Apple компаниясын тыңшылық үшін сотқа берді

Apple өнімін қолданушылар жеке өміріне қол сұқпау құқығын бұзғаны үшін компанияны сотқа берді. Бұл жайлы Bloomberg хабарлады.

Сотқа шағымданушылардың айтуынша компания Siri дауыстық көмекшісі арқылы гаджет иелерінің командаларын тыңдау мүмкіндігіне ие болған.

Бұл топтық арызға оған 2011 жылдан бастап Siri дауыс көмекшісін қолданатын барлық  пайдаланушылар қосыла алады. Арызданушылар Apple-дан өтемақы және барлық жазбаларды өшіруді талап етеді. Өтемақы мөлшері нақтыланбады. Шағымды Солтүстік Калифорния округінің соты қарастырады. Бұл АҚШ-та болып жатқан алғашқы сот ісі.

Тамыз айында Apple  көмекшісінің сапасын бақылау бағдарламасын тоқтатты. Сондай-ақ, мердігерлерге Siri командаларын тыңдауға рұқсат берді. Компанияның хабарлауынша Apple бағдарламалық қамтамасыз ету қызметінің жаңа нұсқасын дайындау үстінде. Жаңа бағдарламаға сәйкес пайдаланушыларға сапаны бақылау бағдарламасына қатысудан бас тарту құқығына ие болады.

Factcheck.kz