Instagram әлеуметтік желісінде Марс бетінен түнгі аспанды түсіріп алғаны туралы видео тарап жүр. Ақпаратқа сай, видеоны NASA-ның Curiosity құрылғысы түсіріп алған. Видеода жұлдыздарға толы ғаламның көркем көрінісі мен Curiosity құрылғысының кескіні қатар ұсынылған. Бұл видео көпшілікке ерекше әсер қалдырып, ғылыми жаңалық ретінде қабылданды.

Үкім: Манипуляция
Бейнежазбада көрсетілген бейне рас, алайда видео компьютерлік графика арқылы жасалған. Яғни оны Curiosity құрылғысының өзі түсірмеген. Мақсаты — көрермендерге Марстағы түнгі аспанның қандай болуы мүмкін екенін көрсету. Nasa-ның реактивті қозғалыс зертханасы бұл видеоға арнайы жауап беріп, YouTube платформасында видео жариялады.


NASA Curiosity расымен де Марс бетінен аспанды суретке түсірген. Бірақ бұл суреттер техникалық және ғылыми мақсатта жасалған, әрі оптикалық мүмкіндіктері шектеулі. Curiosity-де жұлдызды аспанды жоғары сапада түсіретін астрономиялық камера жоқ. Оның MastCam және NavCam камералары негізінен Марс бетін зерттеуге арналған. NASA бірнеше эксперимент аясында түнгі аспанды түсіруге тырысқан, бірақ оларда жұлдыздар анық көрінбейді. 2020 жылы Curiosity марсоходы Phobos (Марстың серігі) тұтылуын, сондай-ақ күннің батуын түсірген видеолар жариялады — бірақ оларда «жұлдыздармен көмкерілген галактикалық» көрініс жоқ.
Материалды Factcheck Dive курсының түлегі Роман Бұрқаш дайындады
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.