1919 жылы ұялы телефондар туралы комикс жарық көрген бе?

Snopes америкалық фактчекиң басылымынынан оқырманы XX ғасырдың бірінші ширегіндегі ұялы телефондар туралы комиксті тексеруді сұраған. Фактчекерлер ақпаратты зерттеп, қызық қорытындыға келген.

1919 жылы 5 наурызда британиялық The Mirror таблоидына шынымен де “Қалта телефоны: ол шырылдаған кезде” атты комикс жарық көрген. Онда қолайсыз уақыттағы — мысалы, концерт немесе үйлену тойы кезіндегі телефон қоңыраулары туралы күлкілі иллюстрациялар салынған. Британиялық карикатура архивіне сәйкес, комиксті У.К. Хазелден жасаған. Ол 1923 жылғы 23 қаңтарда “бәрімізде қалта телефоны болған кезде”деген жазумен қайта шығарылды.

1919 жылы ұялы телефондар туралы комикс жарық көрген бе?
1923 жылы қайта басылған комикс

Шамасы, комикс Marconi Wireless Telegraph компаниясы — алыс қашықтағы сымсыз байланыс саласындағы алғашқы ойыншылардың бірінің компанияның сымсыз қалта телефонын іске асыруға жақын екені туралы мәлімдемесіне жауап болды. Бұл туралы 1919 жылы жарияланған жаңалықтар:

Лондон, 2 наурыз. Сымсыз телефонның жаңа түрі болжағаннан да үлкен жетістікке жетті: бірнеше аптадан кейін Лондон мен Нью-Йорк арасында сөйлесуге болады. Сонымен қатар, Marconi компаниясынан келесі жылдың басында Лондон мен Нью-Йорк арасында тұрақты коммерциялық сымсыз телефон қызметін құру күтіледі — бұл туралы компанияның басқарушы директоры Годфри К. Айзекс Daily Mail тілшісіне берген мәлімдемесінде айтқан. Сонымен қатар Айзекс мырза сымсыз қалта телефонының ерте пайда болатынын болжап, жақын арада бұл телефондар күнделікті қолданыста болады деген ойға келді.

Осылайша, фактчекерлер 1919 жылы шынымен-ақ ұялы телефондар туралы комикс басылып шыққанын растады.

Factcheck.kz