Жолдауға фактчек: автокөлік құрастыру өндірісі өсті ме?

Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдау жасады. Жолдау барысында еліміздегі автокөлік өндірісі туралы айта келе, оның қарқынды өсіп келеді деді. Factcheck.kz редакциясы президент дерегін тексеріп көрді.

Мәлімдеме: Автокөлік құрастыру ісінде оң нәтижелер бар. Осы қарқынды сақтап, жергілікті өндіріс көлемін ұдайы арттыру керек. 

Қасым-Жомарт Тоқаев, президент

Үкім: Шындық

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылы қаңтар-шілде айында елімізде 70 215 автомобиль және тіркемелер өндірілген. Оның ішінде: жеңіл автомобиль – 63 370, он немесе одан көп адамды тасымалдауға арналған автомобиль – 1 310, жүк көлік – 4 571, арнайы және мамандандырылған автомобиль – 260 және тіркемелер мен жартылай тіркемелер, контейнерлер – 704 дана құрастырылған. Кейінгі 5 жылдағы деректі қарасақ та автокөлік құрастыру өндірісі өсіп келе жатқанын байқауға болады. 

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz