Фейк | Қазақстанда өсетін, көбейетін және қозғалатын тровант-тастар бар

Zakon.kz сайты 2019 жылдың мамырдың 23-і «Қазақстанда өсетін, көбейетін және қозғалатын тровант-тастар бар» деген тақырыпта мақала жариялады. Артынша 24.kz және centrasia.org сайттары да бұл жаңалықпен бөлісті. Factcheck.kz редакциясы бұған күле қарағанымен, ақпаратты тексеру алгоритмін көрсету үшін жаңалықты талдауға шешім қабылдады.   

Белгісіз агроном

Zakon.kz сайтында жарияланған ақпарат қазақстандық «Экспресс-К» басылымынан көшіріліп басылған. Авторлық құқықты сақтау ережелеріне сай басылым бастапқы дереккөзіне сілтеме жасаған. 

Без имени
©Zakon.kz сайтынан скриншот

Бастапқы мақаланы оқыған кезде жарияланған күні бірден көзге түседі. «Экспресс-К» сайтында мақала 2018 жылдың қазанның 12-сі шыққан. Мақалада Қазақстанда өздігінен көбейетін және қозғалатын «тровант-тастар» бар деп айтылған. Автордың айтуы бойынша бұл ғажап тастар Балхаш маңында, Манғыстауда және Семейге жақтағы Бродячее алқабынан табылған. Сондай-ақ, «жергілікті тұрғындар» мен аты аталмаған агрономның пікірі беріледі. Мақалада:

«Жергілікті тұрғындар бұл тастардың өзінің артынан терең із қалдыратынын байқаған. Олар бір жерден, екінші жерге көшеді. Агроном Игорь Бакаев бір сұхбатында айтқандай, бірде тастың түбіне келіп, ұйықтап қалған. Оянса, тас топырақта ізін қалдырып, үш метрдей жерге жылжып кеткен» деп жазылған.

«Экспресс-К» мақаласында агрономның пікірі берілген БАҚ пен «жергілікті газеттің» нақты атауы жоқ. Бұл оқиғаның ойдан шығарылғанын дәлелдей түседі. Google іздеу қызметіне «Қазақстан тровант-тастар», «агроном Игорь Бакаев»  деген сөз тіркестерін еңгізгенімен, ешқандай ақпарат табылмады. Ал, «Семей Бродячее алқабы» сөзін еңгізгенде «Живой Журнал» сайтында  2012 жылы 25 желтоқсанда шыққан «Феномен самопередвигающихся камней» атты мақаланы тауып берді. 

Без имени 5
©LiveJournal Michale 101063 сайтынан скришот

Сайтта жарияланған материалда «Қазақстанда Семейге жақын жерде Бродячее алқабы аталатын жазық дала бар. Қыс мезгілінде тастар тұрған орнынан «қашып», артынан терең іздер қалдырады» деп жазылған. Мақалада осыған ұқсас Қытайда, Белоруссияда болған феномендерді сипаттағаннан соң, бізге таныс есімді байқап қалдық. 

«Тағы бір ұқсас жағдай Орынбор облысының тұрғыны И.Бакаевтың бала кезінде болды. Бірде ол Алатау бөктерінде қой жайып жүргенінде тынығу үшін үлкен тасқа (шамамен он тонна) сүйеніп жатып қалды. Оянып кетсе, сүйеніп жатқан тасы жерді жыртып, 3 метрге «қашып кеткен». Дәл сол кезде төбеде тұман пайда болып, И.Бакаев есінен танып қалды. Таңертен шопанның киіз үйінде оянды. Шопан оның да басынан осыған ұқсас түсініксіз оқиға өткенін баяндаған. Шопан бұл құбылысты «Шайбол табағының» (диск тәріздес БҰН меңзеген болар) ұшып келуімен байланыстырды» 

Орынбор тұрғыны И. Бакаевпен «Экспресс-К» мақаласындағы «Игорь Бакаев» бір адам деген қорытындыға келуге болады. Алайда, мақалада сипатталған жер жұмбақ күйінде қала бермек. Мақалада Орынбор облысымен шекаралас Башқұрстан Республикасы аумағында орналасқан Оңтүстік Орал өңіріндегі Алатау тау жотасы болуы мүмкін.  

Шайбола табағы

Google іздеу жүйесінде «Шайбола табағы» тіркесін еңгізгенде қызықты нәтижеге тап болдық. 2009 жылы ресейдің «Мир Тесен» сайтында Орск қаласының тұрғыны Иван Бакаевтың қызықты әңгімесі жарияланған (Орск қаласы Орынбор облысында орналасқан). 

«Кішкентайымда Қырғызстанда тұрдым, Ала-тау бөктерінде, Сосновка ауылында қой бақтым. Жұмбаққа толы бұл оқиға сол жерде болды. Бір күні үлкен тастың (көлемі 10 тоннадай) саясында ұйықтап қалдым. Оянып кетсем, сүйеніп жатқан тасым жерді жыртып, 3 метрге «қашып кеткен»».

Барлық үш әңгімеде (соның ішінде «агроном Игорь Бакаевқа» сілтеме жасай отырып) бірдей сөздер қолданылған: «жоғалып кетті», «үш метр».

Осылайша, пайдаланған таңбалар, адам аттары және екі жағдайда бірдей елді-мекеннің атын пайдалану жай ғана сәйкестік емес. Мақалада «франуз ғалымы Ришар Лионның» аты беріледі.

«Экспресс-К» сайты «ғалымның» пікірін берді.

«Трованттар – өзінің кремнийлік ДНҚ-сы бар ерекше тіршілік түрі. Бұл нағыз ғажайып! Әрбір кремнийлік ағза миллиондаған жылдар бойы тіршілік ете алады»

Оның сұхбаты жарияланған бастапқы дереккөзге сілтеме берілмеген. Орыс тілді, ағылшын тілді, тіпті француз тілді іздеу жүйелері мұндай ғалымды тауып бере алмады. Сондай-ақ, цитаталар бойынша алғашқы дереккөз анықталмады.

Фотоиллюстрациялар 

«Экспресс-К» сайтында жарияланған мақалада үш түрлі сурет ұсынылған. Суреттің ешқайсысында бастапқы дереккөзге сілтеме жоқ. Демек, бұл сайтқа тиесілі, тіпті «оқиға орнында» түсірілген сурет болуы мүмкін. Біз барлық суретті тексеріп көрдік (суретті тексеру тәсілдерімен таныс болыңыз)

2019052310110791593_0d07071e2bcb7d065c5d4d6e3e04daec

Бұл — басты сурет. Шетелдік сайттарда жақсы сапада табылғандықтан, сурет сайтқа тиесілі емес. Мысалы, мына жерде сурет 2016 жылы басылған. Мақалаға сүйенсек тастар Манғыстауда табылған.  

421b1485921219dcbb4c6a3cd850f936Екінші сурет. Шетелдік сайттарда жақсы сапада табылғандықтан, бұл сурет те сайтқа тиесілі емес. Мысалы, сурет мына сайтта осыған дейін жариялаған. Осы сурет жарияланған сайттардың көбінде «тірі тас» әлемнің кейбір жерінде кең таралған асцидиялы тіршілік иесі екені айтылған.  

7de95716d51ba3613017fb7618374413Үшінші сурет. Бұл суреттің де шетелдік сайттан алыну ықтималдығы өте жоғары. Себебі, 2012 жылы мына сайтта жақсы сапада жарияланып қойған. 

Қорытынды

«Экспресс-К» басылымы жариялаған мақала тексерілмеген дереккөздерінен жинақталған жалған ақпарат.