ЦАРКА: «Ұлттық сертификатты енгізу тоқтатылды»

6 тамыз күні ЦАРКА-ның ресми арналарында ұлттық «қауіпсіздік» сертификатын енгізу тоқтатылатынын хабарлаған жазба пайда болды. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Factcheck.kz редакциясы бұл сертификатқа бірнеше материал арнаған болатын.

Хабарламада былай делінген:

«Бірнеше сағат бұрын бізге сынақ аяқталып, міндеттердің барлығы
сәтті шешімін тапқанын ресми түрде хабарлады. Ұлттық сертификатты орнатқандар өшіріп тастауына болады, оның енді қажеті болмайды. Оны орнату тек ерекше регламент аясында мемлекеттің сандық шекарасын күшейту үшін қажет болуы мүмкін.»

ҰҚК осы жағдайға байланысты Tengrinews порталына мәлімдеме берді:

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті қауіпсіздік сертификатын қолдану
бойынша тестті сәтті аяқтады. Кибер және ақпараттық кеңістіктегі киберқауіптің алдын алатын жүйе жасалды», – деді мекемедегілер.

Factcheck.kz редакциясы осы сертификатқа қатысты жаңалықтардың бәрін назарда ұстайды.

Контекст

  •  17-18 шілде күндері Қазақстанның мобильді операторларына
    ұлттық қауіпсіздік сертификатын орнату «міндетті» деген
    хабарлама таратылды. Орнатпаған жағдайда интернетке шығуда түрлі мәселелер туындауы мүмкін екендігін жеткізген.
    Операторлар бұл сертификатты осы жылдың наурыз айында орнатуға шақырған, бірақ ол кезде тек сайттардағы хабарламалармен шектелген еді.
  • Бұрынырақ анықтағанымыздай, сертификатты орнатсаңыз сіздің байланысыңыз тыңдалуы мүмкін. Мемлекеттік техникалық қызметтің мемлекеттік сатып алуларында Fortinet Fortigate 3600C және 200D бағдарламалық-аппарат жиынтығының лицензиясын алу және ұзартуға байланысты лоттар бар. 3600С үлгісіне жазылған сипаттамада құрылғы түпкі сертификатты пайдаланып SSL-байланыстарды тексере алатыны айтылған.

Журналист, редактор. Филолог-славист. Соавтор и составитель ряда работ по журналистике и языку вражды. Работал журналистом и редактором в различных научно-популярных, развлекательных и общественно-политических изданиях Казахстана. Главный редактор проекта «Фактчек в Казахстане» с 2017 по 2022 год. Медиатренер, создатель образовательного проекта Factcheck.Academy

Factcheck.kz