Қылмыскерді онлайн ұстау: Bellingcat мысалында

    Иранның тумасы Шахин Гейбе Голландияның ең көп іздеу салынған қылмыскерлердің бірі. Ол 2009  жылы екі адамды тонап, 175 мың еуроны қолды етті және артынша ол екі адамды өлтірмек болды. Екі жылдан соң Шахин Гейбені 13 жылға бас бостандығынан айырған болатын.  

    Бірнеше айдан соң Гейбе түрмеден қашып шықты. Қашып жүргеніне қарамастан Гейбе инстаграм желісінің белсенді қолданушыларының бірі. Жазбаларында «мен бостандықты сүйемін. Ауа-райын да” дейді.

    Шахин Гейбе. Дереккөз: Bellingcat

    Bellingcat зерттеу сайты Twitter желісінің көмегімен Гейбенің тұрғылықты орнын анықтады. Ол былай болды.

    Қолыңнан келсе, қуып жет

    Гейбенің инстаграм парақшасында 170-тен астам сурет пен видео жарияланған (профайлына  және мұрағатқа сілтеме). Суреттердің көбі Иранда түсірілген. Гейбе ешқашан нақты геотег қоймаған, тек қала мен жердің атауын жариялайтын. Алайда, бір суретінде Тегеранның көшесін белгілеген болатын. Гейбенің инстаграм парақшасы 2015-тің шілдесін ашылды, ал 2019 жылы Гейбе ең көп іздестірелетін қылмыскерлердің тізіміне енгендіктен, ол парақшасына   жазылуды шектеп тастады.

    Сонымен қатар, Гейбе инстаграмға арандатушылық мазмұнда видеоларын жариялап, Голланлдия сотын әділетсіз деп айыптайды. Ол оқырмандарына өзінің қателік жасаған жақсы адам екенін дәлелдегісі келеді.

    Голландия полициясы оның сөздерін ерсі қылыққа балайды: «Ол деректерді бұрмалайды және өзінен зардап шеккендер мен қоғамды мүлдем ойламайды. Соған қарағанда Гейбе Иранда өзін қауіпсіз сезінетін сияқты» дейді.

    Іздеуге арналған құралдар

    Гейбенің инстаграм парақшасын егжей-тегжейлі талдау үшін Bellingcat келесі құралдарды пайдаланды:

    • Инстаграм парақшасын компьютер арқылы бақылап отыру үшін Chrome браузерінің кеңейтілген құралы,  Desktop for Instagram
    • Инстаграмнан видео жүктеу үшін Chrome браузерінің кеңейтілген құралы Downloader for Instagram .  Видеоны және инста-сторизді жақсы сапада жүктеуге мүмкіндік береді.
    • Инстаграм қолданушыларының арасындағы байланысты табу үшін және белгілі бір  қолданушының ұнатқан жазбаларын анықтауға Helper Tools for Instagram көмектеседі. Бұл Chrome браузерінің кеңейтілген құралы.

    Бірінші сұрақ: Гейбе кіммен байланысқа шықты?

    2018 жылдың қарашаның 27-сінде Гейбе әлдебір ескерткіштің жанында суретке түседі. Бұл қандай мүсін екенін іздеу құралдары, әсіресе Yandex анықтауға көмектесті.

    Мүсін Дубайдан 200 шақырым қашықтықтағы  Киш аралында орналасқан.

    Сол күні жарияланған видеода Гейбе Шевроле Камаро маркалы қызыл көлікке отырғанын көре аламыз. Көліктің нөмірін анық көруге болады.

    Гейбенің артында Киш аралындағы  «Сарина» қонақ үйі.  Мұны Google Street View құралының көмегімен анықтады.

    Көліктің белгісін іздеу құралы анықтай алмады.

    Сондықтан көліктің нөмірін іздеу құралдарына қолдан еңгізу қажет.

    Нәтижесінде Google осы нөмірлі Шевроле Камаро көлігімен  түскен туристердің суретін ұсынды. Бұл көлікті кез-келген адамға жалға берілетіні анықталды. Демек, бұл көлік Гейбенің жекеменшігі емес. Алайда, жалға алатын жерде біреумен кездесуі мүмкін.


    Гейбе біреумен Инстаграмда хат алмасты ма? Google арқылы тексеріп көрейік: (-site:instagram.com/shahin) командасы Гейбенің жазбаларын есепке алмайды. Ал, басқа қолданушылардың жазбаларында және пікірлеріндегі  (site:instagram.com)оның атын («shahin.mzr») қалдырамыз.

    2018 жылдың тамыздың 3-інде Гейбе Иранда пышақ сататын @knife._.store аккаунтына пышақ сатып алу және жеткізу жайлы сұрақ қояды. Ол пышақты 65 мың туман (шамамен 15 долларға) алмақшы еді.

    Сол жылы Гейбе инстаграм парағында екі пышақтың суретін жариялады. Сол жақтағы суретте Phrobis III Buck Gen 4 Fighting Knife M9 Scabbard USGI Military Wire Cutter пышағы бейнеленген. Бұл пышақ  knife._.store дүкенінде 2018 жылдың күз айында сатылымда болды. Bellingcat Гейбеге қызмет көрсеткен дүкен сатушысының Телеграм аккаунтын тауып алып, онымен байланысқа шықты. Барлық мәлімет Голландия полициясына тапсырылды.

    Екінші сұрақ: Гейбе қазір қайда?

    2019 жылдың наурыздың 9-ы жарияланған видеода Гейбе бейтаныс ғимаратқа қарама-қарсы тұр.

    Ғимарат пен айналасын жақынырақ көру үшін Bellingcat 35 секундты видеоны 1200 суретке бөліп, Agisoft Metashape бағдарламасымен бір суретке қайта біріктіреді(бұл тәсіл мына сілтемеде толық түсіндірілген). Видеода Гейбе қозғалыста болғандықтан, соңғы суретте бірнеше рет бейнеленген.

    Видео 2019 жылдың наурыздың 9-ы жарияланғанымен, бірнеше ай бұрын түсірілген болуы мүмкін. Оның үстіне видеоның геотегі жоқ. Сол себепті, видеоның нақты түсірілген күнін және жерін анықтау керек.

    Ең қызығы бұл сұрақтың жауабын магнолия гүлі берді. Ботаникада хабары бар Twitter қолданушысы бұл Magnolia stellatа гүлі екенін түсіндірді. Видеоның түсірілген күніне сәйкес магнолия ақпанның соңы, наурыздың басында гүлдейді. Дәл осы сәтте Гейбе Иранның солтүстігінде болды. Себебі, климаттық жағдайға байланысты  бұл гүлдер оңтүстікте өспейді.

    Бақша мен ғимараттың үлкендігіне қарағанда, видео қымбат ауданда түсірілген. Бірақ зерттеушілер қоқыс тастайтын қорапқа аса мән берді.

    Қоқыс жәшігінің осы түстегі түрі Иранда сатылады.

    Басқа қандай мәлімет алуға болады? Терезеге үңіліп қарасақ қарама-қарсы тұрған үйді көруге болады.

    Бұл Иранның солтүстігінде орналасқан, айналасында үш үйі бар, ағаштармен қоршалған зәулім үй деген қорытындыға келді.

    Сол ауданда тұратын  Twitter қолданушылары мұндай архитектуралы стиль Мазандаран аймағында кездесетінін айтты.

    Қазанның 5-і Гейбе жариялаған видеода маңдайша жазу (1) және автокөліктің нөмірі (2) тіркелген.

    Маңдайша жазу Мазандаран аймағындағы, Аббасабадтағы жылжымайтын мүлікмен айналысатын фирмаға тиесілі. 82 деп басталатын автокөлік нөмірі де осы ауданға тиесілі. Мұны Twitter қолданушысы әрі France 24 Observers Иран газетінің журналисі Эршад Алиджани анықтады.

    Үйдің нақты мекен жайын Twitter пайдаланушы, ITV репортері Натан Ли анықтады.


    Суретті 360 градусқа бұратын болсақ, сол қызғылт сары жәшікті қайта көреміз.

    Bellingcat сөйлескен жергілікті тұрғынның айтуы бойынша мұндай үйлер демалыс орындары емес және қатаң түрде қорғалады.

    Кейбір видеоларда Гейбе үйдің іш жағын түсіреді. Терезелердің орналасуы мен басқа бөлшектерге қарағанда, бұл дәл сол үй.


    Осыған ұқсас интерьер басқа инстаграм қолданушысының парақшасынан табылған болатын. Парақша Гейбенің досына тиесілі. Гейбе дос қызының тойында болған. Оның күйеуі Гейбенің жақын досы. Қалыңдықтың айтуы бойынша үй оның меншігі.  Соған қарағанда, Гейбе бірнеше айдан бері досының үйінде тұрады. 2018 жылы Рождествоға арналған жазбада да сол үйді қайта көруге болады.

    Гейбе журналистермен сөйлесу барысында Bellingcat-тың болжамын растады.

    Қорытынды

    Bellingcat зерттеу нәтижесін Голландия полициясына тапсырды. Алайда, басқа мемлекет қылмыскерді экстрадациялауға рұқсат бермейінше, Голландия полициясы Гейбені тұтқынға ала алмайды.


    factcheck.kz мақалаларында аты-жөні аталған тұлғалар немесе оқырман біздің үкіммен немесе дәлелдемелерімізбен келіспейтін болса, тиісті материалдарды ұсынған жағдайда редакция үкімді қайта қарастырып, құжаттарды жариялауы мүмкін.

    Бұл басылым Сорос-Қазақстан Қорының қаржылай қолдауымен дайындалды (жарияланды, жарық көрді). Бұл жарияланымның мазмұны автор(лар)дың пікірі мен көзқарасын білдіреді, оның Сорос-Қазақстан Қорының көзқарасымен сай келуі міндетті емес.