Facebook Гонконг полициясы жайлы жалған ақпаратты өшірмеді

Facebook әлеуметтік желісінің басшылығы Гонконг полициясы жайлы жалған ақпарат пен жаланы желіде өшіруден бас тартты. Бұл туралы SCMP қытай басылымы хабарлады.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жалған ақпаратты фейсбуктан алып тастау талабымен екі талап-арыз жолдады, бірақ әлеуметтік желі басшылығы арызды қабылдамады. Осылайша, Гонконгтағы наразылық туралы фейк жаңалық Facebook иелері үшін нормаға айналды дейді басылым.

Арызға сәйкес жалған ақпаратта Гонконг тұрғындарына құқық қорғау органдары тарапынан жыныстық зорлық-зомбылық көрсету мен өлтіру фактілері туралы айтылған. Ақпараттың екеуі де жалған дейді полиция. Құқық қорғау органдарының айтуынша бұл жаңалықтардың басты мақсаты халық арасында дүрбелең тудыру және оны басқару.

Мұндай хабарламалар полицейлердің “қатыгездік” және “адамгершілікке жатпайтын мінез-құлық” туралы айтатын наразылардың айласы. Бұл ретте ақпарат ешқандай фактілермен расталмаған, ойдан шығарылған.

Полиция қызметкерлері әлеуметтік желіде жарияланған “жалған” ақпаратты өшіру талабымен компанияға арыз жолдаған. Алайда, Facebook хабарламаларды өшіруден бас тартып қана қоймай, ақпараттың өтірік емес екенін мәлімдеді.

Factcheck.kz