Депутаттарға нұсқаулық: демді 30 секунд ұстау коронавирустан неге қорғамайды?

Қаңтар ортасында әлеуметтік желіде Семейдегі депутаттардың VII шақырылған мәслихаты бірінші ұйымдастыру сессиясында түсірілген фотосурет тарала бастады. Халық қалаулылары маскасыз түскендіктен, бұл сурет үлкен наразылық тудырды.

Қазақстандықтар шенеуніктерді санитар нормаларын бұзды деп жаппай айыптады. Кейін қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов депутаттар маскасын алып жатқанда «демін 30 секунд ішке тартып тұрғанын» айтып түсіндірді.

Фотоколлаж Tengrinews.kzФото:arnapress.kz

«Адамдар естелік үшін маскасыз суретке түсуге тілек білдірді. Арамызда (депутаттар – редактор ескертпесі) екі-үш білікті дәрігер болды. Олар демді 30 секунд тартып тұрып, тыныс алмай, бірден суретке түсуге болатынын айтты. Мұнда ешқандай заң бұзушылық жоқ, бары – осы», – деді ол.

Дегенмен депутаттарға мұндай тапқырлық көмектеспеді, нәтижесінде резонанстық фотосуреттің барлық кейіпкеріне санитар нормаларын бұзғаны үшін 30 АЕК (87 510 теңге) айыппұл салынды.

Factcheck.kz редакциясын демді ішке тартып тұру туралы мифтің қайдан шыққаны және депутаттар әдісі оларды коронавирус әсерінен шынымен қорғай алатын-алмайтыны қызықтырды.

Алдын ала қорытынды: Өкінішке қарай, демді аз уақыт болса да ішке тартып тұру коронавирус таралуынан сақтай алатыны туралы ешқандай дәлел жоқ. Әсіресе, үлкен адамдар тобымен жабық жерде болған кезде жұқтыру қаупі артпаса, кемімиді. Депутаттар бұл әрекетімен қоғамға дұрыс емес үлгі көрсетті, сол үшін оларға айыппұл салынды.

Толығырақ тарқатсақ…

Пандемия басталғаннан бері коронавирустың ауа-тамшы жолымен таралатыны белгілі болғаннан кейін, бір адам немесе бір топ адам жанында тұрғанда тыныс алмасаңыз, бұл COVID-19 таралуына жол бермеуі мүмкін деген болжам жасалды. Дегенмен бұл олай емес.

Ғалымдар коронавирустың таралу жолын көбірек зерттей келе, инфекция тек қауіпті аэрозольді жұту арқылы ғана емес, олар теріге немесе киімге тиген кезде де пайда болуы мүмкін екені анықталды. ДДСҰ мәліметі бойынша, вирус жұқтырған адамның аэрозолі сіздің киіміңіздің матасына немесе қолыңыздың терісіне түсуі мүмкін. Вирус жұқтырған бетке, содан кейін көзге, ауызға немесе мұрынға тигізу арқылы ауру жұқтыра аласыз.

Сонымен қатар, егер зат бетіне вирусы бар кішігірім аэрозольдер түссе де, инфекция жұқтыру ықтималдығы бар. АҚШ Ұлттық ғылым академиясы зерттеуі бойынша, бұл аэрозольдер газдың кішігірім бұлттарында ауада ұзақ уақыт ауытқып, алыс қашықтыққа таралуы мүмкін. Бұл әсіресе жақсы желдетілмеген және ауа сүзгісі жоқ жабық бөлмелерге қатысты.

Кейбір зерттеу көрсеткендей, мұндай ұсақ бөлшектер ауада 3 сағатқа дейін қалқып тұрады.

Депутаттарға нұсқаулық: демді 30 секунд ұстау коронавирустан неге қорғамайды?

ДДСҰ мұндай жұқтыру ықтималдығын жоққа шығаруға болмайтынын мойындады, дегенмен бастапқыда ұйым практикалық дәлелдердің жоқтығын айтқан еді.

Қытай ғалымдар инфекцияның жұқтыру ықтималдығын растайтын ғылыми жұмыс жариялады. Ол бойынша, ұсақ бөлшектер зат бетінде шоғырланғаннан кейін ауаға қайта көтерілуі мүмкін, мысалы, адамдар маскалар мен қорғаныш костюмдерін шешкен кезде. Олар мұндай қорытындыға коронавирус ауруханаларындағы фельдшерлерді бақылау кезінде келді.

Fig. 1
a, Фаньцан ауруханасының B аймағындағы қорғаныш киімін шешу бөлмесінде SARS-CoV-2 концентрациясы. b, Фаньцан ауруханасының С аймағындағы қорғаныш киімін шешу бөлмесінде SARS-CoV-2 концентрациясы. c, Фаньцан ауруханасының медицина қызметкері кабинетіндегі SARS-CoV-2 концентрациясы. Х осі – өлшенген аэрозоль диаметрі еселерін жабу үшін логарифмдік шкаладағы аэродинамикалық диаметр.

Демді ұстау вирустан қорғай ма?

Сонымен қатар, жақын арада демді әдейі ұстау керісінше коронавирус жұқтыруға ықпал етуі мүмкін деген пікір айтылды. Егер вирус аэрозольдері адам ағзасына түссе, инфекцияның алдын алуға мүмкіндік бар. Дегенмен ғалымдар тобының пікірінше, мұндай жағдайда демді ішке ұстап тұру бәрін қиындатуы мүмкін.

Осы жыл басында Үндістанның Мадрас технологиялық институтының бір топ үнді зерттеушілері демді ұстап тұру COVID-19 жұқтыру қаупін арттыратынын анықтады. Олар тыныс алу жиілігінің азаюынан вирусы бар тамшылардың өкпеге терең тасымалдануы жоғарылағанын анықтады.

Ғалымдар тобы зертханада тыныс алу жылдамдығы үлгісін жасап, тыныс алу жиілігі төмендігі вирустың өмір сүру уақытын ұзартатынын анықтады, осылайша вирустың өкпеге түсу ықтималдығын арттырады. Сонымен қатар, өкпенің көпөлшемді құрылымы адамның Covid-19 сезімталдығына айтарлықтай әсер етеді.

Осы зерттеу нәтижелері беделді халықаралық рецензияланған Physics of Fluids журналында жарияланды. Бұл жұмыс әлі ресми түрде расталмаған, өйткені тек зертханалық зерттеулер бар, бірақ әлемдік ғылыми қоғамдастықта үлкен қызығушылық тудырды.

Жабық орындардағы қауіп

Тағы бір маңызды қатер факторы – бұл үлкен топтың кішігірім жабық орында болуы.

Желдетілмеген бөлмелерде адамдардың бір-біріне жақын отыруы ұзақ уақытқа созылған кезде, COVID-19 жұқтыру қаупі артады (кез келген ауа-тамшы жолымен жұғатын ауру сияқты). Мұндай жағдайда вирус тамшылар немесе аэрозольдер арқылы жақсырақ таралатыны анық, сондықтан алдын алу шараларын қабылдау маңызы арта түседі.

Сонымен қатар, АҚШ-тың қоршаған ортаны қорғау агенттігі үй-жайларды, яғни адам қолы тиуі мүмкін барлық бетті үнемі дезинфекциялау қажет екенін мәлімдейді. Мұндай жағдайларда вирус бөлшектері ұзақ уақытқа басылуы мүмкін, ал бөлме дұрыс дезинфекцияланбаса, адам вируспен байланысу арқылы инфекция жұқтыруы мүмкін.

ДДСҰ мамандары біздің депутаттар кездесулер тек желдетілетін бөлмеде, әлеуметтік арақашықтығы бір жарым метр болатын және қорғаныш маскаларын таққан түрде өткізілуі керек деп бірнеше рет мәлімдеді. Эксперттер мұндай кездесулерді ашық жерде өткізуге қатаң кеңес берді, өйткені ашық жерлерде инфекция қаупі айтарлықтай төмендейді.

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы да осы ұсыныстарды ұстанады. Олардың мәліметінше, осы уақытқа дейінгі сақтық шаралары вирустың таралуын болдырмайтын ең тиімді күйінде қала береді. Агенттік, тіпті, COVID-19 вирусын жұқтырмау үшін жабық орындарда өзін қалай ұстау керек екені туралы егжей-тегжейлі нұсқаулық шығарды.

Кімге және қандай жағдайда маска тақпауға болады?

Болашақта депутаттар мен басқа да мемлекеттік қызметкерлер әдемі фотосурет үшін денсаулығына қауіп төндірмеуі үшін кішігірім нұсқау беріп отырмыз: кімге және қандай жағдайда медициналық маска тақпауға болатыны туралы.

ДДСҰ-ның жаңартылған ұсынымдары бойынша мынадай жағдайда жеке қорғаныс құралдарын пайдаланбауға болады:

  • ашық жерде жүрген кезде және қасыңызда үлкен адамдар тобы болмаған кезде немесе басқа өтіп бара жатқан адамдардан 1,5 метр арақашықтықты сақтаған кезде.
  • ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде. Жаттығу кезінде маска тағу, әсіресе кардио жағдайында, керісінше денсаулыққа зиян болуы мүмкін.
  • когнитивті бұзылуларға, демікпеге, респираторлық немесе тыныс алу жүйесінің созылмалы проблемалары бар адамдарға медициналық маска қарсы көрсеткіш көрсетеді. Оларға тыныс алу гигиенасын сақтауға және балама ретінде бет қалқандарын қолдануға кеңес беріледі;
  • егер мұқият дезинфекцияланған жақсы желдетілетін жерде болсаңыз және онда үлкен адамдар тобы болмаса.

Басқа барлық жағдайда медициналық маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау және қол гигиенасы сияқты профилактикалық қауіпсіздік шараларын ұмытпау керек.

Қорытынды

  • Депутаттар жиналысы өткен егжей-тегжейлі жағдайларды білмейтінімізді ескере отырып, барлық қажет қауіпсіздік шаралары сақталды деп айту мүмкін емес.
  • Демді 30 секунд ішке тартып тұру коронавирустың таралуынан қорғамайды, өйткені ол басқа жолдармен берілуі мүмкін. Бұған ешқандай дәлел жоқ.
  • Қалалық мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов депутаттардың әрекетінде ешқандай заң бұзушылық жоқ деп қателесті. Олардың әрекеті үшін санитар нормалары бұзылуына байланысты айыппұл салынды.
  • Үлкен топпен бірге жабық орында болған кезде медициналық маска тағу – қажет қорғаныс шарасы. Денсаулығыңызды күтіңіз.
Factcheck.kz