Телеарналар мен танымал тұлғалар вакцинацияны насихаттайтын болады

Денсаулық сақтау министрлігі фейкке қарсы күресуге және вакцинацияны насихаттау үшін барлық телеарналар мен танымал тұлғаларды тартпақшы. Бұл туралы Orda.kz сайты хабарлады.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп, халық арасында вакцинациялаудың маңыздылығы туралы және фейкке қарсы ауқымды ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Арнайы медиа жоспар іске асырылып жатыр. Бұл үшін ақпараттық ресурстардың, оның ішінде әлеуметтік желі мен мессенджерлердің барлық әлеуеті жұмылдырылады.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысындағы мәлімдемесінен.

Цой, сонымен қатар, фейк ақпаратқа қарсы күресу үшін барлық телеарналар мен танымал тұлғаларды тартылатынын хабарлады.

Вакцинацияның маңыздылығына баса назар аудара отырып, барлық телеарналар мен баспа құралдарын тарту, позитивті мысалдарды көрсету, фейкпен күресіп, сенімді ақпаратты жариялау үшін пікір жетекшілерін, сарапшылар мен БАҚ-ты тарту жоспарланып отыр

Алексей Цой

Контекст

6 сәуір күнгі ақпарат бойынша, Қазақстанда 266 816 адамға коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде бір дозасы салынған. Сәуір айында вакцинаның тағы 2 млн дозасы аймақтар мен республикалық маңызы бар қалаларға жеткізіледі. Бұл халықтың 23,4 пайызын вакциналауға мүмкіндік береді.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz