Майкрософтың жасанды интеллекті нәсілшілдігі үшін айыпталды

MSN сайтында жаңалықтарды өңдеумен айналысатын Microsoft алгоритмі аралас нәсілдің екі әншісін шатастырды. 2020 жылдың мамыр айында компания редакторлардың бір бөлігін жасанды интеллектке алмастырған еді. Бұл туралы The Guardian хабарлайды.

Майкрософтың жасанды интеллекті нәсілшілдігі үшін айыпталды
Джейд Ферволл (сол жақта) және Ли Энн Пиннок (оң жақта)

Бағдарлама MSN сайтының басты бетінде жарияланатын мақалаларды қадағалайды. Little Mix тобының қатысушысы Джейд Ферволл мектептегі нәсілшілідік туралы айтып берді, ал алгоритм мақаланы топтың басқа мүшесі Ли Энн Пинноктың фотосуретімен жариялады. Ферволл бұл жайында Instagram-да жазды.

Майкрософтың жасанды интеллекті нәсілшілдігі үшін айыпталды

MSN, егер сіз басқа дереккөзден мақалаларды көшіргіңіз және жариялағыңыз келсе, онда алдымен аралас нәсіл тобындағы сізге қажет әншінің суретін пайдаланып жатқаныңызға көз жеткізіңіз

Компанияның болжауынша әнші суретті жасанды интеллект таңдағанын білмеуі мүмкін.

Microsoft әр түрлі нәсілді адамдарды ажырата алмайтын бағдарлама жасақтамасын не үшін дамытып отыр және редакторларды роботтарға алмастыруды қайта қарастыра ма деген сұраққа техникалық былай жауап берді

Біз осы мәселе туралы білгенімізде, оны шешу үшін шаралар қабылдадық және қате суретті алмастырдық

Factcheck.kz