«Африкадан да жаман»: империялық штамптарды неге қайталаймыз?

Экономика не әлеуметтік даму туралы жаңалық оқыған кезде, «Африкадан да жаман» деген сөз тіркесін қаншалық жиі кездестіресіз? «Ешқашан» деп жауап берсеңіз, бұл сөз тіркесін іздеу жүйесіне енгізіп көруді ұсынамыз. Сонда қандай да бір отандық көрсеткішті Африка елдерімен салыстырған қазақстандық және шетелдік БАҚ (1, 2, 3, 4, 5) материалдарын кездестіруіңіз ықтимал. Көбіне мұндай материалдарда Африка одан кем түсуге болмайтын ең төменгі көрсеткіш ретінде алынады.

Мысалы, Tengrinews.kz жаңалықтар порталындағы бір видеода Қазақстан жолдары «Кения мен Танзаниядан кем түсетіні», ал Atameken Business телеарнасының сюжетінде Африканы дамымаған мемлекеттердің жиынтық образы ретінде айтып, ештеңені нақтыламайды. Континентті көбіне монолитті қабылдайды.

Factcheck.kz редакциясы қандай салыстырулардың кем дегенде бейэтика екенін, ал қайсысының манипулятив және бейтарап емес екенін қарастырып көрді.

Кең ұғым

Африка – 50-ден астам тәуелсіз мемлекет орналасқан аймақ. Африка мәдениеттерінің табиғатын жалпылаудың кез келген амалы оларды бірдей көретін жалған қорытындыға алып келуі мүмкін. Континенттегі әр бөлек мемлекет өз дәстүрі, сенімі, тарихы, мифологиясы мен тілі бар бір-біріне ұқсамайтын әртүрлі этникалық топтардан тұрады.

Осылайша, мысалы, Харвард университетінің Африка тілдерін зерттеу бағдарламасына сәйкес, африка әлемдегі тілдердің үштен бірінің отаны саналады. Континент жерінде жалпы 5 үлкен тіл отбасына бөлінетін 1 000-2 000 тіл бар. 1 миллионға жуық адам соның 75-інде сөйлейді. Қалғандарын жүздеген адамнан бірнеше жүз мың адамға дейін біледі.

Азия, Еуропа немесе Американың біртекті болмайтыны секілді, мұндай үлкен аймақтың экономика мен саясат тұрғысынан алғанда да бірдей болуы мүмкін емес.

Экономикалық көрсеткіштер

Дүниежүзілік банктің деректер базасына кіріп, Африка елдерінің ЖІӨ көрсеткіштеріне қарасақ, олардың бір-бірімен қиылыспайтынын және бір-бірінен кең диапазонда шашырап жатқанын көруге болады.

Төменде кездейсоқ түрде таңдап алған Африканың әр аймақтағы 15 республикасы қамтылған инфографика тұр. Объективтілік үшін келесі графикаларда соған ұқсас тізім қолданылады.

«Африкадан да жаман»: империялық штамптарды неге қайталаймыз?
Кейбір Африка елдерінің ЖІӨ

Мысалы, ОАФ ЖІӨ 2021 жылы 419 млрд доллар болса, Алжирде бұл көрсеткіш 163 млрд, Анголада 67 млрд, Намибияда 12 млрд доллар болған. Ал Қазақстанның ЖІӨ сол жылы 197 млрд доллар болды, бұл ОАР мен Нигерия көрсеткіштерінен аз және Алжирдікіне қарағанда көп. ЖІӨ жан басына шаққандағы көрсеткіштерінде де осыған ұқсас айырмашылықтар байқалады.

«Африкадан да жаман»: империялық штамптарды неге қайталаймыз?
Кейбір Африка елдерінің жан басына шаққандағы ЖІӨ

Африка елдерінің 1990-2021 жылдардағы ЖІӨ өсім динамикасына қарасақ та, соған ұқсас көрініс байқалады. Көрсеткіштердің бәрі әртүрлі.

«Африкадан да жаман»: империялық штамптарды неге қайталаймыз?

Африка елдері мен Қазақстанның ІЖӨ өсім динамикасы:

«Африкадан да жаман»: империялық штамптарды неге қайталаймыз?
Африка елдері мен Қазақстанның ЖІӨ өсім динамикасы

Африка елдерінің 1990-2021 жылдардағы инфляция деңгейі:

«Африкадан да жаман»: империялық штамптарды неге қайталаймыз?
Африка елдерінің 30 жылдағы инфляция көрсеткіші

Біз таңдап алған елдердегі инфляцияның ең жоғары деңгейі Суданда тіркелген. Ол 235,5%-ке тең. Анголада мұндай көрсеткіш 33,6%, Алжирде — 15,7%, Намибияда — 1,7%, ОАР — 6,2% болған. Ресми деректер бойынша, Қазақстандағы инфляция деңгейі 2021 жылы 8,4% болған.

Бір қызығы, әзіл-қалжың нысанына айналған Зимбабве инфляциясы кейінгі жылдары төмендеген. 2020 жылы ол 557%, ал 2021 жылы 98.5% болған.

Сондықтан, Кения секілді мемлекеттер экономика мен география мүмкіндік берсе, жолды Қазақстаннан да жақсы сала алады. 2021 жылғы жағдай бойынша, Кенияның ЖІӨ 110 млрд доллар болған. Көрсеткіш 20 жыл бойы үздіксіз өсіп келеді.

  • «Африкадан да жаман»: империялық штамптарды неге қайталаймыз?
  • «Африкадан да жаман»: империялық штамптарды неге қайталаймыз?
  • «Африкадан да жаман»: империялық штамптарды неге қайталаймыз?
  • «Африкадан да жаман»: империялық штамптарды неге қайталаймыз?

Адам потенциалының даму индексі

Қоғамның даму деңгейінің ең маңызды көрсеткіштерінің бірі – БҰҰ Даму бағдарламасының адам даму индексі. Ол үш негізгі көрсеткішті (өмір сүру ұзақтығы, білім алу қолжетімділігі және өмір сүру сапасы) біріктіріп, 0 мен 1 аралығындағы бір санды шығаруымен пайдалы. Қазақстан 0,811 индексімен адам дамуы жоғары мемлекеттер қатарына жатады.

Осы материал үшін біз таңдаған 15 мемлекеттің үшеуі адам даму жоғары мемлекеттер қатарына жатады (Алжир, Тунис, ОАР), ал төртеуі – орташа деңгейде  (Намибия, Ангола, Кения, Замбия), сегізі – төмен деңгейде (Орталық Африка Республикасы, КДР, Эритрея, Либерия, Мали, Мозамбик, Нигерия және Судан).

Интернет қолдану деңгейі

Негізгі экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштерден бөлек, біз технологиялардың, мысалы, интернет байланыстың даму деңгейін салыстырдық. Мұнда басқа графикалардағыдай, интернеттің қолжетімділігі әр мемлекетте әртүрлі екенін көруге болады.

«Африкадан да жаман»: империялық штамптарды неге қайталаймыз?

Мысалы, Тунисте интернет қолданатындар жалпы халықтың 79%-іне жеткен. ОАР — 72,3%, Намибия — 53%, Орталық Африка Республикасы — 10,6%. Қазақстанда бұл көрсеткіш 91%.

Жаһандық бостандық рейтиңде

Freedom House құқық қорғау ұйымы жыл сайын дайындайтын Жаһандық бостандық индексіне келсек, ол да континенттегі мемлекеттер арасында үлкен айырмашылық барын көрсетеді. Африканың 20 мемлекеті бұл рейтиңде Қазақстаннан жоғары тұрғанын айта кеткен жөн.

«Африкадан да жаман»: империялық штамптарды неге қайталаймыз?

Freedom House әдістемесіне келсек, еркін елдер саналатын мемлекеттер жасыл түспен, ішінара еркін елдер сарымен, бостандық көрсеткіші төмен елдер күлгін түспен белгіленген. Қазақстан 2023 жылы күлгін түс қатарында тұр. Рейтинг 100 баллдан 23 балл жинаған.

Ал Ганада бұл көрсеткіш 100-ден 80 баллды алды. Одан кейін ОАФ – 79 балл, Намибияда – 77 балл, Ботсвана – 72 балл. Жасыл түсті тізімді 66 баллмен Лесото түйіндеп тұр.

Африка (және басқа) мемлекеттерге мұндай қатынас қайдан шықты?

Мұндай көзқарас еуроцентризмнен (немесе еуропоцентризмнен) және колониалды ойлаудан бастау алған сияқты.  Евроцентризм – Еуропаны әлем тарихының негізгі қозғаушы күші және архитекторы, әмбебам құндылықтар мен сана иесі, прогресс пен даму шыңы санайтын ұстанымдар жиынтығы. Идеологияға сәйкес, Еуропа басымдығы өмір сапасының жоғары болуымен, мемлекеттерінің экономикалық, саяси және технологиялық жетістіктерімен түсіндіріледі.

Іс жүзінде еуроцентризм — колониалды және империялық нарративтен дамыған пікір. Бұл ұстаным деколонизация процесі басталған екінші дүниежүзілік соғыстан кейін сынға ұшырай бастады.

Екінші дүниежүзілік соғыстан бері біршама уақыт өткеніне қарамастан, адамдардың көбі еуроцентризмді жоққа шығарады. Адамзат Батыс әлемінің прогрессі мен проблемаларына көбірек назар аударып, Азия, Африка немесе Латын Америка елдерінде не болып жатқанына қызығушылық таныта қоймайды.Мұндай модель ескі саналса да, адамдардың бір бөлігі бірінші, екінші және үшінші әлем деп бөлетініне не дерсіз.

Постколониалды теория 60 жыл бұрын дами бастаса да, посткеңестік постколониалды ғылым әлі де зерттелмеген. Бұл осы аймақтағы мемлекеттер тәуелсіздігін салыстырмалы түрде кеш – небәрі отыз жыл бұрын алғандықтар болар және әлеуметтік институттар енді дамып жатыр.

Яғни, салыстыруға болмай ма? Дұрыс салыстыруға болады. Мемлекеттерді әртүрлі параметрі бойынша категорияға бөліп, белгілі бір мемлекеттерді бір аспекті бойынша салыстыруға болады. Біз айтып отырған проблема радикал жалпылауларда, тұтас континенттің бірдей саяси және экономикалық құрылымы бар біртекті жер ретінде көруде және Африка елдері туралы жаңалықтарда жиі айтылатын стереотиптер мен негатив коннотацияда болып тұр.

Контекст

1945 жылы Екінші дүниедүзілік соғыс аяқталғанда, Африканың әр мемлекеті колониалды басқаруда болды. Алайда 1960 жылдары Африканың 17 мемлекеті ондаған жыл бойғы Еуропа колонизациясынан кейін тәуелсіздігін қалпына келтірді. Сол жыл әлем тарихында Африка жылы деген атпен қалды. Қазіргі таңда континент жерінде 50-ден астам тәуелсіз мемлекет бар.

Factcheck.kz