Трамптың анасы оның саясатқа араласуы жақсылыққа апармайтынын айтты ма?

2023 жыл, қазан айының басында әлеуметтік желіде Дональд Трамптың анасы Мэри Энн Трамп ұлы туралы айтты деген ақпарат тарап кетті (1, 2, 3, 4, 5, 6). Ол цитатада былай деп жазылған: «Иә, ол ақымақ әрі санасы таяз және адамдармен дұрыс сөйлесе алмайды, бірақ ол менің ұлым. Дональд ешқашан саясатқа араласпайды деп үміттенемін. Бұл істің соңы жақсылыққа апармайды». 

Бұл посттарға Дональд Трамп пен анасының фотосы қойылған, болжаммен бұл сурет басылымда шыққан және жоғарыдағы цитата ағылшын тілінде жазылған. 

Трамптың анасы оның саясатқа араласуы жақсылыққа апармайтынын айтты ма?

Factcheck.kz редакциясы Мэри Энн Трамп расымен солай айтты ма, жоқ па, тексеріп көрді. 

Үкім: Фейк

Біз сенімді ақпарат көздерінен Дональд Трамптың анасының желіде тарап кеткен бұл сөзін таба алмадық. Бір қызығы, желіде бұл цитата 2019 жылы пайда болған, ал Мэри Энн Трамп 2000 жылы қайтыс болған. Егер расымен цитатаның иесі Дональд Трамтың анасы болса, біз мұны әлдеқайда ертерек көрер едік, мысалы 2016 жылы өткен АҚШ президентінің сайлауында.

Snopes, PolitiFact, Factcheck.org, Reuters, LeadStories және An-Nahar фактчекерлері де дәл осындай шешімге келген.

Нақтрыақ айтсақ

Сурет арқылы кері іздеу құрылғыларына сүйенгенде, біз 2016 жылы New Yorker журналына шыққан Дональд Трамптың анасымен түскен суреті табылды. Ол жерде цитата жазылмаған. Фото түсірілген уақыт пен жер жазылмаған. 

Суретке цитатаны қосу 2019 жылдың соңына қарай пайда болды (1, 2, 3, 4). Желідегі бұл постардың шығуы Дональд Трамптың бірінші импичмент процесімен сай келіп тұр. 

Алғашқы посттар қарапайым «цитата» жазылған сурет ретінде жариялана бастаған. Кейбір интернет-қолданушылар оны мем ретінде, ал өзгесі рас сөз ретінде қабылдаған. 

Трамптың анасы оның саясатқа араласуы жақсылыққа апармайтынын айтты ма?

«Газет қиындысындағы» фотография желіде кейінірек, 2020 жылы пайда болды (1, 2). 

Трамп туралы пікір жарияланған постардың бәріне ортақ бір нәрсе бар – дереккөзге сілтеме мен датасы жазылмаған. Кілт сөздер мен сурет арқылы іздеудің нәтижесінде тек дәл сондай жарияланымдар шығады.

Мэри Энн Маклеод Трамп 2000 жылдың 7 тамызында, 88 жасында қайтыс болған. Егер бұл сөздің авторы расымен осы кісі деп ойласақ, онда мұны журналистер құжаттап қояр еді, әрі бұл жаңалықтың даулы болатынын еске алсақ, бізге 2019 жылға дейін-ақ жетер еді. Оған қоса Дональд Трамп президенттікке сайлауға түсемін деп 1999 жылы-ақ шешім қабылдаған, ал 2016 жылы үміткер атанып, жеңіп шықты.

Осы цитатаға сәл-пәл ұқсайтын пікірді Мэри Энн Трамп болжаммен 1990 жылы айтқан. Дональд Трамп пен оның бірінші әйелі Ивана Трамптың өмірі мен ажырасуы туралы Vanity Fair материалында айтылмаған дереккөзге сілтеме жасап, бизнесменнің анасы оның әйеліне «Мен қандай ұл өсіргем?» деп айтқаны жазылады. Дегенмен бұл жерде Трамптың отбасына көңіл бөлмейтініне қарап айтылған, оның ақыл-ойына қатысты ештеңе жоқ. 

Журналист, сценарист. Изучала политическую журналистику.

Factcheck.kz