Желіде Мұхтар Жәкішевтің табыс табу платформасын жарнамалаған дипфейктер тарап жатыр

Әлеуметтік желі мен кейбір қосымшаларда қолданушылар «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы, кәсіпкер Мұхтар Жәкішевтің қатысуымен түсірілгендей көрінетін жарнамалық бейнероликтерге тап болады. Бұл видеоларда ол қазақстандықтарды «Қазатомөнеркәсіптің» «жаңа жобасына» қатысуға шақырады (1, 2, 3, 4). Бір видеода ол тіркеліп, бір апта ішінде 300 мың теңге көлемінде кепілдендірілген төлем алуға және оның инвестициялық жоспарына қол жеткізуге шақырады. Басқа бір видеода «акция сатып алып, аптасына миллиондаған дивиденд алу мүмкіндігін» ұсынады. Үшінші видеода журналист Вадим Борейкоға сұхбат беріп, жарнамадағы ақпараттың шынайы екенін «растағандай» көрсетілген. Кейбір роликтерде «қатысушылар ризашылығын білдірген пікірлері» бар.

Facebook-тағы жарнама үлгісі
Facebook-тағы жарнама үлгісі
Facebook-тағы жарнама үлгісі

Жарнамалық жазбалармен бірге сайтқа сілтеме қоса беріледі. Уеб-мекенжайлары әртүрлі болып көрінгенімен (exploresall.com, datapathsway.com, gethefting.com, openosamalid.com, zvetetinvet.pro), олардың барлығы бір табыс табу платформасына бағыттайды. Ол жерде пайдаланушы «Қазатомөнеркәсіптің» қазіргі басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың суретіне жолығады.

Желіде Мұхтар Жәкішевтің табыс табу платформасын жарнамалаған дипфейктер тарап жатыр
Платформаның скриншоты

Бір қарағанда, елге танымал адамның атынан жасалған жарнама шынайы болып көрінуі мүмкін. Factcheck.kz редакциясы бұл ақпараттың рас-өтірігін тексеруді жөн көрді.

Үкім: Алаяқтық

Бұл – Мұхтар Жәкішевтің дипфейктерін қолданған алаяқтық схема. Дипфейктердің негізіне Жәкішевтің бұрын түсірілген видеолары алынған (1, 2, 3). Алайда бұл бейнематериалдарда бизнесмен ешқандай жобаға қатысуға шақырмайды – керісінше, олардың бірінде өз атынан жасалған түрлі мәлімдемелерге сенбеуге кеңес береді. Жарнамада пайда болған басқа адамдардың бейнесі мен дауысы да жасанды түрде өңделгені анық.

Мұқият қараған адам бұл дипфейктерді ажыратудың қиын емес екенін байқай алады. Бейнежазбадағы адамдар басын қозғалтқанда бет пішіні бұрмаланып, әсіресе иегінде едәуір өзгешелік байқалады, ал еріндерінің қозғалысы табиғи емес.

Жарнамада айтылған платформаның «Казатомөнеркәсіпке» қатысы жоқ (архивке сілтеме). «Қазатомөнеркәсіптің» ресми сайтында алаяқтар туралы ескерту 13 наурызда жарияланды. Онда фишиң сілтемелер мен жалған сайттар арқылы жеке мәліметтерді заңсыз жинау әрекеттері жасалып жатқаны хабарланған.

Мұхтар Жәкішев 20 наурызда Instagram парақшасында тағы бір видео жариялап, өз атын пайдаланып, инвестиция туралы жалған ақпарат таратқан алаяқтардан сақтануды ескерткен.

Бұл алаяқтық жарнама тек осы мақаладан алынған видеолармен шектелмейді. Болашақта Жәкішевтің басқа да кадрларын қолданып, жаңадан жалған роликтер шығуы мүмкін, бірақ бәрінің мақсаты бір – бір платформаға сілтеме беру.

Дипфейк-видеоны қалай тануға болады

Толығырақ

Бұл ақпаратты тексеру кезінде назар аударуға тиіс жайттар: Мұхтар Жәкішевтің «Қазатомөнеркәсіпке» инвестиция салуға шақырған-мыс видеолары қайда болса да жарияланған, бірақ оның жеке әлеуметтік желілдідегі парақшасында, ресми сайтында немесе ұлттық компанияның парақшаларында жоқ.

Мысалы, жарнаманы Facebook-тегі Katarina Goyette, Alyssa Adlesic Rivera және Digital Frontier сияқты жалған парақшаларда, сондай-ақ «ҚазАтомөнеркәсіп» (архив) деп аталатын, бірақ компанияға ешқандай қатысы жоқ парақша таратып жатыр.

Жарнамадағы сілтемеге өткен қолданушыларды «Қазатомөнеркәсіпке» еш қатысы жоқ уеб-адресі бар сайтқа өтеді (бұрын аталған домендер). Бірақ онда компания логотипі мен басшысының фотосы қолданылған. Сайтқа кірген адамға үш сұрақтан тұратын тест ұсынылады: айына қанша табыс тапқыңыз келеді? Қосымша табыс табу себебіңіз? «Жаңа платформа» туралы қайдан естідіңіз? Осыдан кейін аты-жөні мен телефон нөмірін жазуды сұрайды, әрі қарай «менеджер» немесе «жеке кеңесші» 24 сағат ішінде хабарласады деп уәде беріледі.

Желіде Мұхтар Жәкішевтің табыс табу платформасын жарнамалаған дипфейктер тарап жатыр
Сайт скриншоты

Көрініп тұрғандай, нақты деректерін енгізген адамдарға алаяқтар хабарласады. Мұхтар Жәкішевтің жалған жарнамасына байланысты жарияланған посттың астындағы пікірлерде кейбір қолданушылар сілтеме арқылы кіріп, тіркеліп, тіпті алаяқтармен сөйлесіп те үлгергенін жазған.

Желіде Жәкішевтің дипфейкі бар алаяқтық жарнаманың тарап жатқаны туралы басқа қазақстандықтар да хабарлаған. Facebook қолданушысы Ілияс Ахметов бұл видеоны Duolingo тіл үйрену қосымшасында көргенін айтты. Кәсіпкер Әсет Наурызбаев та жазылушыларына дипфейк туралы ескерту жасады.

Танымал адамдардың атынан жасалған осындай жалған видеолар Қазақстанда алғаш рет тарап отырған жоқ және бұл соңғысы да емес. Мысалы, 2024 жылы дәл осындай жалған жарнамада «Қазатомөнеркәсіп» басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтің аты қолданылған, бұл туралы бірнеше БАҚ жазды. Фейк видеода «Қазатомөнеркәсіп» акциялары арқылы пассив табыс табуға болатын жаңа платформа іске қосылғаны» айтылған. Ал 2025 жылғы ақпанда ұлттық компания екі рет өзінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жасалған жалған видеоүндеулерге қатысты халықты ескерткен (1, 2).

Журналист с 19-летним стажем, медиакритик. Последние 15 лет работала корреспондентом в Азаттыке — Казахской службе Радио Свободная Европа.

Factcheck.kz