Қазақстан «‎Орта державалар» қатарына кірді ме?

Ақпанның алғашқы жартысында қазақстандық медиада «‎Қазақстанның “Орта державалар” қатарына кіргені» туралы дерек тарады. Ақпараттық сайттардың жазуынша, ‎Германияның «Ғылым және саясат қоры» (SWP) мәліметтері бойынша Қазақстан алғаш рет әлемдегі «орта державалар» тізіміне енген (1, 2, 3, 4, 5, 6, 7).

Factcheck.kz ақпараттың қаншалықты рас екенін және ғалымдардың «‎орта державалар» деп не меңзегенін тексерді.

Үкім: Шындық

Германияның «Ғылым және саясат қоры» (Stiftung Wissenschaft und Politik — SWP) 2024 жылы 23 қаңтарда «Орта державалар — халықаралық саясаттағы ықпалды ойыншылар» деген көлемді мақала жариялағаны рас. Қор қызметкерлері 12 (Түркия, Израиль, Мысыр, Сауд Арабиясы, Үндістан, Индонезия, Эфиопия, Кения, Оңтүстік Африка, Мексика және Бразилия) елдің ішінде Қазақстанды да атайды.

Дегенмен медиа ресурстардың ақпаратты беру тұрғысынан ескерілмеген тұстары бар екенін де айта кеткен жөн. Толығырақ төменнен оқыңыз.

«‎Орта держава» не мағына береді?

Мақала авторлары 12 елді middle-ground powers (қаз. аралық державалар), мittelmächte (қаз. орталық державалар) swing states (қаз. ауытқып тұрған елдер) деп атайды. Авторлардың жазуынша бұл елдер бір-бірінен қатты ерекшеленеді, бірақ барлығын біріктіретін бір зат бар: олар (ықтимал) аймақтық және халықаралық маңызды рөл ойнауы мүмкін. Бұл олардың басқа елдерден айырмашылығын көрсетеді. Олардан география, демография, экономикалық көрсеткіштер, шикізат байлығы, әскери күші не саяси харизма сияқты сипаттамалардың белгілі бір қоспасы байқалады.

Мақала не туралы?

Кейбір сайттар «‎орта державалар» терминін қандай да бір статус не рейтиң секілді түсінгенге ұқсайды. Алайда мұның SWP жазғанын, ал бұл ұйым Германия үкіметіне кеңес беріп отратынын ескерсек, мақала Германия мен Еуроодақ мүддесі тұрғысынан жазылғанын аңғарамыз. «‎Осы орта державалармен ынтымақтастық пен қарым-қатынас Германия мен ЕО үшін маңызды, бұл дағдарыстарға қарсы тұру, саясатты қалыптастыру болса да не сыртқы саяси қатынастарды әртараптандыру арқылы геоэкономикалық тәуекелдерді азайту болса да мейлі»,- деп жазады авторлар. Яғни кейбір сайттардың «Қазақстан бұл тізімге алғаш рет енді‎» деп жазғаны ақпаратты бұрмалауы мүмкін.

Авторлардың жазуынша, бұл елдер үлкен держава емес, бірақ түрлі жағдай мен саясат саласына қарай айтарлықтай ықпалды болуы мүмкін. Сол кезде ғана бұл елдерде стратегиялық мән пайда болады. Бұл мемлекеттердің ішінен Германия үшін ықтимал биполярлық блокта орта позицияны ұстанатындар және кез-келген лагерьге толық қарасты болмауға тырысатындар ерекше қызығушылық тудырады.

Мақала авторлары елдердің әртүрлі екенін бірнеше рет ескертеді. Мысалы, Үндістан «‎орта держава» анықтамасына мүлде келмейді: Үндістан ресурстары мен оның қалыптасу талаптарына байланысты үлкен держава деуге болады, ал Кенияда «‎орта держава» деп санауға көп нәрсе жетіспейді. Түркия мен Израиль Батыстың ажырамас бөлігі болғандықтан, олар іс жүзінде делдал ретінде ешқандай рөл ұсынбайды. Дегенмен, он екі мемлекеттің әрқайсысы үшін үш ортақ нәрсені айтуға болады: экономикалық дамудың маңызы, қауіпсіздік пен тұрақтылыққа көп көңіл бөлу және стратегиялық автономияға ұмтылу.

Мақаланың Қазақстан туралы профилінің авторы Андреа Шмитц қорытындыда еуропалықтар тарапынан прагматизм мен тұтастықты біріктіретін, орындалу мүмкіндігіне назар аудара отырып, нақты мақсатты белгілейтін және ортақ жобалар үшін екі тараптың да жауапкершілігін талап ететін көзқарасты қажет дейді.

Бұл Қазақстанның аймақтағы екі держава – Ресей және Қытаймен тығыз байланысын мойындауды, сондай-ақ жаһандық күш орталықтары арасындағы өсіп келе жатқан кеңістікте Қазақстанның басқа да елдер секілді автономияға деген талаптарын мойындауды білдіреді. Осы мемлекеттер сияқты Қазақстан да саяси лагерь құру шеңберінен шығып, сыртқы байланыстарын қалыптастыруға көп мән береді және «тең жағдайда» серіктестік орнатуды қалайды.

Андреа Шмитц

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz