Жолдауға фактчек: экономикадағы орта бизнестің үлесі қанша?

Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдау жасады. Әртүрлі тақырыпта сөйлеген президент, орта бизнес туралы да айтпай кетпеді. Factcheck.kz дәстүр бойынша президент сөзін тексерді.

Мәлімдеме: 2029 жылға қарай орта бизнестің ел экономикасындағы үлесі 15 пайызға жетуі керек. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған маңызды міндет. Қазір бұл көрсеткіш – 7 пайыз шамасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Шындық 

Ұлттық статистика бюросының 2024 жылғы қаңтар-наурызындағы дерегіне сәйкес, ЖІӨ-дегі шағын кәсіпкерлердің үлесі 31,1%-ке, ал орта кәсіпкерлердің үлесі 6,6%-ке жеткен. Бұл көрсеткіш былтырға қарағанда 0,1%-ке өскен. 

Жолдауға фактчек: экономикадағы орта бизнестің үлесі қанша?
Дереккөз: Ұлттық статистика бюросы


Кейінгі 5 жылдағы көрсеткішке назар салсақ, шағын және орта кәсіпкерлік бөлінісіндегі ЖІӨ-дегі орта кәсіпкерлердің үлесі 6% айналасында болған. Нақтырақ айтсақ, 2019 жылы 6,3%, 2020 жылы 6,5%, 2021 жылы 6,1%, 2022 жылы 6.2%, 2023 жылы 6,7% болған.

2019 жыл2020 жыл2021 жыл2022 жыл2023 жыл
6,3%6,5%6,1%6,2%6,7%

Материалды дайындаған: Айсұлу Даңғылқызы

Журналист-фактчекер, Factcheck.kz сайтының авторы әрі шығарушы редакторы. Organised Crime and Corruption Reporting Project ұйымында тағылымдамадан өткен.

Factcheck.kz