ҚТЖ-дағы жемқорлық жайында депутат Берденов не деді?

6 қыркүйекте өткен мәжіліс отырысында депутат Руслан Берденов Қазақстан темір жолы және оған бағынышты мекемелердегі жемқорлық жайында сөз қозғады. Депутаттың айтуынша, кейінгі 5 жылда 136 қылмыстық іс тіркеліп, 52 адам сотталған, соның ішінде пара алу фактісі көп. Factcheck.kz аталған деректі тексеріп көрді.

Тайм-код: 52:48

Мәлімдеме: Cоңғы 5 жылда ҚТЖ және оған бағынышты мекемелерінде 136 қылмыстық іс тіркеліп, 52 адам сотталған.

Руслан Берденов, мәжіліс депутаты

Үкім: Шындыққа жақын

Ашық дереккөзден ҚТЖ-дағы жемқорлық жайында мәлімет таппаған соң, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне ресми сауал жолдадық. Агенттік жауабына сай, кейінгі 5 жылда (2018-2022) 153 қылмыстық іс тіркеліп, 61 адам сотталған.

Мәлімдеме: [сотталғандардың ішінде – ред.] Пара алу фактісі 70%, ұрлық 13% құраған.

Руслан Берденов, мәжіліс депутаты

Үкім: Техникалық қате

Сотталған 61 адамның ішінде пара алу тек 37,7%-ті, ұрлық 6,5%-ті құрады. Депутаттың дерегімен сәйкес келмейді. Ал сотталғандардың ішінде 23-і пара алу, 21-і пара беру, 9-і парақорлыққа делдал болу фактісі бойынша, яғни сотталғандардың 81,9%-і параға қатысты болған. Депутат Берденов осыны меңзесе керек. Төменнен сотталғандардың қылмыс түрі бойынша процентін көре аласыздар.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz