Америкалық арна қара құрдым дыбысы орнына Зеленскийді көрсеткен бе?

Интернетте америкалық бағдарламаның жазбасы тарады. Онда қате кетіп, көрермендер қара құрдым дыбысының орнына Украина президенті Зеленскийдің сөзін тыңдады-мыс. “Проверено” ақпараттың қаншалық рас екенін тексеріп көрді.

Бұл видео қазанда бірқатар ресейлік Telegram-арнада және медиада пайда болды (мұнда, және мұнда).

WDIV-TV (Local 4) арнасындағы бағдарламаның фрагменті делінген вирустық бейнені мұқият қарасаңыз, оның өңделгенін байқауға болады. Видеоның басында жүргізуші Эврод Кассими NASA қара құрдым дыбысының қалай шығатынын көрсеткенін айтады, ал оның әріптесі Ронда Уокер бұл дыбысты тыңдауды ұсынады. Кейін видеоның 0:07 секундында қара құрдым орнына Зеленскийді көрсетіледі. Украина президентінің сөзі 0:11 секундқа дейін жалғасады. Видеода Зеленскийдің 2022 жылғы 3 маусымда жарияланған мәлімдемесінің бір бөлігі екені анықталады, онда ол: “жер бетіндегі әркімге жақсы таныс” дейді.

Бейнежазбаның төменгі оң жақ бұрышына қарасаңыз, жергілікті уақытты көруге болады: видеоның басында ол 5:54 болды. 0:07 секундтан бастап уақыт 5:55-ті көрсетеді, алайда жеті секундтан соң, 0:14-те уақыт бірден 5:56-ға ауысады. Бұған қарап, жазбадан шамамен бір минуттық видео кесілген деп болжауға болады.

Алғашқыда бұл дыбыс 4 мамырда NASA сайтында және YouTube арнасында хабарланды. 2022 жылғы 21 тамызда NASA Twitter-дегі ресми аккаунтында қара құрдым дыбысының толқындары жазылған аудиороликті жариялады. Кейін осы айдың соңында бұл жаңалық интернетте тарады.

Local 4 News жүргізушілерінің жаңалықты шамамен қай уақытта хабарлайтынын біле отырып, фактчекерлер олардың әлеуметтік желілері мен бағдарлама аккаунтын тексерді. Сөйтіп олар Кассимидің Facebook парақшасынан өңделмеген, кесілмеген тұпнұсқа видеоны тапты. Жүргізуші оны 25 тамызда жариялаған. Ондағы видеоның 0:07 секундынан 1:05 секундына дейін Зеленскийдің сөзі емес, NASA-ның түпнұсқа аудиожазбасы ойнатылады. Жазабадағы қара құрдым дыбысы 1 минут 30 секундқа созылған.

Factcheck.kz