Желіде “дурианды басқа тағамдармен араластырып жеген адам денсаулығына зиян” деген ақпарат тарады. Әлеуметтік желіде бұл туралы материалдар миллионнан астам рет қаралды. AFP деректі тексерді.
“Дурианнан кейін жеуге болмайтын төрт тағам”, — делінген 2024 жылғы 8 шілдеде Instagram-ға малай тілінде жарияланған роликте. Видео 2 миллионнан астам рет қаралды.
“Дурианды Coca-Cola сияқты газдалған сусындармен жеуге болмайды; кофеин бар сусындар жүрекке зиян”, — дейді ақ зертханалық халат киген адам.
Оның сөзінше, адам дурианды сүтпен бірге жесе, қан қысымы көтеріледі. Ал баклажанмен жесе, дене қызуын көтереді-міс.
Бұл ақпарат Малайзияда дуриан пісіп, жергілікті тұрғындар мен туристер оны көптеп жейтін кезде тарады.
Алайда бұл ақпаратқа негіз жоқ.
«Айтылып жатқан бұл қауіп пен ескертудің бәрі – миф», – деді Universiti Technology Malaysia MARA жанындағы Атта-Ур-Рахман табиғи өнімдерді зерттеу институтының директоры Фатима Салим.
Оның айтуынша, дурианды қалыпты мөлшерде жесе, адам ағзасына қауіп төнбейді. Дегенмен ол бүйрек ауруы, жоғары қан қысымы және қант диабеті сияқты созылмалы аурулары бар адамдарға дурианды көп жемеуге кеңес береді, өйткені оның құрамында калий көп. Ал бұл жүрек бұлшықетінің жиырылуына әсер етуі мүмкін.
«Дуриан құрамында қандағы қант деңгейін жоғарылататын сахароза мен глюкозада да көп», – деді ол.
Малайзияның Путра университетінің тағам ғылымдары факультетінің қызметкері Мохд Сабри Пак Дек те дурианға қатысты тараған ақпарат дәлелденбеген екенін айтты.