Зомби-фейк | Алаяқтар Kaspi қосымшасында «аккаунтты шектеу» батырмасы арқылы ақша шешеді

WhatsApp мессенжерінде Kaspi қосымшасын пайдаланушылар «аккаунтты шектеу» туралы хабарлама алатыны, кейін адамдар «шектеу туралы толығырақ» түймесін басқанда, алаяқтар шотыңыздағы барлық ақшаны «шешіп алатыны» туралы ақпарат тарады. Factcheck.kz ақпаратты тексеріп көрді.

Зомби-фейк | Алаяқтар Kaspi қосымшасында «аккаунтты шектеу» батырмасы арқылы ақша шешеді
WhatsApp мессенжерінде тараған ақпараттың скриншоты
https://videopress.com/v/oddnCyVg?resizeToParent=true&cover=true&preloadContent=metadata&useAverageColor=true

Үкім: Фейк

Factcheck.kz редакциясы осы секілді тараған ақпаратты бұған дейін де бірнеше рет терістеген. Былтыр, 2024 жылы, Kaspi.kz ақпаратқа қатысты оның фейк екенін хабарлаған. Дегенмен, суретте көрсетілген «аккаунтты шектеу» ақпарат рас болуы мүмкін.

«‎Суретте көрсетілгендей “Шектеу туралы толығырақ” батырмасын басқанда банк шотындағы ақша шешіліп алынбайды, тек шектеу туралы толық ақпарат қана көруге болады», – деді банкте.

Зомби-фейк | Алаяқтар Kaspi қосымшасында «аккаунтты шектеу» батырмасы арқылы ақша шешеді
Kaspi.kz жауабы

2024 жылы біз бұл ақпараттың қаңтардан бастап тарай бастағанын, тіпті кейбір қазақстандық БАҚ-та да пайда болғанын жаздық.

Басты беттегі сурет kursiv.media сайтынан алынды

Журналист-фактчекер, Factcheck.kz сайтының авторы әрі шығарушы редакторы. Organised Crime and Corruption Reporting Project ұйымында тағылымдамадан өткен.

Factcheck.kz