Шілде айының басында Алматыда тағы да қатты жаңбыр жауды. Соның салдарынан жол бойын су алып, төменгі аудандар су тасқынынан зардап шекті. Оңтүстік астана тұрғындарының бұған үйреніп қалғаны сонша, Алматыны «екінші Венеция» деген ойды жиі естуге болады. Алайда, бұл ауа-райына байланысты емес, сапасыз абаттандыруға, арық жүйесіне байланысты.
Бірақ арық желісін тазалауға, жөндеуге және күтіп ұстауға бюджеттен қыруар қаржы бөлінеді. Factcheck.kz редакциясы Алматының бір ауданын мысалға алып, осы жұмыстарға тұрғындардың қалтасынан қанша ақша кететінін тексерді.
Арықтарды ауыстыруға бөлінген 106 млн теңге
9 шілдеде Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік сатыпалым сайтында су тасқыны болмау үшін, арықтарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу туралы хабарландыру жариялады. Оған 106 658 035 теңге бөлінді. Материал жазылып жатқан кезде тендерге өтінім қабылдаудың соңғы күні 25 шілде деп белгіленген.
Бір қызығы, тендер сипаттамасында авторлар ең негізгісі – арықтың санын немесе қалпына келтіру керек қашықты жазбаған. Оның орнына техникалық ерекшелікте жөндеу аймағының бойында жоспарланған қосымша жұмыстарды жазған.
Атап айтқанда, әңгіме жөнделген аумақтың айналасына асфальт төсеу, 760 шаршы метр газон төсеу, 14 орындық пен қоқыс жәшігін орнату, 40 түп ағаш пен бұта отырғызу, сондай-ақ жарықтандыруды орнату үшін 730 метр кабель тарту жұмыстары жүргізу туралы болып отыр. Барлық жұмыстар 2024 жылғы 30 қарашаға дейін аяқталуы керек.
Хабарландыру авторлары жөндейтін арықтың санын әдейі көрсетпеген деп болжауға болады, өйткені бұл жүйені күтіп ұстауға аудан басшылығы қомақты қаржы жұмсайды. Биыл Алатау ауданының әкімдігімен жалпы құны 799 803 722 теңгеге тиісті қызмет көрсетуге үш келісімшарт жасалған. Барлық келісімшарт бойынша жеткізуші «Жақсылық мүгедектер қоғамы» ҚБ болды.
Бірінші келісім-шарт 29 сәуірде 389 500 000 теңгеге жасалған. Онда жалпы ұзындығы 137 шақырым арықты тазалау жайы сөз болды. Шарт бойынша жауын-шашын жүйесін, нөсер құдығын тазалау және қоқыс пен лайды шығару кіреді. Оның үстіне қатты жауын-шашыннан кейін жұмыс күндіз де, түнде де жүргізілуі керек.
Екінші келісім-шартта дәл осы күні 379 500 000 теңгеге жасалды, бірақ бұл жерде 88 шақырым арық желісін тазалау туралы жазылған. Келісім-шарттар бір күнде жасалғанына қоса, екеуі де 2026 жылдың аяғына дейін жарамды болады.
Үшінші келісім ертерек, яғни 15 қаңтарда 61 400 000 теңгеге жасалған, бірақ іс жүзінде жеткізушіге 30 803 722 теңге ғана төленген. Бұл жерде ұзындығы 137 шақырым су бұру жүйесіне де жөндеу жұмыстары жүргізу туралы айтылып отыр, бірақ жұмыс 29 ақпанда тоқтап қалған.
Бұрын қалай еді
Нақтылай кетсек, өткен жылдары аудан басшылығы арық желілерін тазалауға қыруар қаржы жұмсаған. Мәселен, 2023 жылы әкімдік те дәл осындай Мүгедектер қоғамымен үш бірдей шарт жасаған.
Бірінші келісім-шарт 27 ақпанда 75 000 000 теңгеге жасалған. Екіншісі 2 наурызда 107 500 000 теңгеге қол қойылған. Ал үшіншісі 6 желтоқсанда 32 000 000 теңгеге жасалды. Мәселен, 2023 жылы Алатау ауданының әкімдігі арықтарды тазалауға 214 500 000 теңге жұмсаған.
2022 жылы мекеме бес келісім-шартқа отырды, барлығы да Мүгедектер қоғамымен жасалған. 14 наурызда әкімдік бірнеше минут ішінде бірден екі келісім-шартқа қол қойды: 84 919 017 теңгеге және 61 965 802 теңгеге. Содан 17 мамырда тапсырыс беруші мен жеткізуші 12 950 000 теңгеге тағы бір келісім-шартқа отырды. Ал жыл соңында 29 желтоқсанда тағы екі келісім шарт жасалды: біреуі 120 919 017 теңгеге, екіншісі 91 965 802 теңгеге. Оның үстіне соңғы екі келісімшарт екі айға ғана есептелген. Басқарма 2022 жылы бір мекемеге 372 674 638 теңге төлеген екен.
2021 жылы әкімдік арықты тазалау бойынша үш келісім-шартқа отырды, бірақ ол кезде жеткізуші – «”МЕЙІРІМДІ ЕЛ” мүгедектер қоғамы» деген басқа ұйым болды. Бұл ұйыммен алғашқы келісім 2 ақпанда жасалған. Бастапқыда шарттың құны 110 631 301 теңге болса, іс жүзінде жеткізушіге 121 228 486 теңге төленген. Басқарма 13 тамызда 34 516 000 теңгеге екінші құжатқа, 31 желтоқсанда 123 309 872 теңгеге үшінші құжатқа қол қойды. Осылайша, арықты тазалауға қазынадан 268 457 173 теңге жұмсалған.
Сонымен қатар, сол 2021 жылы әкімдік «НиКонстрой» ЖШС-мен арық желісін жөндеуге екі келісім-шарт жасасқан. Мәміленің бірінші бөлігінде Ақбұлақ ықшамауданы, Момышұлы көшесінің бойындағы және Индустриалды аймақтағы жөндеу жұмыстарына 79 507 284 теңге қарастырылған. «Ұлжан», «Дархан», «Шаңырақ-1» және «Әйгерім-1» шағынаудандарындағы су бұру каналдарын жөндеуге жеткізушіге тағы 64 314 662 теңге төленді.
Аудан басшылығы 2021 жылы арықтарды жөндеуге қосымша 143 821 946 теңге жұмсаған екен. Осы ретте, үш жылдан кейін арықтарды қайта қалпына келтіру қажет болса, жөндеу жұмысы қаншалықты жақсы жасалды деген сұрақ туындайды.
Алматыны қалай су алады
Қала билігі жыл сайын тек арықтарды тазалау үшін жүздеген миллион теңге жұмсағанымен, жағдай оңалмай отыр. Әлеуметтік желі қолданушылары Алматыны «екінші Венеция» деп атайды, себебі қаланың кейбір аудандары жауын-шашыннан кейін су астында қалады.
Әсіресе, Алатау ауданы кіретін, шөгінді сулардың барлығы ағып жатқан қаланың төменгі аудандары үшін қиын. Жергілікті тұрғындар үшін су басқан көшелер жайсыздықпен қоса олардың үйлері мен басқа да мүлкіне өте қауіпті.
Orda.kz жазғандай, биыл көктемде Көкқайнар ықшамауданының (Алатау ауданында орналасқан) тұрғындары екі рет су астында қалды. Себеп, жеке үйлердің арасынан Боралдай өзені ағып жатыр. Жауын-шашын салдарынан су деңгейі көтеріліп, үйлерді су ала бастайды. Жолдағы суағар жүйенің мұндай су ағынына төтеп бере алмайтындығы жағдайды қиындатып отыр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, былтыр екі-үш үй ғана зардап шеккен, ал биыл оның саны 11-ге жеткен. Алайда, тұрғындар ол үшін өтемақы ала алмай отыр.
Объективтілік үшін Алматы әкімдігі құрылыс жұмыстарын жүргізіп, арықтарын жаңарту арқылы жағдайды түзетпек болғанын нақтылай кетейік. Мәселен, 2022-2023 жылдары билік суағар жүйені ауқымды реконструкциялауды қолға алды. Барлығы 417 көшедегі жалпы ұзындығы 376 шақырым арық желісін жөндеу жоспарланған-ды. Алайда журналистер 2024 жылғы мамырға дейін жарияланған ауқымның тек 118,5 шақырымы ғана жөнделгенін жазды.
Сондай-ақ, қала әкімдігінің баспасөз қызметі қалалық коммуналдық қызметтердің арық жүйесін қоқыс пен лайдан қалай тазартып жатқаны туралы кадрларды тұрақты түрде жариялап отырады. Бұл әсіресе шілде айының басындағы соңғы жаңбырдан кейін тіпті үдеп кетті, бұл кезде қаланың кейбір аудандары қайтадан су астында қалды (мысалдар мында және мына жерде).
Осының барлығы тапсырыс беруші әкімдіктің де, арықтарды күтіп ұстауға және жөндеу жұмыстарын жасауға жауапты мердігерлердің де құзыретіне қатысты сұрақтар туғызады.