Facebook басылымдарға жаңалықтар үшін 3 миллион доллар төлеуге дайын

Facebook бірнеше америкалық БАҚ-қа олардың контентін орналастыруға лицензия үшін жылына 3 миллион доллар ұсынды, деп хабарлайды “Ведомости” басылымы және The Wall Street Journal.

Дерек көздері ұсынған мәліметтер бойынша  ABC News, The Washington Post, Bloomberg, сондай-ақ Dow Jones (The Wall Street Journal баспашысы) ұсыныс алды.

Facebook БАҚ – қа материалдарды тікелей әлеуметтік желілерге немесе басылым сайтына сілтеме беретін тақырыптарды орналастыру мүмкіндігін береді.

Аталған бұқаралық ақпарат құралдары ұсынысқа әлі жауап берген жоқ.

Күзде Facebook жаңа бөлімді іске қосуды жоспарлап отыр. Әлеуметтік желінің негізін қалаушы Марк Цукерберг бұл жаңалықты қаңтар айында жариялаған еді.

Контекст

Facebook бірқатар ірі мессенджерлермен бірге, жалған ақпараттың таралуына жеткілікті түрде бақылау жасамауына  байланысты түрлі елдердің билік өкілдері сынға алды. Сәуір айында сарапшылар интернет-алыптың кірісі азаюы мүмкін деген болжам жасады.