БАҚ Артемий Лебедевтің Ресейден кететіні туралы әзілге сеніп қалды

Белгілі ресейлік дизайнер Артемий Лебедев жақында биліктің іс-әрекетін сынап, Ресейден кететіні туралы видео жариялады. Дизайнер өзінің Youtube арнасында  екі минуттық видео жариялады. Видеода Лебедев “Еуропаға шұғыл түрде кеткенін”, “шешімді қабылдау оңай емес”, “елдегі жағдайға алаңдаулы “, “Ресейге қайтып келмеуі мүмкін” екенін айтты.

Сонымен қатар, Лебедев елден кету “себептерін” тізіп шықты: үкімет халықтың болашағын және даусын ұрлап жатыр деп мәлімдеді. Сондай-ақ, талантты жас мамандарға қала мен мемлекетті басқаруға мүмкіндік берсе, қандай нәтижелерге қол жеткізуге болатынын көрсетуді ұсынды.

Лебедев видео жолдауын «мен қиналып кеттім, сондықтан Еуропаға кетуге шешім қабылдадым. Барлығыңызға жақсылық тіледім. Ресей еркін болсын» деп аяқтады. 

БАҚ бұл жаңалықты сақтықпен жариялады. Мысалы, «Ведомости» жаңалықты «Артемий Лебедев заявил об отъезде из России в связи с политической ситуацией» деп хабарлады, Lenta.ru «Артемий Лебедев заявил о бегстве из России», Коммерсант» «Артем Лебедев заявил об отъезде из России по политическим мотивам», News.ru «Артемий Лебедев покинул Россию из-за политической ситуации»  деп жариялады. Алайда, көп ұзамай Лебедев видео жолдауын пранк деп атады. 

Дизайнер фейсбук парағында «Мен Еуропаға 10 күнге кетіп, сосын қайтып келемін. , Соңғы жиырма жылда осылай айына 10 күнге барып келемін»

БАҚ Артемий Лебедевтің Ресейден кететіні туралы әзілге сеніп қалды
©Артемий Лебедев, Facebook

 

Лебедев болған оқиғаны егжей-тегжейлі түсіндіріп берді (балағат сөздер алып тасталынды)

«Бірер күн бұрын пранк жарияладым, бірақ артынан оны қадағалай алмай қалдым (менің ютуб каналыма міндетті түрде жазылыңыздар) 

Мен либералды оппозиция қолданатын топас  дәлелдер жиынтығын алып,  видео жолдадым. Бұл өте оңай:

  • алдымен белгілі бір елді-мекеннің аты аталады. Мысалы, «мен Атлант мұхитына дейін жеттім, ары қарай тек су», «біз Зимбабвенің орталығында тұрмыз, сондықтан бұл хабарлама өте маңызды»
  • содан кейін тек қана үрейлі сана белгілі бір қорытынды жасайтын ақпарат береміз (“мен Еуропаға кеттім” – бұл шындық, ал 15-і қайта ораламын)
  • сосын “Ресей қиын кезеңдерді бастан өткеріп жатыр” деген сөз тіркесі айтылады (Ресейде оныншы ғасырдан бері түскі ас пен демалысқа шықпай, қиын кезеңдерді өткеруде)
  • “біз” және “олар” деген есімдіктер қолданылады. “Біз” деген жақсылар, “олар” деген жамандар.
  • егер билікке жас және талантты мамандар келсе, онда бәрі өзгереді (басты сұрақ: олар осы уақытқа дейін қайда жүрді?)
  • “Белгілі бір жағдайларға байланысты бұл видеоны Ресейде түсіруге болмайды” деген тақырып қойылады. Тақырып үрей туғызады.

Лебедев оның Ресейден кеткені туралы жаңалықты жариялаған ірі басылымдарды атап өтті.  Оның айтуынша түкке тұрғысыз оқиғалар БАҚ-та қызу талқыланатын тақырыптардың біріне айналуы, білімнің дефицитке ұшырауы дегенді білдіреді.

Алайда,  видеоға жазылған пікірлерге қарағанда желі қолданушылардың көбі дизайнердің әзілдеп жатқанын бірден білді. Себебі, осыған дейін Лебедев митингтер жайлы жағымсыз пікір білдірген еді, ал оның саяси ұстанымы белгілі. Дизайнер билік шешімдерін бірнеше рет қолдаған еді. Мысалы, Владимир Путин “автономды Рунет” құру туралы заңға қол қойғаннан кейін, бұл өзгерісті қолдайтынын айтып видео түсірді.

Мамыр айында блогер Илья Варламовтың «Санкт-Петербург мэрі» сайлауына қатысатыны жайлы әзілді Ресейдің бірқатар басылымдары жаңалық ретінде таратқан. Бұл «қадамы» жайлы блогер өзінің Instagram парақшасында жазған еді. Кейіннен Варламов жазбасын жаңартты, ал басылымдар жаңалықтың жалған екенін басып шығарды.

Factcheck.kz