Рим Папасы COVID-19 жұқтырды деген фейк қалай тарады?

Наурыздың басында бұқаралық ақпарат құралдары Рим Папасы коронавирус жұқтырды деген ақпарат таратты. Одан бөлек, бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтыны да айтылып жатты. Назарларыңызға фейктің қалай тарағанын және мұндай жағдайда қандай құралдарды қолданып, ақпараттың рас-өтірігін қалай тексеруге болатынын ұсынамыз.

Фейк ақпараттың тарауына не түрткі болды?

COVID-19 тарала бастаған уақытта Италияда Рим Папасы тұмау және жөтел ауруымен ауырғаны белгілі болды. Бұл ақпарат 26 ақпанда шіркеуде құлшылық ететін адамдармен кездескеннен кейін тарады.

Ватиканның ресми хабарламасында Рим Папасына салқын тигені айтылды. Кейін Mcmnt.com сайтында Франциск короновируспен ауырып жатыр деген ақпарат жарияланды. Материалда: Ватикан Рим Папасында короновирус белгілері бар екенін растады, – деп жазылды.

Бұл ақпарат әлеуметтік желі мен Youtube желісінде тез бөлісіле бастады. Ескеретін жайт, жаңалық тез тарағанымен де, Ватиканның ресми сайтына сілтеме болмады. Тек 1 наурызда Рим Папасы месте жиналғанда ғана ақпарат жарияланды. Ватикан Францискке короновирус жұқты деген ақпаратты жоққа шығарылды.

Жалған ақпаратты таратқан қандай сайт екенін АҚШ пен Еуропадағы әріптестеріміз толықтай анықтап шықты. Сіздерге ақпаратты қалай тексеруге болатынын қысқаша талдап көрсетейік.

Mcmnt.com деген қандай сайт?

Егер мұқият қарасаңыз материалдарды жариялау уақыты Mcmnt.com сайтында көрсетілмеген. Бұл Синди Отистың (ОББ-ның бұрынғы аналитигі) назарына іліккен болатын. Бірақ жаңалықтың қай уақытта жарияланғанын басқа дереккөз (жаңалық жарияланған уақытын анықтайтын сайт) арқылы білуге болады.

Mcmnt мысалында сайтты талдау алгоритмі

Research.domaintools.com дерегінше домен жайлы қандай ақпарат бар:

  • Mcmnt.com сайтында 16 жазба бар.
  • Ең ескісі 4 жыл бұрын жарияланған.
  • Кем дегенде 16 маңызды өзгеріс бар.
  • Жазбалардың 68% -ы домен атауының иесі туралы мәліметтерді жариялайды; қалғаны құпиялылық қызметін немесе прокси-серверді қолданады.
  • Whois.domaintools.com дерегінше, сайт белсенділігін 2020 жылдың 26 ақпанында, яғни, Рим Папасы туралы ақпарат тарауымен қайта бастаған.
  • Домен бір жылға тіркелген (02/26/2021дейін).

Біз жайлы” деген бөлім бар ма?

Сайт жайлы толық ақпарат жоқ. Одан бөлек бұндай бөлімнің болмауы сайтқа деген сенімсіздікті арттырады.

Сайтта қанша материал бар?

Егер бет саны өте көп болмаса өзіңіз санап та тексеруге болады, немесе, робот индекстеген сайт парақтарының санын санап беретін pr-cy.ru құралын пайдалану арқылы көруге болады. Бұл сайтта барлығы 30 материал жарияланып, ешбірінде автордың аты-жөні көрсетілмеген.

Мақала қай тілде жазылды?

Материал Google Translate көмегімен аударылғандай күдік тудырды.

Ақпаратты кім таратты?

Негізі бұл ақпаратты көбіне Facebook арқылы және басқа да желілер арқылы тарады. Одан бөлек, орыс тілінде life.ru секілді “сары басылымдарда” жариялады.

Әлеуметтік желілерде ақпараттың таралуын Сrowdtangle.com қызметін пайдаланып қарауға болады. Осы талдауды пайдаланып, сіз фейктің қалай және кім таратқанын көре аласыз. Сонымен қатар, бұл жалған ақпараттың тарауына, QAnon жалған желісі қолданылды.

Рим Папасының қазіргі жағдайы қандай?

Рим папасы Францисктың бойынан коронавирус анықталмады, – деп Италияның Il Messaggero газеті Ватиканның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады. Ол салқын тиіп ауырғандықтан бірнеше ресми іс-шараны өткізбеуді ұйғарған.

8 наурызда Рим Папасы жексенбі ғибадатын тікелей эфирде оқыды. Тікелей эфирде осылай құлшылық қылуға, короновирус тарау қауіпіне байланысты қабылданғанын Ватикан баспасөз қызметі растады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz