ЮНИСЕФ: Украинадағы әрбір алтыншы мектеп бүлінген не жойылған

Ресей көрші елге қарсы соғыс ашқалы Шығыс Украинадағы мектептердің 17%-і бүлінген не жойылған. Бұл туралы Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) балалар қоры ЮНИСЕФ cайты хабарлады.

БҰҰ Балалар қорының мәліметінше, кейінгі аптада екі мектепке шабуыл жасалған және соғыс басталғалы Украинада “жүздеген мектеп” артиллериялық не әуе шабуылынан зардап шеккен.

Украинада COVID-19 салдарынан болған сәтсіздіктерден кейін оқу жылының басталуы —  балаларға үлкен үміт (сыйлаған-ред.) және біраз уәде айтылған. Бұның орнына жүздеген бала қаза тапты, ал соғыстың кесірінен және оқу орындарының жойылуына байланысты оқу жылы сыныптардың жабылуымен аяқталды.

ЮНИСЕФ-тің Украинадағы өкілі Мурат Сахин.

Сонымен қатар, ЮНИСЕФ мектепке бара алмайтын украиналық балаларды онлайн форматта оқытумен тырысып жатқанын хабарлады. Бұған қоса, олар басқа елдегі украиналық балаларға білім беру жағынан көмектесіп жатыр.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz