Поляк басылымы Украинада соғыс басталғалы 10 мың поляктың қаза тапқанын хабарлады ма?

20-21 тамызда бірнеше ресейлік БАҚ поляктың Myśl Polska басылымына сілтеме жасап, «Украинадағы соғыста кемінде 10 мың поляктың қаза тапқанын» хабарлады (1, 2, 3, 4) (архив: 1, 2, 3, 4). Нарратив әлеуметтік желілерде де тарап кетті (1, 2, 3, 4). Factcheck.kz редакциясы поляк басылымының осындай мәлімдеме таратқанының рас-өтірігін зерттеп көрді.

Үкім: Фейк

Myśl Polska сайтында Украинадағы соғыста қаза тапқан 10 мың поляк туралы мәлімет жоқ. Басылымның ресми өкілі БАҚ-та цитата келтірілген материалдың жоқ екенін айтты.

Фейктің қалай тарағанын төменнен оқыңыз.

Толығырақ

Ресурстардың көбі дереккөз ретінде тақырыпта Myśl Polska (1, 2) басылымын көрсетті. Ал мәтіндегі сілтемелер басқа ресейлік баспасөз құралдарына апарады. Мысалы, Russia Today былай деп жазған: «Российская газета» басылымының материалға сілтеме жасап хабарлауынша, олардың көбі поляк армиясында немесе резервте болған». Ал «Материалға сілтеме» деген сөз тіркесін басқанда, Myśl Polska негізгі парақшасы ашылады.

Біз тапқан ең ерте шыққан материал 19 тамызда Астана уақытымен сағат 22:02 кезінде «Милитарист» телеграм-арнасында анонимді түрде жарияланған.

Бір қызығы, басқа Telegram-арналардан бөлек (1, 2, 3), «Милитаристке» сілтеме жасаған жаңалықты pravda-pl.com (архив) басылымы да бөліскен. Ресурс поляк тілінде шығатынымен, оның дизайны кремльшіл ZOV сетка жаңалық сайттарымен бірдей: news-kiev.ru, news-kharkov.ru, kherson-news.ru. Сонымен қатар ақпарат консерватив оңшыл Unser Mitteleuropa неміс сайты мен ағылшынтілді EPrimeFeed ресурсында да шыққан. Ол да «Российская газета» басылымына сілтеме жасаған.

10 мың адамның қаза тапқаны поляк армиясының санына қатысты бағаланғанын да айта кету керек. О баста «Милитарист» шындыққа жанаспайтын пропорция келтірген: ол Польша армиясының саны 60 мың адам екенін айтқан. Яғни, канал автор/ларының логикасына сенсек, Польшаның әр алтыншы сарбазы Украинада қаза тапқан. «Российская газета» әскери қызметкерлер санын өсіріп, 160 мыңға жеткізген, алайда мұндай жағдайдың өзінде 10 мың адамның қаза тапқанын жасыру өте қиын болар еді. Сонымен қатар, қаза тапқандардан бөлек, жарақат алғандар мен құлдыққа түскендер де болатынын ескеру керек.

Ресми дерек бойынша, Польша армиясында 167 мың адам бар.

Алайда бұл жағдайдың негізгі проблемасы мынада: дереккөз ретінде көрсетілген Myśl Polska сайтында 10 мың сарбаздың қаза тапқаны туралы ақпарат жоқ. Myśl Polska шолушысы Матеуш Пискорский ресми түрде журналистің мәлімдемесін жоққа шығарды.

Myśl Polska апталығының редколлегия мүшесі ретінде ресейлік әріптестеріме айтарым: цитата келтірілген материал жоқ. Дереккөздік тексеріп, қазіргі соғыс туралы бейтарап ақпарат таратып, русофобтарға қосылмай отырған аз ғана поляк басылымдарының имиджіне нұқсан келтірмеген жөн. Бізде жалдамашы  поляктардың өлімі туралы ақпарат жоқ.

Матеуш Пискорский

Ол поляк билігі Украинада жалдамашылардың бар екеніне пікір білдірмегенін атап өткен. Кейін оның жазбасын Myśl Polska басылымының ресми Telegram-арнасы жариялады.

Пискорскийдің жазбасынан соң журналистке сын айтушылар көбейді, осыған орай ол алғашқы дереккөз ретінде поляктардың ең байырғы басылымдарының бірінде жарияланбаған мақаланы көрсеткен БАҚ манипуляциясына қатысты пікір білдіргенін айқындай түсті.

Кеше кейбір ресейлік БАҚ Myśl Polska апталығында жарияланбаған мақалаға сілтеме жасап ақпарат шығарғанына назар аудардым. Мен бұл газеттің редколлегия мүшесімін және ондай мәтіндерді жарияламайтынымызды білемін. Мен ресейлік журналистер бірдеңе жарияламас бұрын дереккөзді тексеруі керек деп айттым. Бастысы, олар тәуелсіз басылымдарды өз мақсаттарында қолдануға құқылы. Бұл айқын. Мен Украинада қаза тапқан поляк жалдамашылары туралы пікір білдірген жоқпын, себебі менде ондай ақпарат жоқ.

Матеуш Пискорский

Журналист, сценарист. Изучала политическую журналистику.

Factcheck.kz