Құлаққап есту қабілетін төмендете ме?

Құлаққап адамның есту қабілетін төмендетіні туралы әңгіме желіде жиі тараған. Портативті аудио аксессуарлар құлақ қалқандарына жақын орналасқандықтан, деструктивті әсер етеді-міс. Бұл ақпараттың рас-өтірігін тексеріп көрейік.

Біріншіден, Минсктегі Завод ауданының 21-ші орталық емханасының сайтында құлаққаптың қауіпі туралы не жазылғанына назар аударсақ:

80 децибельден (дБ) асатын кез-келген дыбыс ішкі құлақ қалқанына зиян. Әсіресе музыканы құлаққаптан тыңдағанда даусын қатты қою — дыбысты қабылдауға жауап беретін жасушаларға әсер етеді.

Материалдан үзінді.

«Ішкіқалқанды құлаққаптар музыка даусын жоғары деңгейде шығаратындықтан, халық арасында кең тараған. Бірақ қауіптілігі жағынан да бірінші орында. Мұндай құлаққаптан шыққан дыбыс ішкі құлақ қалқанына еш кедергісіз жетіп, денсаулыққа теріс әсер етеді», — деп жазылған емхана сайтында.

1. Ғылыми зерттеулерде не айтылған?

Ғылыми зерттеулерді іздеу үшін Google мен ғылыми еңбектер жарияланған арнайы деректер базасын (PubMed сайты және Cochrane дерекқоры) қолдандық.

  1. «Швед жасөспірімдерінің құлаққап қолдануы және есту шегі» (Nation Library of Medicine, 2017 ж. мамыр-маусым).
  2. «Музыкалық плеерлер және есту қабілетінің нашарлауы» (Trends in Hearing, 28 маусым, 2021 ж.)
  3. «Audio-iPod touch-тан туындайтын рекреациялық шуға байланысты есту қабілетінің жоғалу қаупін бағалау» (Journal of the American Academy of Audiology, 30 тамыз, 2019 ж.).

Бұған қоса, АҚШ-тың Ұлттық еңбекті қорғау институтының дыбыс шектеуі бойынша нұсқаулығын қарастырамыз.

2. Зерттеулерге шолу

№1 Зерттеу

“Швед жасөспірімдерінің құлаққап қолдануы және есту шегі” зерттеуінде ғалымдар респонденттерден құлаққаптың есту қабілетіне әсерін бағалауды сұрады (бірінші кезең) және есту шегін өлшеді (екінші кезең). Зерттеудің бірінші кезеңіне төрт швед гимназиясынан 17 жастағы 280 жасөспірім қатысса, екінші кезеңіне небәрі 50 мектеп оқушысы қатысқан.

Бірінші кезеңдегі сауалнамада жасөспірімдер қандай плеер/құлаққап қолданатынын, музыканы тыңдау уақытын, дыбыс деңгейін қалай қоятынын, құлаққаптан есту қабілеті төмендеді ме, жоқ па, субъективті түрде бағалаған.

An external file that holds a picture, illustration, etc.Object name is NH-19-125-g001.jpg
Суретте зерттеуге қатысқан 280 адамның портативті музыка плеерін қай кезде пайдаланатыны туралы дерек көрсетілген

Екінші кезеңге өткен 50 жасөспірім есту қабілеті мен аудиоплеердегі музыканың дыбыс деңгейін тексеру зерттеуіне қатысқан. Арнайы аппаратурада есту шегін өлшеу кезінде 20 дБ-ден «үлкен немесе тең» деген мән “нормадан тыс” деп саналды.

Зерттеу қорытындысы есту шегінің төмендеп, есту қабілетінің нашарлауы — құлаққаппен музыка тыңдау жиілігінің көбеюі және оның құлаққа ұзақ уақыт әсер етуімен байланысты екенін көрсетті. Бұдан бөлек, ер адамдар әйелдерге қарағанда музыка даусын қатты қойып тыңдауға бейім екендігі анықталған.

Жасөспірімдердің басым бөлігі (88,6%) музыканы күнделікті немесе аптасына бірнеше рет құлаққап арқылы тыңдайтыны белгілі болған. Жасөспірімдердің 80%-і музыканы әр жолы 0,5-2 сағат тыңдаса, 20%-і 3 сағат немесе одан да көп уақыт тыңдаған. Қалқанды құлаққап (49,4%) және тығыздағышы бар құлаққап (37,9%) кең тараған. Респонденттердің 71%-і есту қабілетіне құлаққаптың еш әсер етпегенін, 14%-і есту қабілеті төмендегінін және 7%-і есту қабілетінің нашарлауы жиі кездесетінін хабарлаған.

Екінші кезеңде 50 жасөспірімнің 46%-і құлаққап пен плеерді күн сайын пайдаланатынын мойындаса, 48%-і аптасына бірнеше рет қолданатынын айтқан. Орташа есеппен респонденттер 4 жыл бойы құлаққап арқылы музыка тыңдаған. 14%-і бір уақытта 3 сағаттан астам музыка тыңдаған. Жасөспірімдердің 50%-і тығыздағышы бар құлаққапты, 46%-і қалқанды құлаққап пайдаланған. Көбісі музыканың максималды дыбысын 75-100% қоятынын айтқан.

50 жасөспірімнің 30-ы (60%) есту қабілетінде еш өзгеріс болмағанын және 8-і (16%) есту қабілетінің нашарлағанын айтқан. Яғни, зерттеудің екінші кезеңін 280 жасөспірім қатысқан бірінші кезеңмен салыстырғанда, респонденттер есту қабілетінің төмендеуі көбірек байқалған.

Барлық 50 жасөспірімде тимпанометрия (ортаңғы құлақ жүйесін тексеру) жүргізілген. Барлығында екі жақты ортаңғы құлақ функциясы қалыпты болған. Барлығы таза тонды аудиометриядан өткен (есту шегін анықтау). Құлаққап арқылы 0,5–2 сағат тыңдаған (n = 43) және аудионы 3 сағат немесе одан да көп тыңдаған (n = 7) топтарды салыстырғанда, есту шегі бойынша айтарлықтай айырмашылықтар байқалған. Соңғы топтың зерттеуі оң құлақтың орташа есту шегінің төмендегенін көрсеткен.

Сонымен бірге, дыбыс деңгейі >85 дБ болатын музыканы тыңдаған жасөспірімдер тобының құлаққапты жай қойып тыңдайтын (<85 дБ) топқа қарағанда есту қабілетінің нашарлағаны (құлақтағы шуыл, шуды сезгіштік және шуды шаршау) жиі байқалған.

Бір қызығы, құрылғының дыбыс деңгейін және децибелдегі нақты дыбыс деңгейін субъективті бағалау ғалымдар үшін жеткілікті деңгейде нәтиже бермеген.

№2 Зерттеу

“Музыкалық плеерлер және есту қабілетінің жоғалуы: HUNT тобының зертеуі” атты зерттеуде 2018 жылы 26,606 адамның (орташа жасы 54 жас) дерегі зерттеліп, нәтижесін 1998 жылғы 12,115 қатысушының (орташа жасы 43 жас) дерегімен салыстырылған.

Зерттеушілер Норвегияның Норд-Трёнделаг қаласындағы ересектердің скриниң деректер базасынан алынған ақпаратты пайдаланған.

Зерттеушілер есту шегі мен құлаққапты аптасына 1-2, 2-6 және 6 сағаттан астам пайдалану арасындағы байланысты, сонымен қатар, музыканың дауыс деңгейін зерттеген.

Нәтижесінде, 20 жыл ішінде есту қабілетінің нашарлауы мен құлаққапты пайдалану арасында байланыс табылмаған. Плеер (смартфон) құлаққабын пайдалану да, оны пайдалану ұзақтығы да есту шегінің өзгеруімен байланысты болмаған.

Дегенмен, соңғы нәтижелер есту шегінің өзгеруіне музыка даусының қаттылығы әсер ететіндігін көрсеткен.

№3 Зерттеу

“iPod touch жеке аудио жүйесінің әсерінен рекреациялық шуға байланысты есту қабілетінің жоғалу қаупін бағалау” зерттеуінде ғалымдар iPod Touch құрылғысында дыбысты тыңдау үшін қауіпсіз дыбыс деңгейін анықтаған. Құрылғыға арналған «стандартты» құлаққаптар (яғни, «еркін орналастырылатын» тығыздағыш құлаққаптар) зерттелген.

Зерттеушілер есту қабілеті қалыпты 18 бен 31 жас аралығындағы 40 адамды 4 топқа (бес ер адам және бес әйел) бөлген. Мақалада қатысушылар 30 минуттық интервалмен екі сынақ кезеңінен (музыка тыңдағанға дейін және одан кейін) өткені, оның барысында iPod арқылы әндерді 100%, 75%, 50% немесе 0% дыбыс деңгейінде тыңдайтыны айтылған. Бұл ретте стандартты құлаққаптар арқылы өлшенген дыбыс деңгейі 100% дыбыс деңгейінде 97,0 дБс, 75% кезінде 83,3 дБс, 50% кезінде 65,6 дБс сәйкес болды.

Зерттеу қорытындысы музыканы 100% дыбыс деңгейінде тыңдаған топтың ғана есту шегінің айтарлықтай нашарлағанын көрсеткен. Дыбыс деңгейінің «75%, 50% немесе 0% топтарында» айтарлықтай өзгерістер болмаған. Бір аптадан кейін өткізілген зерттеудің соңғы кезеңінде есту шегінің бастапқы қалыпқа оралғаны анықталған.

Осылайша, музыканың 100% (97,0 дБ) дыбыс деңгейі қауіпті деген қорытынды жасалды. Зерттеушілердің жазуынша, 75% (83,3 дБ) және одан төмен дыбыс деңгейінде музыка тыңдау осы зерттеуде пайдаланылған жағдайларда қауіпсіз болып саналған.

Швед жасөспірімдері қатысқан зерттеуде дыбыс деңгейінің ұқсас көрсеткіші — 85 дБ және Ipod Touch зерттеуінде 83,3 дБ айтылғанын ескеру керек. Беларусь емханасының мақаласында “дыбыс 80 дБ-ден асса, есту қабілетіне қауіпті” деп бекер айтылмаған.

CDC (АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы) сайтында АҚШ-тың еңбекті қорғау ұлттық институтының (NIOSH) нұсқаулығы жарияланған. Оған сай, NIOSH ұсынған кәсіби шудың әсер ету шегі (REL) 85 дБ тұрады (жұмыс күнінің 8 сағатында әсер еткен кезде), ал кәсіби есту қабілетінің жоғалу қаупі (NIHL — “noise-induced hearing loss”) ұзақ уақытқа созылатын шу әсерінен 8% құрайды (бұл қауіптің 25%-іне қарсы Шу 90 дБ әсер еткенде).

Яғни, кәсіби ауруға шалдығу қаупінің артуы децибелдегі шудың өсуіне пропорционалды емес және америкалық институттың мәліметіне сай, 85 дБ құлаққа ұзақ әсер еткенде өте қауіпсіз болуы мүмкін.

Қорытынды

  • Үш зерттеуді және АҚШ-тың Ұлттық еңбек қауіпсіздігі институтының нұсқауын талдағаннан кейін бір қортындыға келеміз. Есту қабілетінің нашарлауына дыбыс деңгейі әсер ететіні туралы нақты зерттеулер бар. Сонымен қатар, есту қабілетінің жоғалуына құлаққап арқылы дыбысты тыңдау ұзақтығы мен жүйелілігіне тәуелділігін жоққа шығаруға болмайды (швед жасөспірімдерінің зерттеуі). Құлаққап арқылы музыка тыңдау шынымен есту қабілетіне әсер етуі мүмкін, десе де бұл гаджет пен аксессуарды пайдалану ерекшелігіне де байланысты.
  • Сонымен қатар, 85 дБ — бұл “қауіпсіз деңгейге” жақын көрсеткіш. Қандай құлаққап қолданылғаны туралы тек екі зерттеуде айтылды (бірінші зерттеуде қалқанды және тығыздағыш құлаққап, үшінші зерттеуде iPod Touch құлаққабы). Ал бірінші зерттеуде ғалымдар құлаққап түріне тәуелділігіне назар аудармаған. Олар есту қабілетіне музыка даусы мен оны тыңдау ұзақтығының әсерін зерттеген.
  • Осылайша, Минск емханасының мақаласындағы деректі ішінара растауға болады: 80 дБ-ден асатын дыбыс есту қабілетіне шынымен зиян болуы мүмкін. Алайда, материалда музыка тыңдау ұзақтығына емес, құлаққаптың дыбыс көзі ретіндегі қауіптілігіне баса назар аударылған. Біз қарастырған зерттеулер бұл мәлімдемені растаған жоқ.
  • Бұдан бөлек, сіздерге алғашқы зерттеудің авторлары респонденттердің құлаққап дыбыс деңгейін анықтау қабілетіне күмәнмен қарайтындығын еске салғымыз келеді. Сондықтан құлаққаппен музыканы қатты қойып тыңдамауға шақырамыз.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz