Қазақстанның солтүстігінде түсірілген белгісіз тіршілік иесінің видеосы шын ба?

Instаgram әлеуметтік желісінде «Қазақстанның солтүстігінде бақылау камерасына түсірілген сұмдық кадр» деген мәтінмен белгісіз тіршілік иесінің видео тарап жатыр (1, 2, 3; архивтелген нұсқасы 1, 2, 3). Жарияланымның сипатаммасынан, «өзге ғаламшарлыққа ұқсас белгісіз тіршілік иесі» деген жазбаны байқауға болады. Бұл видео расымен Қазақстанның солтүстігінде түсірілген бе? Factcheck.kz редакциясы оқырман өтініші бойынша анықтап көрді.

Қазақстанның солтүстігінде түсірілген белгісіз тіршілік иесінің видеосы шын ба?

Үкім: Фейк

Видео Қазақстанның солтүстігінде түсірілмеген. Бейне 14.07.2024 күні, сағат 04:27-де түсірілген. Алғаш рет әлеуметтік желілерге 5 ай бұрын, 17 шілдеде жарияланған. Онда, «видео Румынияда түсірілген» деген мәтін бар. Кейін, 5 күннен соң, 22 шілдеде Instgram желісінде жарияланды. Онда да видеоның Румынияда түсірлігені жазылған.

Қазақстанның солтүстігінде түсірілген белгісіз тіршілік иесінің видеосы шын ба?

Видео бірнеше әлеуметтік желілерде әр түрлі тілде жарияланған. Мысалы, тик-ток желісінде қыркүйек айында испан тілінде жарияланып, онда «Сербиядағы жағдай» деген мәтін жазылған. Ағылшын тілінде де жарияланымдарды байқауға болады. Видео тамыз айында шыққан. Бейне Х желісінде де жарияланған. You Tube желісінде де испан тілінде жазылған видеоны таптық. Сондай-ақ, бейненің ағылшын тілінде жазылған мәтінмен Facebook желісінде де байқауға болады.

Журналист-фактчекер

Factcheck.kz