«Көптеген бақытты жанды көрдім. Арасында сау адам болған жоқ» деген сөзді Джек Николсон айтты ма? 

«Көптеген бақытты жанды көрдім. Арасында сау адам болған жоқ». Желіде бұл сөзді Голливуд актері Джек Николсонға телитіндер көп. Астына актердің аты-жөні жазылған бұл тіркесті әлеуметтік желіден, соның ішінде Facebook желісінен (1, 2, 3, 4, 5, 6) және түрлі форумдардан көруге болады (1, 2, 3, 4).

«Көптеген бақытты жанды көрдім. Арасында сау адам болған жоқ» деген сөзді Джек Николсон айтты ма? 

Николсон шынында да мұндай сөзі көпшіліктің алдында айтты ма, жоқ па, Factcheck.kz тексеріп көрді. 

Үкім: Фейк

Ашық дереккөзде бұл сөзді Джек Николсон айтқанына дәлел жоқ. Ағылшын тіліндегі дереккөзде мұндай дәйексөз мүлдем кездеспейді. Орыс тілінде алғаш рет желіде 2015 жылы пайда болған, бастапқыда авторы көрсетілмеген, кейіннен актерге тели бастаған. 

Анық-қанығы

Біз бұл тіркестің ең алғаш интернетте Х (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі ресейлік блогер Александр Горбунов жүргізетін «Сталингулаг» парақшасында 2015 жылдың 11 мамырында пайда болғанын таптық. Оны автор ойлап тапты ма, әлде басқа бір жерден естіп немесе тыңдады ма, анық-қанығы белгісіз. 

«Көптеген бақытты жанды көрдім. Арасында сау адам болған жоқ» деген сөзді Джек Николсон айтты ма? 
X желісіндегі жазбаның скриншоты

Осы сәттен бастап әлеуметтік желіні пайдаланушылар парақшаларында бұл тіркесті ешқандай дереккөзді көрсетпей, белсенді тарата бастаған, шамасы, мұны халық арасындағы әзіл (немесе философиялық ой) ретінде қабылдаған сияқты. Мәселен, 2015 жылдың 6 тамызында Facebook желісінде украин әзілкеші әрі радиожүргізуші Александр Летичевский бұл сөздерді дәстүрлі анекдоттар топтамасында жариялаған

Дәйексөзді Джек Николсонға теліген ең алғашқы жазба 2016 жылғы 26 мамырда жарияланғанын таптық – украин дипломаты, блогер әрі тележүргізуші Дмитро Чекалкин Голливуд актерінің «дәйексөздеріне» жазба арнаған. Оларды қайдан алғаны белгісіз, себебі автор ешқандай сілтеме келтірмейді. 

Одан кейінгі бірнеше жылда бұл сөздерді Николсон айтты деген жазба кездеспейді. Есесіне, мұндай сөз тіркестері қазіргі заманғы ресейлік фантаст жазушы Михаил Михеевтің 2021 жылы жарық көрген «Барлаушы» романында кездеседі. Кітаптың кіріспесінде бұл сөзді әлдебір профессор иронияға құрылған әзіл ретінде айтады. 

2021 жылдан бастап әлеуметтік желілерде бұл жазбаның авторы ретінде қайтадан Джек Николсон айтыла бастайды, бір қызығы, ең көп аталған уақыты 2024-2025 жылдарға сәйкес келеді. 

Мысалы, 31 мамырда Facebook желісін қолданушы Наталья Пахоменко Джек Николсонның арасында біз тексеріп отырған сөздері де бар дәйексөздер топтамасын жариялап, оны басқа пайдаланушылар 2,2 мың рет бөліскен. Жарияланым 400 мың ретке дейін қаралған. Ал Facebook желісіндегі Vestnik.az басылымының 2024 жылдың 2 тамызында жариялаған жазбасы 350 мың ретке дейін қаралған, жазбаны 1,1 мың рет бөліскен. 

Дәйексөзді түрлі нұсқамен ағылшын тіліне аударып іздеп көргенімізбен, бұл зерттеуіміз үшін маңызды ешқандай мәлімет табылған жоқ. Джек Николсонның дәйексөздеріне арналған материалдарда мұндай сөзі кездеспейді. Тіпті кино тақырыбына арналған орыс тіліндегі сайттардан да бұл дәйексөзді таппадық. Кілт сөздермен іздеу негізінен әлеуметтік желідегі жазбаларға сілтейді. 

Қорыта айтқанда, «Көптеген бақытты жанды көрдім. Арасында сау адам болған жоқ» деген сөздер алғаш рет интернеттің орыс тіліндегі сегментінде өткір әзіл не ой ретінде 2015 жылы пайда болып, бірден пайдаланушылар арасында кең тарады деуге болады. Бұл сөздерді Джек Николсонға телу 2016 жылдан беріде пайда болды. Голливуд актері мұндай сөзді айтқанына ешқандай дәлел жоқ. 

Фактчекер, главный редактор русскоязычной версии Factcheck.kz

Factcheck.kz