Цукерберг Facebook және бақылау жайында мәлімдеме жасады

Қазір Германияның қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясында Цукербергтің баяндамасын шетелдік медиа қызу талқылауда.

Марк Цукербергтың айтуынша, әлеуметтік желілер телеком мен БАҚ-қа арналған қолданыстағы ережелер арасындағы жүйе арқылы реттелуі тиіс. Ол интернеттегі контентті бақылау және қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру үшін 35 мың адам жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Бұл команда компанияның автоматтандырылған технологияларын пайдалана отырып, күн сайын 1 млн-нан астам жалған аккаунттарды бұғаттайды. Олардың басым көпшілігін тіркеуден кейін бірнеше минут ішінде анықтайды.

Facebook негізін қалаушысы әлеуметтік желі онлайн-сайлауға араласумен күресу жұмыстарын жақсартқанын айтты. Сонымен қатар, Цукерберг желі бұл мәселемен тиімді күресу үшін мемлекет тарапынан қолдау қажет екенін мәлімдеді. Соңғы өзгерістерге сәйкес, Цукерберг саяси науқандарды жарнамалау, пікір білдіру еркіндігі арасында шекара орнату керегін айтты.

Factcheck.kz