Блогер Варламовтың «Санкт-Петербург мэрі» сайлауына қатысатыны жайлы әзілді БАҚ жариялады

Блогер Илья Варламовтың «Санкт-Петербург мэрі» сайлауына қатысатыны жайлы әзілді Ресейдің бірқатар басылымдары жаңалық ретінде таратқан. Бұл “қадамы” жайлы блогер өзінің Instagram парақшасында жазған еді. 

Варламов «Достар, алдыңғы сайлауға түсуге қорықсам, бұл жолы нақты шешім қабылдадым. Мен Санкт-Петербург мэрі сайлауына өз кандидатурамды ұсынамын. Кац мені қолдағаны үшін қуаныштымын және ол менің штабымды басқарады. Сіздерге де үлкен үміт артамын. Менің кампанияма қосылыңыздар! Толығырақ ақпаратты кешке жариялаймын» деп жазды. 

Ресейдің бірқатары басылымдары блогердің “мәлімдемесін” жаңалық ретінде таратып үлгерді. Жалған ақпаратты таратқандардың қатарында Znak.ru және «Деловой Санкт-Петербург»  басылымдары бар.  Бірақ, «Деловой Санкт-Петербург» блогердің мәлімдемесінде сәйкеспейтін жерлерді байқады. Ресейің солтүстік астанасында мэр лауазымы жоқ, ал қалалық әкімшілікті губернатор басқарады. Редакция бұл мәлімдемені блогердің әзілі деп болжады.  

Кейіннен Варламов жазбасын жаңартты, ал басылымдар жаңалықтың жалған екенін басып шығарды.

Варламов жазбасын «маған бүгін Ксения Собчак қонаққа келіп, менімен ойын ойнауға ұсыныс білдір. Мен келістім. Ойынның шарты бойынша телефондарымызды алмастырып, инстаграмда жазба қалдыруымыз керек еді. Оның үстіне бір жазбаны бір сағат бойы өшіруге немесе пікір білдіруге болмайды. Түсінгендеріңіздер мұны Ксения Собчак жазды. Мен Санкт-Петербург мэріне сайлауға өз кандидатурамды ұсынған жоқпын, себебі ондай қызмет жоқ. Губернаторға да ниетті емеспін. БАҚ-тан кешірім сұраймын» деп толықтырды. 

Журналистер блогердің әзілін былтырғы оқиғаға байланысты шын деп қабылдауы мүмкін. 2018 жылы Илья Варламов Мәскеу мэрі сайлауына қатысамын деп мәлімдеп, артынша райынан қайтты.