«Паллиуд»: Палестинадағы жалған қойылымдар туралы талдау

Жалған ақпарат таратумен күресетін британдық Logically Facts ұйымы Хамастың Израиль аумағына 2023 жылдың 7 қазанында басып кіруінен кейін желіде «Паллиуд» термині жиі қолданылатынын атап өтті. Сарапшылардың пікірінше, 7-27 қазан аралығында «Паллиуд» туралы 146 000 рет айтылған, соның 82 000-ы жеке тұлғаларға тиесілі. Қазір мұның саны әлдеқайда көп болуы мүмкін.

Factcheck.kz редакциясы «Паллиуд» термині неден басталғанын және оның ақпараттық соғыста қандай рөл атқаратынын талдап көрді.

Қысқаша айтқанда

  • «Паллиуд» терминін америкалық тарихшы Ричард Ландес ойлап тапқан. Бұл термин Батыс журналистерімен біріккен Палестинаның бұрмалау, манипуляция жасауын сипаттау үшін қолданылған. 2000 жылдың қыркүйегінде Израиль мен Палестина арасындағы соғыста қаза тапқан 12 жасар Мұхаммед әл-Дураның өлімі камераға түсіп қалып, бүкіл елді дүрліктірген еді. Алайда бұл видеоның рас-өтірігін әлі ешкім дәлелдей алмай жатыр.
  • Ричард Ландестің басқа да айтқандарын, сондай-ақ қақтығыстың қазіргі шиеленісуі кезінде пайда болған кейбір хабарларды талдап, манипуляция не дәлелденбеген деген қорытындыға келдік. Жалпы, Палестинада фейк бейнелер түсіретін бір «индустрияның» болуы туралы идеяның өзі дәлелденбеген әрі конспирологияға саяды.
  • «Паллиуд» жалпы ақпарат әлеміне теріс әсер етеді. Атап айтқанда, Logically Facts сарапшылары кейбір интернет қолданушылары арасында шын құрбандарды мазақ етіп, оларды құнсыздандыратын тенденция пайда болғанын жазған. «Фейк ньюс» терминін теріс пайдалану сияқты, «Паллиуд» Палестинаның және әлемдік БАҚ-тың Газа секторында болып жатқан оқиғалар туралы кез келген мәлімдемесін жоққа шығаратын ыңғайлы құралға айналды. Бұл журналистер мен құқық қорғау ұйымдарының жұмысын қиындата түседі.
  • Біз әскери қақтығыстар кезінде жалған ақпарат жоқ деп кесіп айтпаймыз. Дегенмен әр материал күмәнді теорияларға негіздемей, толық тексерілуі керек.

«Паллиуд» деген не?

Холлиуд пен оның үндістандық нұсқасы Боллиуд туралы бәрі білетін шығар. Ал нигериялық Ноллиуд туралы екінің бірі біле бермес. Әлеуметтік желі мен бұқаралық ақпарат құралдарында «Паллиуд» (1, 2, 3) атауы да кездеседі. Бұл Палестина-Холлиуд екі сөзінің бірігуінен шыққан. Бұл терминді америкалық тарихшы Ричард Ландес ойлап тапқан. Ол 2005 жылы «Паллиуд. Палестиндік деректер ізімен» деректі фильмін түсірген.

Ландес «Паллиудты» жалған фотосурет пен бейне түсіру индустриясы деп атаған. Бұл жалған оқиғаларды нақты кадр, оқиға деп ұсыну. Паллиуд — Израиль агрессиясынан зардап шегетін палестиналықтардың бейнесін таратуға бағытталған ақпарат көзі. Ландестің айтуынша, көбінесе жаралылар мен өлілерді ойнайтын адамдар, ауқымды көріністерді түсіруден тұрады. Жарақат алған құрбандардың жанында дәрігерлер мен жедел жәрдем, сондай-ақ журналистер де жүреді.

18 минуттық бейнероликте тарихшы жалған деп санаған үзінділер жинақталған. Олардың көпшілігі екінші интифада кезінде түсірілген сияқты.

Интифада Әл-Ақса (екінші интифада) — 2000 жылғы қыркүйектің соңында басталған Палестин арабтарының Израиль билігіне қарсы қарулы көтерілісі. Оның триггері — израильдік саясаткер Ариэль Шаронның Ғибадат тауына сапары. Палестиналықтарға бұл тау киелі мекен, саясаткердің бұл әрекетін арандату деп қабылдап, көтеріліс бастайды. Бір күн бұрын Нетарим қиылысында екі жарылыс болып, израильдік әскери Дэвид Бири қаза тапқан. Сонымен бірге, Палестина ұлттық әкімшілігінің байланыс министрі Имад әл-Фалуджи «Интифада Шаронның әл-Ақса мешітіне жасаған жексұрын сапарынан болды деп ойлайтын адам қатты қателеседі. Бұл интифада Президент Арафаттың Кэмп-Дэвидтегі келіссөздерден оралғаннан кейін бірден алдын-ала жоспарлаған» деп айтты.

Тарихшы «жаңалықтар сюжетін контекстен тыс кадрларын қарауды» ұсынады, бірақ сонымен бірге пікір қосады. Ландес 2006 жылы «Паллиудтың пайда болуы» 1982 жылы Ливанға басып кірген кезде байқалған деп жазған. Сонымен бірге оның «сахналанған азап» туралы деректі эссесі 2005 жылы ғана жарық көрген. Бұған не себеп болды?

Мұхаммед әл-Дура туралы

Ландес өзін «Паллиуд» терминінің авторы және оның зерттеушісімін дейді. Тарихшы осы тақырыпқа деген қызығушылығын 12 жасар Мұхаммед әл-Дураның ісімен байланыстырады. Жасөспірім Израиль мен Палестина әскерлері арасындағы атыс кезінде қаза тапқан. Оның өлімін бүкіл әлем көріп, әл-Ақса интифадасының символына айналды.

2000 жылы 30 қыркүйекте Мұхаммед әл-Дура әкесімен бірге Нетзарим қиылысында болған. Осы уақытта Палестина мен Израиль тараптары арасында атыс басталып кеткен. Әкесі де, ұлы да жарақат алып, үлкені әл-Дура аман қалған. Кейін бала да жарақаттанып қайтыс болды. Бұл қайғылы оқиға France 2 телеарнасының штаттан тыс қызметкері Талал Әбу Рахманың объективіне түсіп қалған. Ол бұл материалды шұғыл түрде редакцияға жіберіп, бейне 59 секундқа дейін қысқартылып, жаңа мәтінмен дыбысталып эфирге шыққан.

Талал Абу Рахманның айтуынша оқиға (атыс) 45 минутқа созылып, оның 27-сін өзі түсіріп алған. Ол сондай-ақ әл-Дура отбасына оқ атуды Израиль армиясы бастағанын сенімді түрде айтты. Оқиға болғаннан кейін Израиль әскери күштері баланың қайтыс болғанына өкініш білдірді. Израиль армиясының операциялық бөлімінің бастығы Джиора Аралдың хабарлауынша, ішкі тергеу израиль сарбаздары оқ атқанын көрсеткен.

Кейінірек бұл мәселені физик Наум Шахаф бастаған топ зерттеді. Зерттеушілер қосымша фотосуреттер мен бейнелерді зерттеп, оқиғаның жаңа нұсқасын айтты. Шаховтың командасы баланы Палестина жағы атып өлтіруі мүмкін деп болжады. Содан кейін бұл нұсқа «Палестина, БАҚ және БҰҰ бірлескен өндірісіне» дейін ұлғайған.

France 2 қойылым қою және манипуляция идеясы ізбасарларының бірі – Филипп Карсенти. Француз саясаткері және Media-Ratings негізін қалаушы өз ұстанымын белсенді білдіргені соншалық – арна оған қарсы бірнеше сот ісін қозғады. Хабар таратушы Карсентиді жала жапты деп айыптап, ақыры бұл істе жеңді.

2010 жылы «Jerusalem post» Карсентиге арналған мақаласын жариялаған. Бір қызығы, ол 2005 жылы Джиора аралы әл-Дураның өлімі үшін Цахал жауапкершілігін алғашқы мойындаудан бас тартты деп мәлімдеген. Біз ондай әскери адамның тікелей дәйексөзін таппадық.

Сол 2005 жылы Ричард Ландестің «Паллиуд: Палестина дереккөздері бойынша» деректі фильмі шықты. Ландес жасөспірімді өлтіру қолдан жасалу теориясын алға тартады.

«Паллиуд. Палестиндік деректер ізімен»: сюжет

Ландестің видеосы симуляция анық көрінетін (мыс) үш кадрдан басталады.

France 2 репортажына алғашқы бөлігі қосылған.

Ландес «палестиналық емес оператор» түсірген басқа бұрыштағы кадрлардан (Vimeo-да футаждар Associated Press-ке тиесілі деп көрсетілген) кейбір оғаш бейнелерді көруге болатынын айтады. Ол ауыр жарақат алған адамның тым өрескел эвакуациясын, жарақат алған жерде қанның болмауы және бірден пайда болатын жедел жәрдемді атап өтеді. Сонымен қатар, тарихшы қойылымға деген сенімін білдірмейді, керісінше күмәнданады – «бұл нақты факт немесе сахналық қойылым да болуы мүмкін».

Келесі эпизод – Палестина мен Израиль тараптары арасындағы атыс, ол палестиналықтардың жағынан түсірілген. Ландес бұл көріністің қойылым екенін сенімді түрде айтады.

«Паллиуд»: Палестинадағы жалған қойылымдар туралы талдау
«Паллиуд. Палестиндік деректер ізімен» фильмінен скриншоттар

2002 жылғы сәуірде түсірілген израильдің барлау дроны түсірген бейне. Дженин провинциясындағы бейбіт тұрғынның жерлеу рәсімі кадрға түсіп қалған. Жерлеу барысында зембілдер бірнеше рет құлап, «оларға қайта мінген өліктер» бар деп болжанған.

«Паллиуд»: Палестинадағы жалған қойылымдар туралы талдау
«Паллиуд. Палестиндік деректер ізімен» фильмінен скриншоттар

Бұл талдау автордың субъектив пікір екенін атап өтейік. Сонымен қатар, біріншісінде ол тек күмәнданады, ал үшіншісінің сапасы нашар. Бұдан кейін де Ландес: «Паллиудқа қош келдіңіз» деп қорытындылайды.

Бір қызығы, фильмде Мұхаммед әл-Дураның өлімі туралы еш кадр жоқ. Тек соңында ғана New York Times-тен үш адамның қайтыс болғаны туралы хабарлама пайда болған: палестиналық полицей, «жедел жәрдем» жүргізушісі және 12 жасар бала.

«Паллиуд»: Палестинадағы жалған қойылымдар туралы талдау
«Паллиуд. Палестиндік деректер ізімен» фильмінен скриншоттар

Кадрға түсініктеме: «2000 жылдың 1 қазанында New York Times газеті қайтыс болған үш адам туралы хабарлаған. Бір күн бұрын олардың екеуі негізсіз екенін білдік». Автор нақты кім туралы айтып отырғаны белгісіз.

Мұхаммед әл-Дурамен болған оқиғаның ресми нұсқасы әлі жоқ. Іс бойынша барлық ақпарат www.aldurah.com сайтында сақталады Онда сіз болған оқиғаның барлық нұсқасымен таныса аласыз. Олардың бесеуі: Израиль әскери күштері баланы әдейі атып тастады (ең танымал нұсқасы, сайт авторларының айтуы бойынша), Израиль әскери күштерінің кездейсоқ атуы, палестиналықтар өлтірді, палестиналықтар баланы әдейі атып тастады және ең танымал емес нұсқасы — қойылым.

«Паллиуд» 2023

2023 жылғы 7 қазанда ХАМАС тобының Израильге басып кіруі және ЦАХАЛ-ға тойтарыс беру операциясы басталғаннан кейін желіде «Паллиуд» туралы жиі айтыла бастады. Logically Facts мұндай нәрсені «үрейлі» деп атайды, өйткені ол сахналанған кадрларды әшкерелеуге емес, құрбандар мен ақпараттарды мазақ ету мен құнсыздандыруға бағытталған. Көп адам үшін «Паллиуд» аксиомаға айналды: «Палестинада барлық оқиға қолдан жасалған, ал құрбандары шынайы емес».

  • «Паллиуд»: Палестинадағы жалған қойылымдар туралы талдау
  • «Паллиуд»: Палестинадағы жалған қойылымдар туралы талдау
  • «Паллиуд»: Палестинадағы жалған қойылымдар туралы талдау
  • «Паллиуд»: Палестинадағы жалған қойылымдар туралы талдау
  • «Паллиуд»: Палестинадағы жалған қойылымдар туралы талдау
  • «Паллиуд»: Палестинадағы жалған қойылымдар туралы талдау

Әлеуметтік желі қолданушылары, тіпті кейбір шенеуніктер мен медиа адамдар «Паллиуд» теориясын тарату арқылы жалған ақпаратты көбейтіп жатыр.

«Газадағы дарынсыз актер»

Мысалы, әлеуметтік желіде «ең танымал дарынсыз актер» туралы әңгіме әлі де бар, ол басында «Израильге шабуыл жасағанына қуанады», содан кейін «аурухана бөлмесінде азап шегеді», ал келесі күні «емделіп шыға келеді».

  • «Паллиуд»: Палестинадағы жалған қойылымдар туралы талдау
  • «Паллиуд»: Палестинадағы жалған қойылымдар туралы талдау
  • «Паллиуд»: Палестинадағы жалған қойылымдар туралы талдау

Бірінші слайдтың сол жағындағы үш кадр палестиналық блогер Салех әл-Джафаравидің (1, 2, 3) Газа секторында болып жатқан оқиғаларды бейнелейтін әйгілі (Instagram-да 4,2 миллион жазылушы) бейнесінен алынған.

Оң жақтағы сурет тамыз айында TikTok-та пайдаланушы @hamodahmdan1 жариялаған бейненің скриншоты. Журналистердің зерттеуі бойынша (1, 2, 3) аурухана палатасындағы адам @esam_zandek деп мәлімдейді. Тамыз айында ол шынымен ауруханада болып, аяғын кестірген. Басқа бір ракурстарда @esam_zander әл-Джафаравиге ұқсас. Сондай-ақ, блогер бейнесі ретінде берілген бейнеде @esam_zandek (1, 2) қонақтарын көруге болады.

Интернет қолданушылар 2 суреттің өтірік екеніне сенген, алайда көпшілікке блогердің «қалған рөлі де» қызық болып тұр (1, 2). Барлық “рөл” бір мемде.

«Паллиуд»: Палестинадағы жалған қойылымдар туралы талдау

11.10.2023 күні салынған сурет әл-Джафаравидікі емес.

«Паллиуд»: Палестинадағы жалған қойылымдар туралы талдау

Agence France-Presse фактчекерлері бұл суреттің желіде 2022 жылғы қазанда пайда болғанын анықтады. Facebook қолданушысы Surattana Sawadkit оны өткен жылғы Хэллоуинге жариялаған.

6 қазандағы сурет бейнеклиптен алынған.

Қалған суреттерге келсек, біз Салех әл-Джафаравидің блогер және ол соғыс көріністерін көрсету арқылы танылғанын айттық. Оның ауруханаларда, оқ атылған жерде және т.б. суреттеріне таңқалатын дәнеме жоқ. Бірақ оның ерікті немесе донор болып көрінуі сахналық түсірілімге қатысатынын білдіре алмайды.

«Фильм түсірілімі»

Газадан шыққан «бекстейждер» өте кең тараған (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11). Кейбіреулері инфо әлемге бірнеше рет тарап кетеді. Мысалы, 2023 жылдың желтоқсанында «Паллиуд» қызметінің дәлелі ретінде түрік TRT арнасының видеосы кең тарады.

Дәл осындай жалған контексттік бейнені 2019 жылы табуға болады. Сюжетте Газа секторындағы визажисі Мәриям Салах туралы айтылады, ол макияжды өз бетінше үйренген әйел адамға қиын болатынына қарамастан жетістіктерге жеткен. Репортажда оның Médecins du monde жобасына арналған жұмыстары көрсетілген. Алайда Салахтың нақты жарақат, өлім-жітімді түсіру үшін макияж жасағанына еш дәлел жоқ.

Ливандық режисеер Махмуд Рамзидің қысқа метражды «The Reality» видеосы да осындай күй кешті.

«Паллиуд»: Палестинадағы жалған қойылымдар туралы талдау
Скриншот поста в X (действие аккаунт приостановлено, архив)

Фильм үзіндісін шынайы құрбан ретінде көрсетпеген.

«Балалардың орнына қуыршақ»

Желтоқсан айында Jerusalem Post Al Jazeera-да «баланың орнына қуыршақтың бұлыңғыр бейнесі» туралы материал шығарған. Әлеуметтік желі қолданушылары бұқаралық ақпарат құралдарының мәлімдемесін қайталаған (1, 2, 3, 4). Бейнеде Omar_aldrirawi деп видео авторы жазылған. Оның Instagram профилінде ол Газаның фототілшісі екендігі көрсетілген. Баламен бірге бейне осында, мында және мына жерде. Фотограф қайтыс болған баланың 5 айға толмағанын жазды.

Фотосуретті кері іздеу арқылы біз тағы бір тілшіні таптық, ол баланың аты Мұхаммед Хани Әл-Захара екенін көрсетті. Getty Images сайтындағы Muhammad Hani Al Zahar сұранысы бойынша жоғары сападағы 24 суретті табуға болады. Олардың кейбіреулері қуыршақтарға тән емес тері құрылымын, көзді және бет әлпетін көрсетеді (1, 2).

Сот-медициналық сарапшы Линда Айлс ААР FactCheck-ке баланың сыртқы келбеті өлімнен кейінгі процестерге сәйкес келетінін растады. Ақпаратты басқа фактчекерлер де тексерді («Проверено», Lead Stories), олар да оның нағыз бала екенін растады.

Қорытынды

Жалған қойылымдарды әшкерелеу фейк ақпарат ағынын азайтуға көмектесуі керек еді, бірақ біз кері жағдайды көріп отырмыз. «Паллиуд» Палестинаның ғана емес, сонымен қатар әлемдік БАҚ-тың кез келген мәлімдемесін жоққа шығарудың ыңғайлы құралына айналған. Бір қызығы, Ричард Ландес өз фильмінде медианы «аңқау» деп атап, бұқаралық ақпарат құралдарын «Палестина киноиндустриясымен» сөз байласты деп айыптайды.

«Мұның бәрі өтірік, мұның бәрі — Паллиуд» тұжырымдамасы бар фактілер тексеруді қиындатумен қатар, көптеген жалған хабарламаның пайда болуына ықпал етеді. Қарулы қақтығыстар аймағындағы хабарламалар  алдын ала дайындалған теорияға негізделмеуі керек.

Журналист, сценарист. Изучала политическую журналистику.

Factcheck.kz