Жақын күндері БАҚ беттерінде Украинаға БҰҰ еріктілері құрамында елші болып барған актриса Анджелина Джолидің кофейнядағы видеосы тарады. Артынша кофейняда жұмыс істейтін қызметкер ретінде өзін таныстырған жас жігіт А. Джолидің “тістеген” круассаны 1 миллион гривнаға (2022 жылдың 8 мамырындағы ҚР ҰБ-нің гривнаның теңгеге шаққандағы курсы бойынша 14,73 млн теңге) сатамын деген ақпарат тарады. Factcheck.kz фотосуреттің қашан және қайда жарияланғанын анықтап көрді.

Үкім: Фейк
Круассанның фотосуретін TinEye арқылы тексергенде сурет алғаш рет 2015 жылы 22 маусымда жүктелгенін, содан кейін де бірнеше рет жарияланғанын анықтадық.
Одан бөлек, сток-суреттер сервисінде дәл осы фотосурет 2015 жылдың 28 маусымында жарияланған және ол жерден фотоны басқа да ракурстардан қаруға болады.
Сатылымға шыққан круассанның суреті Желідегі круассанның басқа ракурстан түсірілген суреті
Басты назар аударатын тұсы сатуға қойылған фотосуретте авторлық құқықты қорғау белгісі де сақталып қалған.
Контекст
- Анджелина Джоли 2001 жылдан БҰҰ еріктілер құрамына елші болып тағайындалған.
- Актриса 30 сәуірде Украинаның Львов қаласына гумманитарлық көмек көрсету мақсатында барып, Ресейлік ракетаның бөлігін әлеуметтік желісіне бөліскен.
- ЮНИСЕФ-тің мәліметінше Украинадағы әрбір алтыншы мектеп бүлінген немесе жойылғанын жазғанбыз.
Материалды дайындаған Алмабек Ибрайымов
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.