта «Фактчек в Казахстане» с 2017 по 2022 год. Медиатренер, создатель образовательного проекта Factcheck.Academy

Factcheck.kz