Мессенжерлерде пошта жәшігіне салып кететін уланған әтір туралы орыс тіліндегі ақпарат тарай бастады. Пайдаланушылар бөлісіп жатқан мәтінге сай, әледкімдер “әйгілі бренд иіссуларының шағын үлгілерін пошта жәшіктеріне салып кетеді. Жаңа жылдық акция ретінде. Оларды ашпаңыз да, иіскемеңіз де. Бірнеше рет дем тартқан соң арты өлімге әкеледі. Жақындарыңыз бен достарыңызға ескертіңіз“. Мәтінмен қатар сапасы өте нашар сурет де тарап жатыр. Дегенмен бұл тұста мәтінде нақты қай ел, қай аймаққа қатысты айтылып жатқаны нақтыланбайды.
Factcheck.kz редакциясы ақпараттың қаншалықты рас екенін тексерді.
Үкім: Фейк
Мұндай ақпаратқа сенімді дереккөз жоқ. Осыған ұқасас хабарламаның алғашқы нұсқасы 2001 жылы пайда болып, содан кейін әлемнің түрлі елінде, түрлі тілде сәл өзгерген нұсқада (біз көріп отырған сурет 2014 жылы қосылса керек) тарай бастаған. Оның үстіне, бұған дейін жазғанымыздай, техникалық тұрғыда қарастырғанда да уланған иіссулар туралы оқиғалардың өзі күмәнді. Иіскеген кезде өлімге апаратын улардың түрі шектеулі, ал олардың әсерінің анық байқалатыны сонша, оны құқық қорғау органдарының байқамауы мүмкін емес.
Хабарлама 4 желтоқсанда орыс тілінде тарап, ресейлік және Беларусь баспасөз құралдары мұның жалған екенін жазып жатыр (1, 2, 3), ал 59.ru сайты Пермь полициясынан пікір алған. Ресми орган улы парфюмерия туралы ақпарат жалған екенін және бұл мәселе бойынша полицияға ешкім хабарласпағанын айтты.
Толығырақ
Snopes.com сайтындағы әріптесетірміздің 2001 жылғы материалында жазуынша, әйелдердің уланған иіссудан қайтыс болғаны туралы ақпарат 2001 жылдың қазан айының ортасында, яғни 11 қыркүйектегі лаңкестік шабуылдан бір ай өткен соң пайда болған және содан бері әртүрлі онлайн формда жарияланып отырған. Сол кезде тараған ақпаратта келесідей үзінді бар: “Жеті әйел пошта арқылы жіберілген әтірдің тегін үлгісін иіскегеннен кейін қайтыс болды. Өнім улы болып шықты. Егер сіз пошта арқылы лосьондар, парфюмериялар, жөргектер және т.б. сияқты тегін затты алсаңыз, оларды лақытырып тастаңыз“.
2002 жылы улы иіссулар туралы хабарламалар мұхит асып, желінің израильдік сегментінде тараған (ақпаратты таратуға электронды пошта қолданылған). Бірақ мәтін мәні өзгермеген: жеті әйел пошта арқылы алған уланған иіссуді иіскеген соң көз жұмған. Ал ақпараттың сурет қосылған нұсқасы израильдің орыс тілінідегі қауымдастығында 2014 жылғы жазда пайда болса керек (1, 2).
Осындай ақпараттың Еуропада тарағаны туралы 2016 жылы италиялық Wired.it сайты жазды. Бірақ ақпараттың итальян тіліндегі нұсқасында “террористтер” сөзінің орнына “арабтар” деген сөз пайдаланылған дейді.
Оның үстіне, бұған дейін жазғанымыздай, өлімге апаратын газ бен аэрозоль иіскегенде, адам удың белгілі бір концентрациясын жұтуы керек. Көп жағдайда оны мысалы, блоттерге себілген спрейдің бір дозасындағы заттардың саны мен ашық кеңістігін қамтамасыз ету мүмкін емес. Одан бөлек, иіскеген кезде әсер ететін улардың көбінен болатын өлім тараған ақпараттағыдай бірден туындамайды. Себілетін улардан болатын өлім ауыр болады және қатты білінетін қосалқы белгілермен жүреді (тұншығу, құрыспа, аузынан көбік ағу, құсу және басқалары).
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.